Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу

p;

Функцияның парамерлерін енгізу. Функияның параметрлерін енгізі кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрді мүндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жәй қаріппен көрсетілетін болса, ол параметрді тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша көшірмесі сиппатамасы мен параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі.

 

Қорытынды есептеулер. Шебердің көмегімен алынатын көптеген функциялардың көп бөлігі ғылыми есптеулерге арналған. Қаржымен байланысты есептерді орындауға арналған қаржы функциясы өз алдына бір категорияны құрайды. Экономикалық және бухгалтерлік есептеулерде негізінен қорытындылау функциялары қолданылады. Бұл функцияларға ортақ қасиет, олардың параметрлерінің тізіміне енетін параметрлер саны алдын-ала белгісіз болуы мүмкін, өйткені олар әр жағдайда әр қалай, ал нәтижесінде барлық параметрлерді сипаттайтын ортақбір сан алынады. Осы типтес нақты функциялар әр түрлі категорияларда орналасқан, соның ішінде көп бөлігі Математикалық және Статистикалық категорияларында орналасқан.

 

Қосындылау функциясы. Қортындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады.

Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т.б. жатады.

Көптеген экономикалық есптерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х – функцияның аргументі, ал у – функцияның мәні, f – функция.

Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік). Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) – В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция.

Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:

·         SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар;

·         ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар;

·         МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция;

·         LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер;

·         КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция;

·         ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;

·         ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар.

Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп.

Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау. Excel програмасында бүкіл жұмысы кітабын кез-келген парақты немесе ұяшықты қайсыбір көлденең жағдайлардан, сақтап қоюға болады. Мәліметтерді қорғап қою оны өзгерістерден қорғау қасиетін алып тастағанға дейін сақталады. Әдетте жиі өзгермейтін мәліметтер ( есептеу формалары, кестенің тақырыптары, ұяшықтың аттары) ғана өзгертуден қорғалуы тиіс

Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:

·         өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғау қасиеттері алынады;

·         ағымдағы парақа немесе оның кейбір ауқымдарына қорғалу қасиеті енгізіледі.

Бұдан кейін тек қорғалу енгізілген ұяшықтар мен ауқымдарға ғана мәліметтер енгіземіз.

Ұяшықтардың қорғалу қасиетін енгізу. Қажетті ауқымды ерекшелеп алып, содан кейін Пішім >Ұяшықтар >Қорғау (Формат > Ячеики >Защита) командасын орындап, ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесінің Қорғау (Защита) қсытырмасындағы жалаушыларды орнатамыз немесе алып тастаймыз.

 

Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парқта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диагамма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.

Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады.

 

Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандартты қыстырмасындағы Түр (Вид) тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген. Сонын ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін Ары қарай ( Далее ) батырмасын басамыз.

      

Мәліметтерді таңдап алу. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтердің таңдап алудан басталады. Егер мәліметтер ауқымы алдын- ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің үстінгі  жоғарғы бөлігінде орналасқан адын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады. Егер мәліметтер бірдей ауқымды тік төртбұрышты қамтитын болса, онда оны мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап  алған қолайлы. Егер мәліметер бірегей топтан емес, жеке қатарладан тұрса, онда оны Қатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс.

 

Диаграмманы безендіру. Диаграма шеберініңүшінші сатысы ( Ары қарай батырмасын шерту арқылы алынады ) диаграмманы безендіруден тұрады. Диаграмма шебері терезесінің қыстырмларына төмендегі параметрлер енгізіледі:

·         диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары қыстырмасында);

·         коордиаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);

·         координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар қыстырмасында);

·         тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама қыстырмасында);

·         графиктің элементердің жеке мәліметтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу ( Мәліметтер қолтаңбасы қыстырмасында );

·         графикті тұрғызуда пайдалынылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету ( Мәліметтер кестесі қыстырмасында);

 

Диаграмманы орналастыруАры қарай (Далее) батырмасын басу арқылы Диаграмма шеберінің соңғы сатысына көшеміз. Бұл терезеде диаграмманы жаңа параққа немесе бұрынғы  жұмыс парақтарынң біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап бреміз. Дайын (готово) батырмасын шертіп, өзіміз көрсеткен парақта орналасқан дайын диаграмманы аламыз.

 

Диаграмманы редакциялау. Дайын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесідей элементердің жиынтығынан тұрады: тақырыбы, тақырыптық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлер, сандық мәліметер және т.б. Диаграмманың кез-келген  элементін ты

1234
скачать работу

Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ