Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дүниені дүбірлеткен Түркілердің дене тәрбиесі

асқа заттарға, мүлiкке айырбастайды, Қасқырды, түлкiнi, қарсақты атпен қуып жетiп қамшымен, сойылмен соғып алады. Қазақтардың аңшылықта iзiне ертетiн иттерi көбiнесе тазы тұқымынан болып келедi, қарулары көбiнесе садақ, ара-тұра бiлтелi мылтық. Кейбiр қазақтар орыс ұсталарына қақпан жасатып аңдарға құрады. Бiрақ барлығынан қызықтысы – бүркiт салу. Жыртқыш құстардың балапандарын ұядан ұстап алған саятшы оларды бiр жасқа дейiн үйретедi, әр күн сайын далаға шығып жаттықтырады. Iшiне сабан тыққан терiнi олар «шырға» деп атайды. Ал шырғаға түскен құсына азғантай ет берiп, мақтайды. Күн сайын осылай, бүркiттi түлету төрт-бес аптаға созылады...".
"...Қыс айларында семiрiп кетпес үшiн бүркiттiң астына мұз қояды. Жемдiк еттi де шағындап берiп, ашықтырып ұстайды. Ашынған, қатты ашыққан бүркiттiң кейде иесiне де түсетiн кездерi болады. Қолға үйренген бүркiт жетi-сегiз жыл саятқа жарайды. Жақсы бүркiттiң бағасы екi түйенiң құнына пара-пар. Қазақтар бүркiттен басқа тұрымтай, ителгi, сұңқар, қаршыға, бөктергi, бидайлық сияқты саят құстарын аң-құс аулауға үйреткен. Жыртқыш құстармен аң аулаудың осыншама тәсiлдерiн бiлетiн басқа халық туралы естiген емеспiн" деген жазбаларының маңызының өте зор екендiгiне ешкiм де күмән келтiре қоймас.
Қашаннан көршi тұрып аралас-құраласқан орыс халқы да қазақтардың дене тәрбиесiне көңiл бөлген. Ит жүгiртiп, құс салу, ат баптау жөнiнен олар қазақ саятшылары мен сейiстерiнен көп нәрсенi үйренедi. ХIХ ғасырдың орта шенiнде өздерiнiң германдық гимнастикасын көкке көтерiп, тым қатты мақтап жiберген, немiстердiң ұлттық дене тәрбиесiнiң негiзiн ғылыми жолға түсiрген Гутс Мутс және Вит дегендерге қарсы революцинер-демократ Николай Александрович Добролюбов: "Өкiнiшке қарай байырғы Грекиядағы спорт жарыстарын көрудiң мүмкiндiгi болмағандықтан, германдықтардың ұлттық гимнастикасына бас июшiлер бiздiң қырғыз (бұл арада қазақты айтып отыр – автор) немесе Башкирияға келер ме едi?! Мұнда өзiндiк олимпиядалық ойындар iспеттi күрес пен сырыққа өрмелеу, жүгiрiп жарысу сияқты дене тәрбиесiнiң жүйесi кең қанат жайған" деп жазады. Осылайша таңқалу қазақ жерiнде болған басқа ғалымдардың еңбектерiнде де жеткiлiктi, сондықтан олардың барлығын жiпке тiзiп келтiре берудi осы шағын мақалада жөн деп таппадық.
Күнiмiз күлiп, айымыз оңымыздан туып, тәуелсiздiкке қол жеткiзгеннен берi, бұрынғыдай Мәскеудiң елегiнен өтпей, халықаралық олимпиядалық комитетке, түрлi Халықаралық спорт қауымдастықтары мен бiрлестiктерге мүше болған Қазақстанның олимпиадалық ойындар мен әлем, Азия чемпионаттарына қатысқан спортшыларымыздың ұлт байрағын биiкте желбiретiп, Әнұранымызды орындатып жүргенiн жұртшылық жақсы бiледi. Мұның барлығы тау мен даланың арда ұлы, көңiлi көл-көср дарқан халықтың жас ұрпақтың денсаулығының мықтылығы мен дене тәрбиесiне қашаннан ерекше көңiл бөлгендiгiн көрсетедi.
 Өмiрзақ Жолымбетов, профессор,
Халықаралық ақпарат академиясының корреспондент-мүшесi
Түркістан газеті, №14,

12
скачать работу

Дүниені дүбірлеткен Түркілердің дене тәрбиесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ