Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономикалық өрлеу

инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі  1млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы     Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:

Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау.

2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан (1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да              (4-13%) байқалды.

Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.

Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.

Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.  

Инвестициялық қызмет дегенімізшаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар– сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.

2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда  10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі  45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.[8,5 б.]

Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.

Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған.

Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.

Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа  (19.8%) келеді.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз  (1.3%).

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың  жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7%  құрады.

 

   1- сурет . 1999 жылғы көрсеткіш бойынша негізгі капиталға жұмсалған  ішкі және шетелдік инвестициялардың құрылымы.

2-сурет. 2002 жылғы  көрсеткіш бойынша негізгі капиталға жұмсалған  ішкі және шетелдік инвестициялардың құрылымы .

Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен .

Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын  қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. [8, 3-49 б.]

Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.

Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – шарт жасалып , 817 млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. 

Бұл – 2000 жылға қарағанда   7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып  жатқан шетелдік  инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр.

Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :

Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары  («Испат Кармет» ААҚ);Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);

Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);

Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);

Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).

1997-2001 жылдар аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім – шарт бойынша 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды.Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, бюджетке 31.4 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі жеңілдіктің мемлекетке 3.71 тг.[10,2 б.] Салық төлемі ретінде қайтарылып отырғанын көрсетті. Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көптеген кедергілер бар көрінеді. Олар әсіресе –

·        Қазақстан нарығындағы , іскерлік белсенділіктің төмендігі ;

·        реттеуші шаралар мен заңның шалағайлығы ;

·        өтімді қаржы құралдарының азаюы , төлем күнінің әлсіздігінен дағдарыстың орын алуы ;

·        шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы .

        Сонымен қатар, мемлекеттің қадағалау мен тиісті шаралар қолданудағы босаңдығы мен дәрменсіздігі коррупция мен шектен шығушылыққа келісім–шартта айтылған талаптарды орындамаушылыққа ,интеллектуалдық меншік құқығының қорғалмауына әкеліп соқтырды . Әлемдік тәжірибе айғақтағандай , экономиканы құрылымдық жүйеде қайта құру мемлекеттік , ғылыми – техникалық өндірістік және инвестициялық сакясатсыз жүзеге аспайды. Оның үстіне , халық мүддесі мен мемлекеттің ұлттық құндылықтарды стратегиялық тұрғыдан қызғыштай қорғай алуы ғана озық технология

12345
скачать работу

Экономикалық өрлеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ