Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер
бірнеше мемлекеттер мен жер аумақтарын кейіннен түзілген жеке топшаға жатқызамыз. Олар өздерінің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайын тиімді пайдаланып, делдалдық қызмет пен экономиканың еңбекті көп тілейтін жаңа салаларын дамыту барысында Батыс Еуропаның кейбір дамыған елдерін басып озған — Корея Республикасы, Тайвань, Сингапур, Малайзия және Таиланд осы топшаның өкілдері. Бұларда ЖІӨ өндіру көлемі жан басына шаққанда жылына 6500—20000 доллар шамасында, ал Сингапурда — 25000 доллар.
3. Сыртқа көмірсутек, негізінен, мұнай мен газ және оның өнімдерін шығаратын елдер дамушы елдер типологиясында өз кезегінде шағын топшаны құрайды. Олардың көбі Парсы шығанағы алабында орналасқан, Ливия, Венесуәла, Бруней секілді елдер. Бұл елдерде мұнай сатудан түсетін пайданың арқасында жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіру мөлшері орта есеппен 6000 — 18000 долларды құрайды (бұл көрсеткіш Катар, БАӘ — 21000 доллардан асады).
4. Ең үлкен топшаны дамушы елдер типологиясында, дамуы жағынан кенжелеп қалған елдер алады. Мұндағы елдердің ЖІӨ өндірудегі адам басына шаққандағы келемі 2000—5000 доллар аралығында. Нашар дамыған осы елдерге тән қасиет, көп укладты артта қалған экономикасында феодализм сарқыншақ-тары күшті сақталынуымен ерекшеленеді.
5. Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі бесінші топша елдеріне дүние жүзінің дамымай қалған 40-тан астам мешеу елдерін жатқызады. Бұл елдерде ауыл шаруашылығының тұтынушылық түрі басым, өңдеуші өнеркәсібі болымсыз немесе жоққа тән, халықтың көпшілік бөлігі сауатсыз және жан басына шаққанда өндірілетін жылдық жалпы ішкі өнім орташа есеппен не бары 500— 2000 доллар мелшерінде.
БҰҰ саяси-коғамдьщ құрылысы мен өндірістік қатынастарында өзіне тән ерекшелігі бар Қытайды да дамушы елдер санатына жатқызады. Өйткені экономикасының жалпы көрсеткіштері мен өндіріс қарқынының жоғары болуына қарамастан, онда жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіру дамыған елдермен салыстырғанда — аса тәмен. Бұған қарамастан қазіргі Қытай соңғы уақытта экономикасының өте жоғары қарқынмен өсіп дамуына байланысты әлемдік саясатта ғана емес, дүниежүзілік шаруашылыкта да аса маңызды рөл атқаруда.
Кейбір көрсеткіштері жағынан ірі дамушы елдер — Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан дамыған елдер шамамен жақындап калды. Ал 1970—1980 жылдардан бастап Азияның жаңа индустриялы елдері — Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконгтің экономикалары өте қарқынды өркендеді.
Соңғы жылдары Малайзия мен Таиланд елдері де қарқынды даму үстінде. Осы мәелелерден жалпы саяси-идеологиялық және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес үйленістіріліп алынған дүние жүзі елдерінің жіктелу типологиясы шартты түрде екендігі байқалады.
Дүние жүзі елдерінің жіктеліп топтастырылуы. Дүние жүзі елдерін сандық және басқа да ерекшелік белгілеріне қарай жіктеп топтастырамыз. Ең алдымен, сандық белгілері бойынша көп таралғаны — елдерді жер аумағы көлемі мен халқының санына байланысты топтастыру. Мәселен, әлемде жер көлемі 3 млн км2-ден асатын ең ірі 7 ел көзге түседі. Сол сияқты халқының саны 100 млн адамнан асатын әлемде 11 ел бар. Олардың халқы бүкіл жер шары халқының 3/5 бөлігін құрайды. Дүние жүзі елдерін осындай сандық көрсеткіштері бойынша бірнеше сатыға бөліп топтастыруға болады. Әдетте, саяси картада орта және шағын мемлекеттер саны басым. Сонымен қатар «ергежейлі елдер» деп аталатын аса ұсақ елдер өз алдына жеке топ құрайды.
Дүние жүзі елдерін жер аумақтарының шектесіп орналасуына орай аймақтық топтастыру географияда кеңінен қолданылады. Мәселен, оқулық қосымшасындағы 1-кесте осындай ұстанымға негізделіп құрастырылған. Мемлекеттерді географиялық орнына қарай топтастыру жиі кездеседі. Бұл ретте олар: теңіз жағалауында, түбектерде, аралдарда, архипелагтарда орналасқан елдер болып бөлінеді. Осы жерде теңізге шыға алмайтын елдер өз алдына ерекше топ құрайды. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 40-қа жуық, бұлардың сапында Қазақстан да бар. Мұндай қолайсыз географиялық жағдай, олардың әлемдік сауданың күре жолы — дүниежүзілік мұхитты және оның байлықтарын пайдалануды қиындатады.
| | скачать работу |
Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер |