Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты

аты дегенде, алдымен, лексикалық мағынасының жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағынасының ерекшеліктері (сол семантикасы арқылы сөздер бір топ құрайды) екіншіден, грамматикалық мағыналар мен оны білдірудің парадиг-малық формалар жүйесінің жиынтығы, үшіншіден, сол топқа тән сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады. Яғни белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты сөздерді топтасты-рудың негізгі үш принципіне негізделеді. Осы жағынан келгенде, етістіктің басты семантикалық ерекшелігі - қимылды, іс-әрекетті, процестерді білдіру. «Оқулық, грамматикаларда етістік-қимыл,іс-әрекеттің атын білдіретін сөз табы деген анықтама беріліп жүр. Бұл-дұрыс емес. Етістік қимыл, іс-әрекеттің, процестің атын емес, нақ өзін білдіреді, ал атауын етістіктің белгілі бір формасы (қимыл атауы) білдіреді». Етістік грамматикалық сипаты жағынан лексика-грамматикалық және таза грамматикалық категориялар жүйесінің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері арқылы да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. «Қазіргі қазақ тіліндегі бір жүйеге түсіруді»қажет ететін, жоғарыдағы әңгіме болған жаңсақ пікір етістіктің түбірі.
Құрамы жағынан етістік түбірлер негізгі (оқы, айт, біл т.б.), туынды ( шеге-ле, сан-а т.б.), біріккен (әкел- алып кел, сөйт- солай ет т. Б.) қосарланған (бөліп жару, сылап-сипау т.б.) тіркесті (қор ету, жек көру т.б.) түбірлер болып келеді.
Етістік сөйлемде негізгі мәнде де, көмекші мәнде де қолда-нылады. Жеке тұрғанда лексикалық мағынасы бар түрін немесе күрделі етістіктің негізгі мәнін емес, грамматикалық мәндерін білдіретін сыңарын көмекші етістік деп атайды. Көмекші етістік-тің мәнді, мәнсіз (Маманов Ы) немесе толымды, толымсыз (Ысқақов А) түрлері болады.
Қазақ тіліндегі етістік формасын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, алдымен екі үлкен топқа бөледі: 1. Негізгі етістіктер.2. Функциялық етістіктер. Бұлар өзінің мынадай қасиеттері арқылы бөлінеді. Біріншіден, қазақ тілінде негізгі етістіктер өздігінен жіктелмейді, яғни оларға жіктік жалғаулары, есім сөздер сияқты, тіке жалғанбайды. Ал функциялық етістік тұлғалары жіктік және тәуелдік жалғаулары арқылыжаққа бөлініп жіктеледі.
Функциялық етістіктердің екінші ерекшелігі, бұлар басқа сөз таптарының грамматикалық фунциясын атқарады, яғни басқа сөз таптарымен мәндес болып келеді. Соған орай бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы зат есімге бейім болып келеді. (тұйық етістік, -ғы формантты етістік, -с формантты етістік). Екінші топқа жататындары мағынасы, қызметі жағынан сын есімге бейім болады.
(есімше формалар): Үшінші топқа жататын функциялық етістік тұлғалары үстеуге бейім болады да, Қимыл үстеу деп аталады.
Бұған көсемше формалары, шартты рай формасы жатады. Осы функциялық етістіктердің жіктелуі арқылы етістіктің рай, шақ формалары пайда болады.
Сөйтіп, етістік категорияларын мынадай тәртіппен сатылап бөлуге болады. Бірінші орында түбір етістіктер, екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялық етістік тұлғалары, төртінші орында рай, шақ категориялары.
Негізгі етістіктер - етістіктің грамматикалық категорияларының барлық формаларына негіз болады. Яғни, етістіктің есімше, көсемше, рай шақ формалары осы негізгі етістіктерге арнайы морфемалар жалғану арқылы жасалады. Функциялық етістіктерді негізгі етістіктерден айырудың басты критерийлері, біріншіден, етістіктің болымсыздық түрін жасайтын –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары негізгі етістіктерге тікелей жалғанады. Функциялық етістіктердің грамматикалық көрсеткіштері - морфемалары осы болымсыздық қосымшаларынан соң жалғанады. Былайша айтқанда, болымсыздық қосымшалар –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе негізгі етістік-тер мен функциялық етістіктердің шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады.
Түс-пе-й негізгі етістік түс-пе болымсыз етістіктің қосымшасы-й көсемшенің жұрнағы.
Қорық-па-са негізгі етістік қорық- па болымсыз етістіктің қосымшасы – са шартты рай.
Айт-па-ған-ды ( негізгі етістік айт-па болымсыз етістіктің қосымшасы – ған есімшенің жұрнағы, – ды табыс септігінің жалғауы(нені)
Кешір-ме-йтін (негізгі етістік кешір – болымсыз етістіктің қосымшасы – йтін есімшенің жұрнағы)
Қазақ тілінде етістіктердің есім сөздерден басты бір айыр-масы- жіктелу конструкциясында. Яғни, есім сөздердің түбіріне жіктік, тәуелдік жалғаулары тікелей жалғанып, жаққа бөлінетін болса, негізгі етістіктерге жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайды.
Екіншіден, егер негізгі етістіктер тікелей жіктелмейтін болса, функциялық етістіктер жіктік және тәуелдік жалғаулары жалғану арқылы жаққа бөлініп түрленеді.
Қазақ тілінде етістік негіздерінің болымды және болымсыз түрлеріне арнайы форма тудырушы қосымшалар жалғану арқылы етістікке тән әр түрлі грамматикалық формалар пайда болады. Етістіктің мұндай формалары: есімше, көсемше, тұйық етістік, шартты рай формасы, -ғы тұлғалы және ортақ етіс тұлғалы қимыл есімдері.
Осы формалар өздерінің морфологиялық және синтаксистік қызметіне қарай үш түрлі қызмет (функция) атқарады. Бұлардың бір тобы өзінің семантикасы және синтаксистік қызметі жағынан зат есімдерге жақын келеді. Бұл топқа тұйық етістік және -ғы тұл-ғалы, ортақ етіс тұлғалы (-с) қимыл есімдері жатады. Сондықтан бұл үш форма қимыл есімдер деп аталады.Қимыл есімдерден зат есімдерден зат есімдерге айналған сөздер өте көп. Мысалы:оқу, жазу, егеу, бояу, соққы, түрткі, тескі, тепкі, айтыс, соғыс, күрес,
қатынас, сөгіс, көсеу т.б. Мұндай сөздер қазақ лексикасын байы-туда үлкен орын алады. Тұйық етістік пен ортақ етіс туралы қимыл есімі зат есімге тән септік, тәуелдік және көптік форма-ларымен түрленіп, қимылдың есімі түрінде зат есім мағынасында қолданылады да, сөйлемнің бастауышы мен толықтауыш қызметін атқарады. Сондай-ақ автор –ғы тұлғалы қимыл есім тәуелдік жалғау арқылы үш жақта қолданылады да, кел көмекші етістігімен тіркесіп, күрделі етістік түрінде жұмсалады, басқа түрде –ғы тұлғалы қимыл есімі тілімізде қолданылмайтындығы туралы пікірін айтады.
Етістік формаларының екінші тобына жататындары – есімшелер. Есімшелер өздерінің морфологиялық түрленуі және синтаксистік қызметі жағынан сын есімнің функциясын атқарады.
Яғни есімшелер зат есімнің тікелей алдынан келіп, анықтауыш қызметін атқарады да, сол анықтайтын затының қимылдық белгісін білдіреді. Мысалы: мінетін ат, айтар сөз, келген кісі, оқыған адам т.б. Сонымен бірге есімшелер септік, тәуелдік, көптік формала-рында қолданылып, сын есім тәрізді субстансивтенеді. Яғни зат есім мағынасында жұмсалады. Сөйтіп, есімшелер, сын есіммен функциялық ұқсастығына қарай қимыл сын деп аталады.
Етістік формаларының үшінші тобына жататындары - өткен шақ есімше (-ып, -іп, -п) келер шақ көсемше (-а, -е, й), мақсатты көсемше (-ғалы, -гелі, -қалы, -келі), шартты рай формасы (-са, -се).
Бұл формалар өзінің морфологиялық белгісі және синтаксистік қызметі жағынан үстеудің функциясын атқарады.Сондықтан да бұл аталған формалар қимыл үстеу деп аталады. Қимыл үстеуге жата-тын етістік формалары өз алдына жеке тұрғанда, мағынасы тия-нақсыз болады да, сөйлем ішінде және сөз тіркесі құрамында басқа етістіктермен қарым-қатынасқа түсу арқылы ғана белгілі ұғымға ие болады. Былайша айтқанда, қимыл үстеулер жақ жалғаулары арқы-лы жіктелгенде немесе басқа бір көмекші етістіктермен тіркесіп келген жағдайда ғана олардың мағыналары тиянақталады. Мысалы: оқыпсың, оқыпты, жазамын, жазасың, қайтқалы отырсың, барғалы жүрсің, айтсаң етті т.б. Қимыл үстеу етістік формаларының қимыл есім және қимыл сын етістіктерінен өзгешелігі: бұлар зат есімге тән септік, тәуелдік, көптік формаларымен тәуелденбейді. Тек қана жақ жалғаулары арқылы түрленіп, предикаттық қызмет атқарады. Қимыл үстеуге жататын өткен шақ және келер шақ көсемше форма-лары жіктік жалғауы арқылы жіктеледі.( жазамын, жазасың, жаза-сыз, жазады, оқыппын, оқыпсың, оқыпты).
Қимыл үстеудің мақсаты көсемше формасы ешқандай қо-сымша қабылдамайды.
Сөйтіп, жіктелетін формалары белгілі сөз таптарының функциясына атқаруына байланысты функциялық етістіктер деп аталады. Етістік формаларының ішінде басқа сөз таптарының функциясын атқармайтын, тек жақ жалғауларымен түрленіп, преди-катив қызметінде етістік мағынасында ғана жұмсалатын жедел өткен шақ формасы мен бұйрық рай формасы.
Ы.Маманов қазақ тіліндегі барлық етістіктердің тізбегін мына түрде көрсетеді:
1. Негізгі етістіктер
а). Түбір етістік / ә) Модификациялық етістіктер
1. Негізгі түбір / 1. Етістер
2. Туынды түбір / 2. Күшейтпелі етістік
3. Кіріккен түбір / 3. Күрделі етістік
4. Қос түбір
5. Тіркесті түбір

12
скачать работу

Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ