Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР

соң Римнің ықпалына түседі. А. Македонскийдің (336-323) жорықтары Шығысты эл¬линизациялаудан басталып, эллинистік монархияларды қа¬лыптастырды. Бұл кезеңнің саяси ой-пікірлері Эпикурдың (341-270) іліміне байланысты дамыды. Табиғат өз заңдылы-ғымен, құдайлардың араласуынсыз дамиды. «Қоғамдық және саяси өмірге араласудың қажеті жоқ. Мемлекет – биліктің, саяси араласудың мақсаты, адамдардың өзара қауіпсіздігін қам¬тамасыз ету, олардың өзара үрейленуін жеңуі, бір-біріне зиян келтірмеуі», – дейді Эпикур. Заңдар «данышпандарды» «бұқарадан» қорғау үшін қажет екен. Бұл Эпикурдың этикасы.
Зенон (336-264) – стоицизмнің негізін қалаушы. Бұл ағым бойынша дүниелік құрылысын тағдырдың өзі басқарады. Жаратылысқа негізделген мемлекет заңдарын бұлжытпай орындауды жақтайды. Стоицизм Полибийге де (210-128) әсер еткен. Оның басты еңбегі – «40 томдық тарих». Онда Римнің бүкіл Жерорта теңізіне жасаған өктемдігі көрсетілген. Мемлекеттік құрылым «табиғаттың заңына байланысты жүреді екен. Полибий мемлекеттің 6 формасын көрсетеді: патшалық, тирания, аристократия, олигархия, демократия, охлократия. Римнің мемлекетін құрылымы жағынан ең тұрақты дейді. «Үш билікті» – консулдар билігі, сенат және халық билігі патшалық, аристократиялық және демократиялық бастамасы дейді.
Ежелгі Римнің саяси ой-пікірлері. Үш кезеңге бөлінеді:
– патшалық (754-510);
– республикалық (509-28).
– императорлық (27-476).
Біртұтас Рим империясы б.з.д. 395 жылы түпкілікті түрде Батыс (Рим) және Шығыс (Константинополь) болып екі империяға бөлініп кетті. Олар Шығыс Рим және Византия болып 1453 жылға дейін өмір сүреді. Римнің тарихы ұзақ дамыды. Көбінде құлдардың күресімен байланысты болды. Құлдар өз алдына саяси концепциялар ұсынбаса да қоғамдық ой-пікірдің дамуына ықпал етті. Ежелгі Грек концепция¬ларының ықпалы болды. Әсіресе б.з.д. V ғасырдағы Солонның заңдары ықпалды болды. Ежелгі Грек авторларына Сократ¬тың, Платонның, Аристотельдің көзқарастары жатымды ықпал жасады.
Марк Туллий Цицерон (106-43) – шешен, мемлекет қай¬раткері, ойшыл болған, мемлекет, құқық туралы ілім жасаған. Мемлекетті халықтың игілігі деп түсіндіреді. Мемлекет халық¬тың бірлесіп өмір сүру қажеттілігінен келіп шыққан дейді. Араласпа билікті дұрыс деп түсіндіреді. Патшалық билік пен сенаттық республиканы дұрыс дейді. Соңғысы жетілген түрі. Мемлекет ісін басқаратын адамдар кемеңгер, ақылды, шешен, әділ болуы керек. Ал құқық туралы ілімінің негіздерінде әділдік болу қажеттігі байқалады. Ақиқат заң болуы шарт. Қабыл-данған заңдар елдің тұрмыс-дәстүріне сай болуы керек. Азат¬тық және әділдік жолындағы қажырлы күрескер республикалық идеядағы Цицеронның көзқарастары француз революционері Мирабоға, Робеспьерге, Аквинскийге, Монтаскьеге әсер етті. Қазіргі зерттеушілер де немқұрайды қарамайды.
Рим стоицизмінің негізін қалаушылар: Луций Анней Сенека (3-65), Эпиктет (50-138), Марк Аврелий Антонин (121-180). Олардың ілімдері Рим ұлы державалық елге айнала бас¬тағанда қалыптасты. Сенека барлық адамдардың қоғамдық жағдайына қарамастан рухани бостандық идеясын жақтады. «Адамдар бір-біріне туысқан» дейді. Адамдар тағдырға, табиғат заңдарына бағынуы керек. Шыққан тегі құл Эпиктет және Марк Аврелий Антонин де сондай идеяларды жақтады. Эпиктет адамгершілік жағынан жетілуге шақырды. Байлықты, құлдықты сынады. «Өзіңе не қаламасаң, өзгеге де соны қалама» деді. Антонин: барлығына ортақ заң бар, билікті теңдік тұрғыда жүргізетін мемлекет идеясын қолдады. Рухани бастама, ақылдылық және заң басты болу керек.
Ежелгі христиандықтың саяси-құқықтық идеялары б.з.д.
I ғасырдан бастау алады. Негізгі шығармалары: Иоанн Бого¬словтың жазбалары, Иисус Христостың «Бостандық заңы». Негізі шындық, әділдік тікелей құдайдан келеді деген идеямен сабақтасып жатады.

12
скачать работу

ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ