Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Домбырамен ән айту арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру

>

5.                      Сыр бойындағы әншілік-термешілік мектеп.

 ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші-композиторлар қатарында Біржан салды, Мұхитты, Ақан серінің, Жаяу Мұсаны, Абайды, Үкілі Ыбырайды, Әсетті, Естайды, Ғазизді, Шәкәрімді, Мәдиді, Нартайды, Майраны т.б. ұрпақтан-ұрпаққа асқақ әншілік эстафетасын жеткізушілер музыкалық мазмұнды түсіндіріп, оны мазмұндық жағынан байыта түскен өнер шеберлердің қосқан үлестерін ерекше атап кетуге болады.

Қазақстан жерінде дарынды танып баулитын, халықты түрлі аспаптарда ойнауға, ән айтуға, жалпы өнерге бейімдейтін бірден-бір оқу орны және арнаулы мектеп болған жоқ. Мысалы, халқымыздың ән-күйлерін жинақтап, өнер қазынасының ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші дарынды өнер иелері, халқымыздың өз ішінен табылып отырды. Ел мұңы ән-күй арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен елден-елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өнердің қайсы бір түрі болмасын, қолдан-қолға, жүректен-жүрекке таралып, ел арасына сіңіп жатты.

Дәстүрлі халық әндерінің ел арасынан жинап, нотаға түсіріп, жүйеленуіне және оларды қарапайым халық арасында насихаттануына А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, А.Қ.Жұбанов, А.Темірбекова, және т.б. музыка зерттеуші ғалымдар, этнографтар зор үлестерін қосты.   

Халық әндерінің елге кең тарап, ұрпақтар ұрпаққа жетіп отыруында әнші-композиторлармен бірге жекелеген әнші орындаушылардың да еңбегі  аз емес. Тамырын үзбеген дәстүрлі әніміз бүгінгі күнге Манарбек Ержанов, Құрманбек Жандарбеков, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Иса Байзаков, Дәнеш Рақышев, сияқты аса дарынды әншілер арқылы жетті.

Ұстаздың шәкіртке ауызекі берілетін халықтық ән айту дәстүрі арқылы ән үйренудің жүйеленген үрдіс қалыптасты. Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап-жылдап жүріп, шеберлігімен бірге, оның білім-танымын, тәжірибесі мен орындау тәсілін үйренетін болды. Елге есімі тарап, түрлі айтыс-тартысқа қатысып үлгірген өнерпаз әнші осылайша жеке өнер жолын айқындады.

Еліміздің түпкір-түпкірінен әнші-жыршылар шығып кешегінің ізбасарлары, бүгінгінің гүл ашарлары болған, әншілік дәстүрді жалғастырушы әншілерді: Қ.Байбосынов, Қ.Құлышева, Е.Қосбармақов, С.Жампейісова, А.Қосанова т.б. атап кетуге болады.

Қорыта келгенде, әннің, музыканың өскелең ұрпаққа беретіні көп-ақ. Тек сол көркемдік, эстетикалық азықты үнемі, дер кезінде үнемдеп, педагогикалы қағидалармен жастарды баули білгеніміз жөн.

Құлақты жауыр қылған батыс музыкаларына еліктеген, көшедегі әнді сахнаға шығарған заманда, жеңіл музыкаға әуестеніп кеткен жастарымызды, кәсіпқойлық - ұлттық дәстүрлі музыкалық өнерімізге, рухани, бай құндылықтарымызға ынталандырып, қызықтырып, эстетикалық талғамын, дүниетанамын қалыптастыру қажет.

Сондықтан домбыраны сауаттылықпен ойнап көзін ашқан бала әлде қайда еңбекқорлыққа, адамгершілікке, ұжымдылыққа, кішіпейілділікке, эстетикалық талғамы жоғары болып өседі.  «Ұяда нені көрсең ұшқанда соны ілерсің» - деген қанатты сөз осының айғағы іспеттес. Теңіздің түбінде жатқан інжү-маржандай бай өнерімізді келешек ұрпақтың бойларына сіңіріп, тәрбиелеу, олардың дүниетанымын қалыптастыру - әр қазақ отбасының және кез келген музыка маманының міндеті екендігін ұмытпағанымыз  жөн.

12
скачать работу

Домбырамен ән айту арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ