Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Екінші деңгейдегі банктер

Әдетте банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің басшылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне  ақшалай қаражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалыды. Екіншіден, кредиттеу кезінде  бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде – кредит берушіден (банктен) болады. Үшіншіден, кредиттік мәміле нақты кредит беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.

Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.

Бағалы қағаздарбұл арнайы түрде рәсімделген «қаржылық құжаттар», оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).

Қорлық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқықтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар).

Соңғыларына пайыз немесе дивидент түрінде табыс алу құқығын беретін купондар – белгілі бір бағалы қағаздардың сатылу құқығын беретін купондар жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқығын береді.

Олар өздерінің айналысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және нарықтық емес болып бөлінеді. Бірінші нарықта еркін айналады, яғни биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше екінші ретті айналымы (яғни биржада және тысқары жүруі) болмайды, бірақ мерзімі бітпей эмитентке қайтарылуы мүмкін.

Бағалы қағаздар иелерінің құқықтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.

Мәлімдеуші бағалы қағаздарбұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б.. Оларды сату және иесінің құқықтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.

Ордерлік бағалы қағаздар –оларды ұстаушылардың құқықтары сол қағаздың мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен расталады.

Атаулы бағалы қағаздаұстаушының аты міндетті болады.

Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілермен эмиссияланады.

Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемлекеттік еместергеакциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификаттар жатады.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде коммерциялық банктерде мынандай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – депортамент немесе басқарма, орташаларында мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.

Бағалы қағаздар қозғалысы –акцияларды сату, немесе қарыз беру – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Бағалы қағаздар нарығының негізін құрайтын биржа – бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа – бұл екінші реттегі нарық, бұнда бағалы қағаздармен сауда-саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің жүзеге асады және бағалы қағаздарды қосымша шығару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағаздың қосымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады.

Бағалы қағаздар нарығыбұл қаржылық нарықтың анағұрлымдамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздардың бағамдары төмендеуде, сол сияқты бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму сатысында.

Банктер бірден-бір акциялардың (үлесті бағалы қағаздың) эмитенттерінің анағұрлым белсенділері болып табылады. Үлестік бағалы қағаздардың  эмиссиясы қарыздық бағалы қағаздың эмиссиясымен салыстырғанда анағұрлым тиімді болып көрінеді.

Акцияларды орналастырудың нарықтық бағамына бағытталған жоғары бағасы алғашқы шығарылған акциялардың номиналдық құнсыздануымен байланысты иелерінің инфляциялық шығындарын өтей алмайды. Банк акцияларының қор биржасындағы бағамының динамикасы ұзақ мерзімді және орта мерзімді болашақта инфляция қарқынын компенсациялауды жүзеге асырады. Ірі банктердің акцияларының бағамы, тіпті, екі номиналдан аспаған. Акция ұстаушылардың мүдделерін қорғау банкі активтерін жыл сайын қайта бағалауға, сондай-ақ бұрынғы акционерлер арасында үлестірілетін жаңа акциялар шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қарыздық міндеттемелер нарығының дамуына жақсы жағдай жасалған. Бірақ, бұл депозиттік және жинақ сертификаттарына, вексельдерге қарағанда, облигацияларға анағұрлым аз қатысты. Себебі, облигацияларды шығару банктермен қарыздық міндеттемелерді шығарумен салыстырғанда заңмен қатаңырақ бақылананды.

Ал, депозиттік және жинақ сертификаттарының нарығы жеткілікті мөлшерде ауқымды және бәсекелес болып табылады. Бірақ, сертификаттардың екінші реттік айналысы іс жүзінде дамымаса да, алғашқы орналастыру шегінде олар орташа табысты тұрақты бағалы қағаз ретінде үнемі сұраныста болады және сатып алушы үшін біршама қолайлы.

Банктердің үлкен қызығушылығы вексель айналысымен байланысты. Банктік вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлемақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

1)     «Ақша, кредит, банктер» –  авт.- М.Сейтқасымов.

12
скачать работу

Екінші деңгейдегі банктер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ