Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ел мен Ер

ралы есеп беретін болады.

Бәсекеге түскен, президенттікке түс­­кен үміткерлердің бағдарлама­сын­да қосылатын да, қосылмайтын да тұс­та­ры бар ғой деп ойлаймын. Са­лыстыру үшін, айта кетелік. Үміткер Ғани Қа­сымов саяси жүйені модернизациялау қажет деп есептейді. 9 партияның 3-і ғана өз өкілдерін президенттікке кандидат етіп ұсынды. Бұл Президент Әкімшілігінің қысымы дейді.

Бұл не сарын? Сонда Президент Әкімшілігі Жармахан Тұяқбайға, Болат Әбіловке, Тоқтар Әубәкіровке, Ға­зиз Алдамжаровқа, Әлихан Байменовке, Жасарал Қуанышалинге президентке үміткер болып, сайлауға түспе дей ме? Халықты алдаусыратудың қажеті жоқ.

Ғани Қасымов вице-президент лауа­зымын Сенат төрағасы болып қатар ат­қа­ратын жаңа лауазым қажет деп есептейді, әрі облыстық құрылым­дарды жою қажет деп түйіндейді. Үкімет – министрлік – аудандық әкім­діктер. Облыс орталықтары Алматы, Астана сияқты статуста болғаны жөн деп санайды. Әрине, әркімнің өз ой еркіндігі бар. Бі­рақ бұл өзгерістер халыққа да, қоғамға да түсініксіз. Ал түсініксіз нәрсенің бәрі көмескі. «Әсіреқызыл тез оңар» деген халық нақылын ұмытпайық.

Үміткер Жамбыл Ахметбеков мә­се­лені тағы да коммунисше шешкісі келеді. Энергетика, мұнай және тау-кен өндірісі, темір жол, әуе тран­спор­тын мемлекет мен­шігіне қайтару керек. «Әуелі эко­номика, сонан соң саясат» ұраны ескірген деп есептейді. Бұл тағы да революция, бұл тағы да қантөгіске әкелетін жол. «Билікте күш, бізде – шындық» деген ұранды ту еткен коммунист үміткердің бұл ұранына кім иланады? Ол қандай шындық? Шындық – біреу. Ол Қа­зақ­стан енді ешқашан коммунистік идео­логия­ның құрбаны бола алмайды.

Коммунист Ж.Ахметбековтің «Ха­лық­тың президентке жолдауы» ұста­ны­мы табылған саяси әдіс деп есептеуге болады. Оны билік партиясы екшеп, қа­жеттісін алады ғой деп ойлаймын. Бұл туралы Елбасы өз жақтастарының «Қа­зақ­стан» спорт кешенінде кеше өткізген форумында қадап айтты. М.Елеусізов экологиялық қорғауды қажет ететін нақ­ты істермен көзге түсті. Бұлақ көз­дерін ашты, арықтарды таза­лады, ағаш отыр­ғызды. 3 сәуір күні М.Елеусізов ашық түрде Елбасы Н.На­зар­баевқа өз дауы­сын берді. Азаматтық үрдіс.

Н.Назарбаевқа баламалы түрде сай­лауға түскен барлық канди­дат­тар­дың бағдарламасының әр кескіндегі, әр маз­мұндағы бағдарламаларының ар­жа­ғын­да Назарбаев бағдарлама­сы­ның сұл­басы жатқанын да айта кеткен жөн.

Н.Назарбаев «Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы қажет», – деп еді.

Соның ең негізгі нәтижелеріне көз жүгіртелік:

Қазақтың есесі кеткен тарихын қайтарған кім – Нұрсұлтан Назарбаев!

Есіктегі басын төрге шығарып, жас қазақтың етектегі орнын кәрі құрлық Еуропаның төріне апарып отырғызып, ЕҚЫҰ-ның тізгінін ұстатқызған кім – Нұрсұлтан Назарбаев!

Қазақстанды әлем картасына енгізіп, қазақ деген мемлекет бар екенін орнықтырып, оның шекарасын халық­аралық құжаттармен шегелеген кім – Нұрсұлтан Назарбаев!

Сарыарқаның төріне, Еуразияның кіндігіне әкеліп, орда салған да – Нұрсұлтан Назарбаев!

Түркі әлемінің көк туына айналған да – Нұрсұлтан Назарбаев.

Терезесі тең, керегесі кең елдің Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Жеңіс құтты болсын, ағайын!

Уәлихан ҚАЛИЖАН, Мәжіліс депутаты.

«Егемен Қазақстан» газеті

Сейсенбі, 5 Сәуір, 2011

12
скачать работу

Ел мен Ер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ