Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Домбыра, дамуы, жанрлары

sp;  Қазіргі кезде бұл мектептің ізін жалғастырып жүрген азаматтар ретінде  - Секен Тұрысбеков, Мұрат Әбуғазин, Мұқаш Таңғыт, Еркін Ерген, Ертай  Барлықов, Әсет Дәненов, Анар Кітапова сияқты дарынды күйшілерді атай аламыз.

        Шығыс күйшілік мектебін алғаш зерттеген - Уәли Бекенов. Ол «Күй  табиғаты», «Шертпе күй шеберлері» атты кітаптар жазып шығыстық күй  мектебінің ерекшеліктерін ашып көрсетті. Осындай абыройлы еңбек - жазушы Мұхтар Мағауинге де тиесілі. Ол Байжігіт мұрасын ұлттық  қазынамыз ретінде алғаш таныған, күйлерінің жарық көруіне көп септігі  тиген адам. Шығыс күйшілігіне арнайы ғылыми талдау жасаған – музыкатанушы Пернебек Шегебаев. Оның мақалаларында домбыра  күйлерімен қатар сыбызғы күйлері де тарихи дамуы мен құрылымы жағынан   жан - жақты зерттелген. Шығыс Қазақстандық күй мектебі туралы этнограф ғалым - Ақселеу Сейдімбек  өзінің «Қазақтың күй өнері» монографиясында   қазіргі кәсіби күйшілікке әдістемелік бағдар бере алатын терең талдаулар жазды.

       Қазіргі кәсіби оқыту тәжірибесінде шығыс күйлері сирек орындалады,  бұл оның әлі тыңғылықты зерттеуді керек ететінін көрсетеді, күйлер ішінара  (У.Бекенов, Б.Ысқақов, М.Әбуғазин) нотаға түсірілгенмен орындаушылық  мәдениетінің ашылуы толық тізгін бере қойған жоқ. Нағыз орындаушылар өз  дәуірінде өнерлерін елге ұсынып, тұзы таусылған соң бірінің артынан бірі кетіп жатыр. Олардың көнеден қалған шертпелік мектебі кейінгі ұрпаққа  толық жалғасып отыр деп айту қиын. 

        Алтай күйлерінің өзге мектептерден бөлектігі күйдің сыбызғы мен  домбырада қатар орындалатыны. Домбырадағы күйлердің бәрі дерлік  сыбызғыда тартыла береді, және ол тақырыбы жағынан да бұзыла қоймайды.  Осы дәстүрдің жалғасуын бүгінде шертпе күйдің шебері - С.Тұрысбековтің  «Балауса» күйінен көре аламыз. Сазгер бұл шығармасын домбыра мен  сыбызғыға тел шығарған. Сыбызғы күйлерін жинақтаушы, кәсіби сыбызғы мектебінің тұңғыш ұстазы - Т.Мұқышев Байөлке күйлерінің ноталық жазбаларын кітапқа кіргізді, онда атақты Кәлек сыбызғышының күйді екі  аспапта қатар тартатын шеберлігі айтылады. Бұл Алтай күй мектебінің  байырғы мәдениетке жататынын көрсетеді, жалпықазақтық күйшіліктің жерұйығы – Алтай екендігінің бұлтартпас айғағы.

 

 

АРҚА  КҮЙШІЛІК  МЕКТЕБІ

        

      Арқаның күйшілік мектебі - шертпе мәдениетінің алтын қазығы деуге  тұрарлық үлкен мектеп. Себебі, Арқа иісі қазақтың тарихи ортақ мекеніне  айналған, үш жүздің еншісі бөлінбегенін айғақтап тұрған қасиетті Ұлытау да осында. Домбырасымен «Ақсақ құланды» толғаған күй атасы - Кетбұғы өмір  кешкен Жошы ұлысы да Арқа өңірінде дәурендегені шежіреден аян. Нелер  балбармақ домбырашылар өмір кешкен Сарыарқа жерінде күй дегенде  алдымен аузымызға абыз Кетбұғыдан бөлек керей батыры–Байжігіт,  арғынның аты аңызға айналған ақылманы – Тәттімбет сері түседі. Осылардың  ішінде Арқа мектебінің басында тұрған тұлға сөз жоқ, Тәттімбет екені  даусыз. 

          Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) өз заманында теңдесі жоқ өнерпаз  болды, ғұмыры келте болса да артына мол мұра қалдырды. Ең маңыздысы – жасампаз мектептің іргетасын қалап кетті, Тәттімбетше күй шалу үрдісі  осыдан кейін Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Итаяқ, Әбікен,  Аққыз, Мағауиялар арқылы дамып, шертпенің даңқы мұқым қазаққа үлгі  болды. Арқа күйлерінің музыкалық шығарма ретіндегі маңызды ерекшелігі - өзінше жеке мектеп бола тұра домбыра өнерінде дамыған барлық күйшілік  дәстүрді жатсынбауы. Жағырапиялық жағынан Шығыс пен Оңтүстік, Жетісу  мен Сырға аралас қонған қоңсылығы бұған септігін тигізгені ақиқат. 

 Арқа күйлері де ішінара мынадай орындаушылық мектептерге бөлінеді:

              Тоқырауын орындаушылық мектебі, өкілдері – Әшімтай  Қарымсақұлы, Манарбек Ержанов, Аққыз Ахметова, Сатан, Мұхсин,  Мағауия Хамзин, Жақсылық  Омашев, Қайрат Айтбаев.

              Ақсу-Аюлы орындаушылық мектебі, өкілдері – Итаяқ,  Қыздарбек, Мақаш, Сембек, Әбди, Әбікен, Бегімсал Орымбеков, Дәулетбек  Садуақасов, Орал Исатаев, Арман Қадірбек, Нұрғаным Жексенбаева.

                Жаңа арқа орындаушылық мектебі, өкілдері – Сайдалы сары  Тоқа, Дайрабай, Сейфолла (Сәкеннің  әкесі), Амантай Бозмағамбетұлы, Мұхит Битенов, Пазыл Тұтқабеков, Мейрам Ұлмағамбетов, Мұхаметжан  Тілеуханов, Ахат Байбосынов, Алпысбай Тұрсынбеков, Жанболат  Әбілдинов. Бұл аталған орындаушылық мектептердің күй шерту үлгісінде  анау айтқан айырмашылық болмағанмен күйдің ішкі интонациялық даму  табиғаты әртүрлі қалыпта. Бұл пікірді алғаш қозғап жүйелі зерттеу жүргізген   көрнекті ғалымымыз  -  Ақселеу Сейдімбек.

        Арқа күйлерінің басқа шертпе мектептеріне қарағанда саздық құрылымы мен музыкалық күрделілігі жағынан анағұрлым дамығаны айқын көрініп  тұрады. Алғаш арқа күйлеріне ғылыми баға беріп, ноталық жазбаларға  түсуіне ықпал еткен – академик А.Жұбанов. Қазақ тарихында тұңғыш  ұйымдасқан ұлт аспаптары оркестрінің репертуарына Тәттімбеттің  «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ» күйлері енгізілді. Арқа күйлерін  осы оркестр құрамына он төрт жасында келген талантты домбырашы - Рүстембек Омаров белсенді насихаттады, онымен бір ұжымда қызмет еткен  Жаппас Қаламбаев пен Мағауия Хамзин де Арқа шертпесінің үзіліп  қалмауына ересен еңбек еткенін айтуға тиіспіз. 

       Арқа күйлерінің нағыз түпнұсқа түрі Әбікен Хасенов арқылы жетті. Бұл мектептің ертеден дамыған киелі сарынын жаңа заманның ызғарына  қарамастан (Кеңес дәуірінде шертпе күй «феодализмнің сарқыншағы» деп  танылып, тартылуына қатаң тиым салынған, Арқаның талай күйшілері  сол зобалаңның кесірінен атылып та кеткен, бұл нәубетті Әбікен де бастан  кешті, Сәкен Сейфуллиннің арашасымен аман қалған болатын) келешектің  қолына ұстатқан дарынды күйші қазіргі күні Арқа ғана емес, жалпы шертпе  өнерінің шыңы болып саналады. Әбікен Хасенов Тәттімбетті түгел тартып,  Әбди, Сембек, Қыздарбек, Айдостардың да мұраларын арттағы ұрпаққа тастап кеткен саңлақ домбырашы. Нағыз балбармақ шебер домбырашы  Әбікен атамыз өз жанынан да күй шығарған, оның атышулы «Қоңыры» аспаптық музыкамыз тарихындағы теңдессіз туынды боп саналады. Оның  әндерді күйге бергісіз шертетіні де бөлек әңгіме, Жаяу Мұсаның «Ләйлім»  әнін ғажайып әсемдікпен орындап, оны күйтабаққа жазып қалдырғаны  белгілі.

       Арқа мектебінде орындаушылықтың үлкен екі арнасы бар, бірі қоңыр  шертпе болса, екіншісі қуатты желдірме күйлер. Осы жағынан қарағанда  желдірме күйлерді төкпеге еркін жатқызуға да болғандай, мысалы,  Дайрабайдың күйі Арқа мектебіне жатқанмен екпіні мен ырғағы жағынан  Атырау мектебінен алыстамайды, мұндай ерекшеліктерді Тоқаның  «Бозайғырынан» да аңғару қиын емес.

      Арқа мектебінің басқа мектептерден құрық бойы бір озықтығы  «Қосбасарлардың» сән құруында жатыр. Ел ішінде  «Қырық буын қосбасар»  аталатын күйлер жалпы аспаптық музыкамыздағы біртуар жанр деуге  ылайық қазына. Қосбасарлар әркезде әртүрлі жағдаяттарға байланысты  шыққан, негізінен мұңды, шерлі күйлер. Қосбасарлар тегінде күйді шығарған адам  атымен де аталады (Тоқаның «Қосбасары, Аққыздың «Қосбасары т.б.).  Тәттімбет өз қосбасарларына әртүрлі жағдаяттарға байланысты ат қойып  тартқаны тарихтан белгілі. 

      Арқа мектебінің дамуына Қазақстанның халық әртісі М.Хамзиннің көп  еңбег сіңгенін атап өткеніміз жөн. Ол шертпенің жаңаша тартылу үлгісін  жасады, ескі күйлердің жібін үзбей отырып, оның сахналық мәдениетінің  дамуын жетілдірді, осы салада өз жанынан да көптеген айшық әуезді шертпелер шығарды. 

      Арқа күйшілерінің шығармашылығын алғаш зерттеп, ноталық  жазбаларын  тиянақтаған – Уәли  Бекенов, оның «Шертпе күй шеберлері», «Күй табиғаты» атты кітаптары аса құнды ғылыми - әдістемелік еңбектер  болып табылады. Зерттеушінің өзі де Арқа күйлерін талдап тартатын  сұңғыла шертпеші ретінде қазақтың есінде аты қалды. Тәттімбет күйлерінің  жинағы 1988 жылы Е.Үсеновтың құрастыруымен тұңғыш рет жарыққа  шықты, 2005 жылы А.Тоқтаған мен М.Әбуғазинның редакциясымен  толықтырылып қайта басылды. Тәттімбет тәліміндегі күйлердің толық топтамасын Б.Ысқақов жазып шықты. Бұл еңбекте Тәттімбет күйлерімен  қатар оның мектебін құрайтын Арқа күйшілерінің бәрі қамтылған.

       Арқа күйлерін таза меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді.  Себебі, ұзақ жылдар бойы шертпенің насихаты болмады, оны оқыту ісі  жүйелі түрде жүргізілген емес, қазіргі музыка мектептерінен бастап  консерватория, академияға д

12345След.
скачать работу

Домбыра, дамуы, жанрлары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ