Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дүниежүзілік сауда

зеңі осы сала бойынша жүргізіледі. Қазақстан үшін бұл экономико-құраушы салалардың бірі. Оның ЖІӨ- де алатын үлесі 1990 ж. 34% қазіргі кезде 8.5- 9% дейін төмендеді. Ауылшаруашылығы дамуның болашағымен Қазақстан халқының 44% тағдыры тығыз байланысқан. Ауылда ұлттық генеқор жинақталады, ауыл тұрғындары ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді, рухани құндылықтарды өз бойларында сақтайды және таралады. Сондықтан ауылдың дамуы Қазақстан үкіметінің ұзақ мерзімге бағытталған әлеуметтік- экономикалық мақсаттарының бірі. Азық-түлік қауіпсіздігі сыртқы орта жағдайларын сақтай отыра, қол жеткізімді бағамен, сапасы жақсы, жеткілікті көлемде өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету. 90 жылдары ДСҰ- да 15 елдермен аул шаруашылығының көпжақтылық концепциясы қабылданған, ол бұл салаға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. ДСҰ- да бұл концепцияны Жапония, Корея, Швейцария, Норвегия, ЕК қолданылады.
Жапония Үкіметі ауылшаруашылығына көмек көрсетуді келесі факторлармен байланыстырады:
- әлемдік нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақсыз. Ауыл-
шаруашылығы жалпы тұрақсыз сала, онын өнімдерін тек бірнеше елдер ғана экспорттайды;
- азық- түлік жетіспеген жылдары ауқатты мемлекеттер оның барлық қорларын сатып алуы мүмкін, ал бұл әлемдік нарыққа кері әсерін тигізуі мүмкін;
- өнімдерді сақтау кезінде тез бұзылатынына байланысты резервтерді тек қысқамерзімге жасау мүмкіндігі.
Қазақстан үшін бул саланың маңызы ерекше. Оның дамуы мемлекетке мультипликациялық әсерін тигізеді. Бір жағынан ол өзі өндіріс салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін болса, екінші жағынан өзі ауылшаруашылық техника, құрылыс, көлік салаларының өнімдерін тұтынады. Осылайша сала басқа салалардағы жұмысбастылық деңгейін сақтай отыра, олардың өнімдеріне сұранысты қамтамасыз етеді.
Қазақстанның кейбір ерекше жағдайларын ескергеніміз жөн. Астық шаруашылығының көп бөлігі тәуекелі жоғары жер өңдеу зонасында орналасқан: 2-3 жыл жағымды климат жағдайлары 1-2 жыл жағымсыз климат жағдайларымен алмасады. Малшаруашылығы да үлкен тәуекелмен дамиды. АҚШ және Европа елдеріне қарағанда, әр өндіріс үлкен территория өңдеуге, техника және адам ресурстарын тартуға мәжбүр болады.
Ауылшаруашылығына көмек көрсетуден бас тартуға болмайды, өйткені ол ел үшін көптеген тәуекелді жағдайларды тудыруы мүмкін, өнеркәсіп өндірісінде бәсекенің әсері оларды жаңартуға көмектессе, ауыл шаруашылығы импортталатын тауарлармен бәсекеге түсе алмайды да, нәтижесінде құлдырауға ұшырайды, 6 млн. адам қалалар мен көршілес мемлекеттерге миграциялауға мәжбүр болады. Онда қалаларда жұмыссыздар саны шектен тыс асып түсіп, мемлекетте кедейлік, қылмыстық өсе түседі де, тұрақсыз саяси жағдай туындайды.
Осыған байланысты көптеген дамыған мемлекеттер ауыл- шаруашылығын қорғау шараларын қолданады.
ДСҰ-да ауылшаруашылығын қорғау мен көмек көрсету үш бағыт бойынша жүзеге асырылды:
- Ауылшаруашылық экспортты субсидиялау;
- Ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдеріне тарифтер;
- Ауылшаруашылығын ішкі субсидиялау;
Ауылшаруашылығына ең үлкен көмекті АҚШ, Жапония; ЕО сияқты дамыған мемлекеттер көрсетеді.
Қазақстан ет пен астықты стратегиялық маңызды өнім ретінде ДСҰ- ның келісімдерінен алып тастауды талап етіуі керек (Жапония күріш жайында істеген сияқты). Алайда бірден ауыл шаруашылық экспортты субсидиялаудан бас тарту керек. Бұны барлық мүше елдер талап етеді және соңғы жылдары ДСҰ- ның құрамына енген елдердің барлығы оны алып тастады. Сонымен қатар Қазақстанда субсидияларды ауылшаруашылық өнімдерді өндірушілер емес, делделдық астық компаниялары алады. Яғни олардан бас тарту фермерлерге өзінің кері әсерін тигізбейді. Ауылшаруашылық өнімдер импортына тарифтер басқа мүше елдердің тарифтеріне қарағанда едәуір төмен — 16.3%, бұл тариф дамушы елдерде- 18.76%, өтпелі елдерде – 13.36%, ал дамыған елдерде — 43,41 %. Мүше елдер импортты тарифті 6% деңгейіне дейін төмендетуді талап етуі мүмкін, ал 6 жыл ішіндегі орташа салмақтанған кедендік баждардың біртіндеп төмендетілуі тауар өндірушілерге шығарылатын өнім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тарифтік қойылымды арттыруға байланысты нарықтық қауіпсіздік деңгейі артпайды, өйткені оның әсері кедендік әкімшіліктің әсерінен жоққа шығады. Бүгінгі таңда бұл саланы қорғалған деп атай алмаймыз, алайда ол тарифтерсіз дамып келе жатыр.
Ауылшаруашылығын ішкі субсидиялау мәселелерін шешу қиынға түседі. ДСҰ- ның ережелері бойынша ең үлкен деңгей дамығаи мемлекеттер үшін -6 жыл ішінде 20%, ал дамушы елдер үшін 10 жыл ішінде 13% төмендетілуі керек.
2001 ж. тікелей және жанама көмек көрсету соммасы 80,9 млрд. теңге немесе 551,5 млн. долл., яғни ауылшаруащылық жалпы өнімнің 27,8% және мемлекеттік бюджеттің 11,3% құрады.
Егер ауылшаруашылығын мемлекеттік субсидиялаудың ең үлкен деңгейін Ресей үшін 1 млрд. долл. көлемінде орнатса, Қазақстан үшін 90 млн. долл мөлшерінде орнатуы мүмкін. Бұл көлемді 550 млн. АҚШ долл. көлемінде орнатуға болады, алайда мемлекеттік бюджет мүмкіндіктерімен тиімсіз субсидиялау керексіз болуы мүмкіндігін қарастырған жөн.

3.3. ҚР ДСҰ- на кіруі жайындағы келісім сөз үрдісі.
Қазақстанның ДСҰ- на кіру үрдісі 1996 ж. 26 қаңтарында басталды. 1996- 2002 ж.ж. аралығында ДСҰ- на кіру жөнінде көптеген ақпараттық мәліметтер көлемі бағытталған.
Осы уакыт ішінде Жұмыс тобының 7 отырыстары мен Қазақстанның нарығына тауарлар мен қызметтердің енуі жайында бастапқы ұсыныстарды талқылау жөнінде 13 екіжақты келісім сөздер жүргізілген.
Халықаралық сауда ережелеріне республика заңнамасының сәйкестенуі арта түсті. Ішкі нарықты, селекционды жетістіктерді қорғау, стандартизация, патенттер жайында жаңа заңдар қабылданып, кедендік заңнамаға өзгертулер енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді.
15 жыл ішінде жеткен жетістіктер қорытындысы бойынша Қазақстанның ДСҰ- на кірудің ақпараттық кезеңі аяқталып, ДСҰ- ның мүше елдерімен белсенді келісім сөздер жасау кезеңіне өттік.
Тауарлардың нарыққа кіруі жайында нақты келісім сөздерді жүргізуге Қазақстанның ДСҰ- на кіру жайындағы, жұмыс тобының 38 мүшелдері ішінен 15 мемлекет қатысуға ынта білдірді. Олардың ішінде ықпалы көптері: АҚШ, ЕК, Жапония, Канада, Австралия және Швейцария. Қызметтер бойынша 8 мүше елдер келісім сөздерді белсенді түрде жүрізіп келеді: АҚШ, ЕК, Канада, Швейцария, Жапония, Австралия, Латвия және Польша.
Қазақстан Республикасы ЕврАзЭС-тің мүше мемлекеттерінің Үкіметтік кездесулеріне белсенді түрде қатысатындығын атап көрсеткен жөн.

Қорытынды
“Үкіметке мынаны тапсырамын:
…ДСҰ-ға кіру шеңберінде біздің экономикамыздың кейбір салаларын, әсіресе, шикізатты өңдеуді дамыта отырып, ауыл шаруашылығын қолдауға мүмкіндік беретін арнаулы экономикалық “бейімделу бағдарламасын” әзірлеп, іске асыратын болсын”.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдаунан 1 наурыз 2006 ж.

Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуді жақтаушылар да, оған қарсылар да уақыт озған сайын өз дәлелдерін алға тартып, дауыстарын айқынырақшығарып жатыр. Бұл заңды да. өйткені дүниежүзілік сауда ұйымы секілді әлемнің 149 мемлекетін біріктірген экономикалық алпауыт ұйымның құрамына ену ойласпай шеше салатын мәселе емес. Себебі бұл ұйым қайырымдылық одағы емес, керісінше қиян-кескі бәсекелестік өтетін алаң ұйымды күшті тауар өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Күшті деген сөзді ең бірінші “арзан” тауар өндіре алу деп түсіну керек. Екіншіден, күшті деген сөзді “сапалы” деген сөзбен алмастыруға болады. Яғин өзіндік құны төмен, бірақ жұрт қызығатындай сапалы тауар өндіре алсаң ғана бұл ұйымның қызығын көресің. Ал ондай мүмкіндігі болмағандар импорт тұтынушысы шеңберінде өмір сүреді. Ақиқат осы. Ал осындай бәсекеге біз төтеп бере аламыз ба? Міне, бүгінгі әңгіме осы жайлы болмақ.
Бұған дейін қазақ пен орыс елі Дүниежүзілік Сауда ұйымына “қол ұстасып”, бірге кіруге сөз байласқан –тын. Алайда осыдан біраз ай бұрын Въетнам астанасы- Ханойда Ресей АҚШ-пен “ДСҰ-ға кіру туралы Хаттамаға” қол қойғанда, Қазақстанның енді жападан-жалғыз қалғандығы анық болды.
ДСҰ-ға мүше болмасқа амал жоқ. Замана талабы осыған міндеттеп отырғандығын дұрыс түсінгеніміз игі. Жаһандану үрдісінің алдыға айналған алып доңғалағын тоқтату мүмкін емес. Керісінше, біздің одақ қалып қоймай, ертерек бейімделе бергеніміз жөн. Экономикалық қарым-қатынастарымызды, сауда-саттығымызды жаңа талаптарға сәйкестендірудің алғышарттарын нақты белгілеп алуымыз қажет. Сонымен Қазақ Елі 1996 жылдан бері ДСҰ-ға кіреміз деп осы ұйымға мүше елдермен толып жатқан келіссөздер жүргізіп келеді. Талай-талай заңдар өзгерілді, жаңа стандарттар (ГОСТ) енгізілді. Не ойлағаны барын кім білсін Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің кейбіреулері оған бөлек-бөлек болмай, кірсек бәріміз бірге кірейік деген ұсынысты да айтып жүр. Сонда Қазақстан сыртқа шығаратын өнімі де (егер өнім бар болса!) солар шығаратын өнімнің есебіне кіріп кетпей ме деген күдік тағы мазалайды. Қазақ атам мұнайда “Ортақ өгізден оңаша бұзау артық” дейтін еді – ау…
Ал осы Одақтың мүше елдері ДСҰ – ға бөлек – бөлек кірсе де олар бізге “торговый партнер” болып шыға келеді емес пе!
Қазақстан ДСҰ – на кіреді дегеннен – ақ көңілімізге қатты бір күдік ұялайтын еді. Әрине, ол ауылшаруашылығына байланысты. Ауылшаруашылығы дегенде қазақтың дені ауылда тұратыны еске түседі. Қазақтар қазір өз күнін көруге бейімделіп, тырбанып мал өсірген болып жатыр. Біздің әлі күдігіміздің өзі базар экономикасы жағдайында күндердің күні болғанда малыңыздың құны көк тиын болып қалмай ма, деген күдік еді. ДСҰ – на кіргеннен кейін сол күдігіңіздің расқа айналатынына көзім жете бастаған сияқты. Қанша жерде аграрлы мемлекет десеңіз де, Қазақстанның бүгінгі ауылшаруашылығы әбден күйзелген сала. Қазір көзі ашық, саяси да, экономикалық

Пред.67
скачать работу

Дүниежүзілік сауда

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ