Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Домбыра философиясы

тұрған табиғат құбылыстары жаңа шығармалардың тууына әсер етпей тұра алмайды.
«…Қорқыт... дүниенi түгел шарлаған соң елiне қайтып келiп, желмаясын сойып, оның терiсiмен қобызының сыртын қаптайды. Құрғақ жерде тұрса бiр күнi ажал жетiп келер деген қауiппен бiр қырмызы масаты кiлемдi алып, Сырдарияның суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра берiптi. Қорқыт дүние кезгендегi арманын да, өлiмнен қашқан қайғысын да, өзi көрген жақсылық-жамандық жайларын да қобызында ойнаған ғажап сұлу күйлермен жеткiзiп баяндайды. Қорқыт күйлерiн бүкiл дүние, жан иесi түгел ұйып тыңдайды... Қорқыт Сырдарияның көз жасындай суына қарап отырып, қобызын күйлеп, «өлiм менi қанша қуса да мен оны бұл жереге келтiрмеспiн» деп қобызын үздiксiз тарта берiптi. Қорқыттың күңiренген күйлерiн балқып тыңдаған ажал да бұған жақын келе алмапты» Қорқыт туралы аңызда осылай баяндалады. Қорқыт тұжырымы музыка әлемiнiң құдiреттi күш екенiн танытады.
Үш әлемнiң байланысы адамға музыка үнiмен жетедi. Сол музыка арқылы берiлген жұмбақ әуендi тыңдап, оның түйiнiн шеше бiлген адамға нұр құйылады. Музыканы түсiнген адамдарды әуен әсемдендiрiп тазалайды. Ал музыканы түсiне бiлмегендер үшiн бұл беймәлiм құбылыс. Демек адамдар музыканы түсiнушi мен түсiнбеушiлер болып екiге бөлiнедi. Қазiргi музыканы түсiнбеушiлердiң үлес саны түсiнушiлерден артық. Оның басты себебi - ұлттық тәрбие мен бiлiмнiң салмағы рухани сипаттан материалдық пригматизмге ауып кетуiнен туындап отыр. Бiрiншi - өнер, екiншi - тiл, үшiншi - тарих, осы үшеуiн ұрпақ бойына дарыту әлi де үлкен күшпен келуде. Зийа ад-дин Нахшабиды тыңдаңыз: «Патша баласының ақыл-есiн тексеру үшiн ғұламалар оған музыка әуенiн тыңдатып, сынақтан өткiзедi: «Бала бесiгiнiң жанына тағы да бiрнеше бесiк қойылады. Бәрiнде де бала бар едi. Содан соң өнерпаздарға түрлiше күйлер тартқызады. Аспаптар да сан түрлi. Оның iшiнде тамбур, дутар, кеманша, барбитон, ребаб және қытай аспаптары да болды. Даңғыраның күндей шалқыған үнiнен соң, кеманшаның түндей қайғылы үнi естiледi». Сол үнге патша баласы ең бiрiншi болып елiктеп, оның тектi тұқымынан екенiн айқындайды» Зийа ад-дин Нахшаби. Мiне, көрiп отырғанымыздай, музыка арқылы баланың есi мен тектiлiгiн анықтайды. Бұл адам болмысында музыканың үлес салмағы өте жоғары екенiн танытады.
Музыканың бүкiл тiршiлiкке араласу себебi, ол үйлесiмдi әуен дыбысы. Ал дыбыс - табиғаттан туындаса, үш әлем арқылы нұрлы әуен адамға жетедi. Өнер адамдары үш әлем байланысының ықпалында болады. Өнер адамдары әуендi космос арқылы төбеден қабылдап, бойға құйып алады, өңделу арқылы сыртқа тебiренiп шығады, басқаларға жеткiзiледi. Үш әлемдi байланыстырып тұрған бәйтеректiң сан-салалы тамыры жер астында, ал оның жайқалған бұтағы жер үстiнде. Ағаш күндiз-түнi аспан және жермен байланыста болады. Аспан арқылы табиғат әуенiн бойына жинайды. Ағаштан дыбыс пайда болады, бүкiл аспап ағаштан жасалады. Музыкалық «күй» жанрының дамып, қалыптасу тегiнде бiр негiз бар. «Күй» деген сөздiң арғы тегi «көк» пен байланысты...ендеше күйдiң де көкпен, аспанмен байланысты болғанын көремiз. Көк пен су екеуi бiр кезде бiр ұғым болған. Бiрi - жоғарғы аспан, бiрi - төменгi аспан болып саналған.
Көне дәуiр ұғымында екеуi де космос. Музыканың алғашқы шығатын жерi адамның сыртқы табиғатымен байланысуы, астарлап араласуы, - деп Қ. Жұбанов музыканың аспан мағынасына жақындығын тағы да дәлелдеп өтедi. Махмуд Қашқари «Диуани лұғат» деген XI ғасырдан қалған кiтабында «ол көк» деген сөздi мысалға алып, оны «ән салып тұр» деп аударады. Демек «көк» сөзiнiң аспанмен байланысуы, аспаннан нәр алып, «күйге» айналуы, адамның көңiл күйiне әсер етуi, табиғатпен тiкелей араласуы - ғылымда және қоғамдық пiкiрде мойындалған тенденция. Табиғаттың бұзылуы, адамдардың бұзылуына әкелiп соғуда.
Домбырадан алшақтаған қазақ жұртында ұлттық құндылық жұтаң. Ұлттық құндылықтар жадағай жерде тiлi мен мәдениетi және жер байлығы талан-таражға түсiп, ыдырап, күйреуге келiп тiреледi. Ауру ұрпақ ойсыз, әлсiз, күшсiз болады. Домбыра әуенi арқылы тәрбиеленген ұрпақ күй сарынын ұғып, аңыз-әңгiме негiзiнде оның мазмұнын түсiне алады. -Бiздiң көктегi тәңiр - ер, ал жердегi Ұмай ана - әйел. Домбыраны оң қолға алып тартқан кезде үстiнгi iшек аспанмен тiлдессе, астынғы iшек жермен тiлдеседi. Екеуi бiрiгiп Тәңiр мен Ұмай ананың ұрпағындай нұрын шашып сиқырлы әуен тудырады. Оны ұрпақ деп бейнелеуге болады.
Безендiрген жер жүзiн тәңiрiм шебер, Мейiрбандық дүниеге нұрын төгер. Анамыздай жер иiп емiзгенде, Бейне әкеңдей үстiңе аспан төнер, - дейдi Абай. Ұлы ақынның космостан хабар алып отырғанын өлеңдерiнен ұғуға болады. Абай екi алып күштi тең ұстаған: бiрi - көк болса, екiншiсi - жер. Абай бәйтерек секiлдi аспан мен жерден тең дәрежеде нәр алып, шығармаларды туғызған.
Ғалым З. Ахметов Абайдың «Жазғытұры» атты өлеңiнде... жердi мейiрiмдi анаға, аспанды қамқор әкеге теңейдi. Жердi ана бейнесiне алып қарау - қазақ халқы ғана емес, басқа елдердiң де ой-санасына тән нәрсе. Аспанды әке бейнесiнде көрсету де жайдан-жай алына салмаған», - дейдi. Өмiрдiң өзi табиғатта жұп өмiр сүретiнi сияқты домбыраның екi iшегi де сағынысқан жарлар елесiн бередi. «Көкте «ұлы тәңiр-ие» жердегi әр түрлi заттарды билейдi, көк «иелермен» адам баласы тiлдеседi деп нанған» көк тәңiр жердiң иесi екенiн айтады С. Сейфуллин.
Демек өмiр сүрiп жүрген ерлi-зайыпты адамдардың да иесi еркек екенiн еске салады. «Қазақ тiлiнде «тәңiр» деп көктi, «теңiз» деп суды айтады. «Тәңiр» - көктегi су болса, «теңiз» - жердегi су. Басқаша айтқанда, аспанның өзi әуелде «су» деп түсiнiлген, оның «көк», «тәңiр» болып аталуы содан. Ал, жердегi су да түсi жағынан аспан, яғни тәңiр сияқты көк болғандықтан теңiз деп аталған...үш түрлi әлем аспан, жер, жер асты...» - дейдi профессор С. Қасқабасов. Жердегi судың аспан түстес болып келуi әкенiң мейiрiмдiлiк қасиетiнен туған. Адам баласы өмiр сүру үшiн оған қажеттi қорек керек. Ол - судың қасиетi. Ол Жер-Ана Ұмайдың сүтi. Ал одан пайда болған сылдыр, сыбдыр дыбыстар әуендердiң негiзiн құрайды. Судың дүрiлi, гүрiлi, күмбiрi, сыңғырлаған үнi күйге ұласып, асыл мұра көздерiне айналды. Судың өзi ер-ұрғашы болып өмiр сүредi. Судың қатты гүрiлдеген дауысы еркектiң қасиетi. Бiркелкi, жай, ерке қалыпта ағу ақылды ару қылығы iсi. Музыка әлемiнде де осы қасиеттер бар.
Үш әлем аспан, жер, жер асты байланысы туралы Шоқан былай айтады: «Аспанда ел бар. Ондағы адамдар белдiктi тамағынан тартады, бiз ортада, жер бетiнде тұрамыз, сондықтан белдiктi белiмiзге байлаймыз, ал, жердiң астындағы адамдар белдiгiн аяғына орайды, олардың өздерiнiң күнi, айы, жұлдыздары бар». Домбыра аспабында да үш құрылым бар: бас, мойын, шанақ болып келедi. Шанақ жер қойнына ұқсас. Ол өмiрден өткен бабалар үнi мен сөзiнiң қоймасы. Мойын арқылы белгiлi бiр сазға түседi. Бас iшек бұрауының сақшысы. Музыкалық әуендер мойыннан құралады, шанақтан шығады. Домбыраның басы - Аспан, Домбыраның мойны - Бәйтерек, Домбыраның шанағы - Жер. Үш әлем домбыра бойында да бар екен. Демек «бiз ортада, жер бетiнде тұрамыз» деуiнде негiз бар. Домбыраның мойны арқылы әуендер шашылады. Бәйтеректiң бұтақтары жайылып, өнiмiн шашады. Жер құнарын берiп тұрады.
Шанақ әуенiн шашып тұрады. Домбыраның басы ретiн қарап тұрады, аспан да өмiр ретiн қарап тұрады. Үш әлемдi байланыстырған «Бәйтерек», одан пайда болған «Домбыра», адам қажетiне жарап, байланысу арқылы тәрбие мен бiлiм көзiн ашуға ықпал еткен. Үш әлеммен байланысқан құдiрет иесi - домбыра өнерi ұлттық идеологияны дамыту үшiн де керек. Ұлттық идеологияда домбыра әуенiн ұстанбай, ұлттық құндылықтарды сақтап жалғастыру қиын болмақ. Жерден өскен ағаш адамға пайдасын (жемiс, жапырақ) бередi. Ал домбыра қоңыр әуен арқылы құлаққа енiп, ықпал етедi. Жерден өнген өнiмдер адам қорегiне қажет болса, домбырадан шыққан күй - адамның рухани жан азығы.
Демек, айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымды әуендерге айналдырып жеткiзетiн - домбыра аспабы. Егер, қоршаған айналаның дыбыстары түгел жойылатын болса, онда адамдардың өмiр сүру қабiлетiне нұқсан келген болар едi. Мысалы, қазiргi үлкен қалаларда құстардың табиғи сайрауының жоқтығы үлкен ой салады. «Қазақ халқы, мүмкiн, өмiрдi тек өнер ғана сәндендiредi, тек өнер ғана бiздi ерте қартаюдан сақтандырады...»деген түсiнiктiң қалыптасуының астарында бәлкiм осы қағида бар шығар дейдi Г. Потанин.
Мүмкiн бәйтерек негiзiнен әуен шығып, адамдарды елжiретiп, бойын балқытып, әсерлендiруiнiң арқасында түрлi өнердiң пайда болуына ықпал еткен болар. Өнер адамдарды бағындырып, табындыруға шамасы жетедi.
Аристотель: «Ырғақ пен әуенде әрқашан өмiр шындығы болады. Онда адамдардың қайраты мен көркемдiлiгi, ерлiгi мен байсалдылығы және соларға тән барлық қайшылықтар, сонымен бiрге адамдардың мiнез-құлықтары да бейнеленедi» дейдi. Өнердi тыңдап отырған адамдар қол соғады, қосылып ыңылдайды, айтады. Демек өнер тұтас адам баласын қамти алады. Кабуснамада: «...Барлық үлкен-кiшiге өнер үйрету қажет. Өйткенi тек өнер үйренумен ғана өз замандастарыңнан дәрежең биiк бола алады. Әр уақытта сен өзiң өнер иесi болып, замандастарыңда сендегi қасиеттiң жоқ екенiне көзiң жеткен жағдайда ғана өзiңдi басқалардан артық деп айтуыңа болады» деген.
Той, жиын, мереке, отырыстар мiндеттi түрде өнер адамы арқылы өтедi. Ал ән, күй тартылған жерде келеңсiз жағдай болмайды. Өйткенi музыка әуенi кез келген түсiнiспестiк құбылыстарды ынтымақтастық негiзде алып шыға алады. Музыка жақсылыққа септiк ете алады. Авторы: Жасарал Еңсепов, Қазақстан Республикасының бiлiм беру iсiнiң үздiгi, күйшi, композитор, «ДЭККО» жанрының авторы, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Асылбек Еңсепов, «Дарын&raqu
123
скачать работу

Домбыра философиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ