Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дискурс

зін сырт қалдырмау қажеттігін, онсыз танымның толық емес, біржақтылығын айтады. Түсінуді, ұғынуды етене ену және өзіңді басқаның орнына қою (яғни өз орныңды жоғалту) деп қана қарастыру жөнсіз. Ұғыну үшін мағыналық артықшылық қажет, ал оған біз тек «өзіміздің дара, бірегей» орнымызда тұрғанда ғана, өз орнымызды жоғалтпағанда ғана ие боламыз.
М. Бахтиннің бір қарағанда жүйесіздеу, үзікті паратермино-логияға сүйенген философиясының өзіндік қисыны бар, әр түрлі мағыналық топтарды біріктіретін ортақ идеясы бар. Оны жалпылай келе мәдениет әлеміндегі адамның сұхбаттық болмысы деуге болады.
«Басқаның» абсолютті қажеттілігін мақсат тұтатын диалог адам санасының болмыстық қасиетінен туындайды. «Басқаны» ақыл-ой өзінің үғымдары арқылы толығымен қамти алмайды, ол дәстүрлі мағынадағы философиялық категория да емес, абстракция да емес, өмірдің өзінен о баста орын алған, өмірдің негізінде жатқан «Менің» сүйемелім, егіз сыңарым.
Адам ешқашан біртұтастықты өз басынан ғана таба алмайды. Мәселе мүнда біреудің біреуден тәуелділігінде емес, мәселе адамның амбивалентті, бинарлы болмысында. Адам әрқашан басқалармен қарым-қатынаста болғысы келеді, өзінің жалғыз-дығынан шошиды, олай болса, жеке адам, жалғыз басты адам өз-өзіне жеткіліксіз. Сол жетіспеушіліктің, жоқтың орнын толтыру үшін басқа адам керек. «Мен басқаларға тығыламын, басқалар үшін басқа болуға тырысамын, басқалардың өлеміне басқа ретінде кіремін, сөйтіп өзімнің өмірдегі жалғыздығымның ауыртпалығынан кетуді қалаймын». {Бахтин М. Эстетика словесного творчества. — С. 371). Бірақ, мен түгелдей дерлік өзімді, өз орнымды жоғалтпаймын. Өйткені, «менің қазіргі тұрған бұл дүниедегі жалғыз нүктемде осы болмыстың осы кеңістігінде менен басқа ешкім орналаса алмайды. Менің істейтін ісімді бұл дүниеде менен басқа ешкім жасамайды».

12
скачать работу

Дискурс

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ