Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі Греция музыкасы

8) өзінің партенияларымен танымал. Пиндардың пифийлік одасына кіріспе – біртума ескерткіш. Екінші ескерткіш V ғ. жатады. Еврипидтің «Орест» трагедиясынан үзінді болып табылады. Трагедия – бұрын болған өнерлердің (поэзия – музыка, пластика – музыка) биік синтезі деп айтуға болады.

   Трагедияның классикалық ғасыры боп  б. з. д. V ғ. саналады: оның соңғы үштен екі бөлігіне ұлы трагиктер – Эсхия (шам. б. з. д. 525 – 456 жж.), Софоклдың (шам. б. з. д. 496 – 406 жж.) және Еврепидтің (шам. б. з. д. 480 – 406 жж.) шығармашылық жолдары жатады.

   472 ж. Афинада трагедия қойылатын, Дионистің зәулім театры салтанатты түрде ашылды. Хор трагедиялық сахнада халық атынан қатысқан.

   Өзінің мазмұнында грек трагедиясы Эсхилда ежелгі мифологияға сйенсе, тұлғалық – қаһармандық, субъективті бастау Сфокл мен Еврепидте күшейе бастайды.

   Трагедия қойылымдары ұлы дионисияларда V ғ. Афинада трагиктердің сайысы сияқты өткен. Актерлар әнші де болған; хор әндетуі пластикалық қимылмен қосылған. Авлос пен кифара, гректердің сүйікті аспаптырымен, ән сүйемелдеді. Бірақ спектакль кілең музыкалық болған жоқ: диалогтар әуенді речитацияға көшті, мелодрамаға – әндетуге. Дрманың    әр эпизодын музыкалық – пластикалық хорлық стасималар аяқтады. Реніштер, «жылаулар » кейіпркерлердің коммасына ойнап отырған, актердің хормен қосылып айуын білдіреді.

   Эсхилде хорлық музыка басым болды. Хордың басында шығуы пародпен белгіленген: бұл драмаға хабарлауыш кіріспе және оның лирикалық  айындауышы. Сосын, әр эписодий    хордың стасимымен аяқталады, эскилдың трагедияларының  музыкасы ұстамды, қарапайым, диатоникалық б. т. деп жорамлдайды.

   Софоклда трагедияларының кернеулі дрматикалық даму, эпикалық және лирикалық элементтердің қысқарып, жеке актер маңызының өсуі, қаһарманның алға шығуы музыкада сәулеленеді. Софоклда хорлар лирикалық – драматикалық мазмұнды және жинақы, әрекет дамуында маңызды рөл атқарады.

   Софоклдың жаңа тенденциялары Еврипидте күшейе түседі. Драмадағы функциясын өзгерткен хордың мазмұнына жеке тұлғалық сезімнің енуі тән. Еврипид стилі бойынша   IV ғ. шыққан жаңа бағыттың өкілі, және оның музыкалық трагкдиялық театрдан асып, шекарасын аса кеңейткен.

   Ежелгі Грециялық трагедияның алдағы уақытына ықпалы, оның эстетикалық табиғатымен, синтетикаық сипатымен, драматургиялық концепциямен байланысты.

   Грек комедиясы музыкасының рөлі туралы тарихи мәлімет онша көп емес. Бірақ онда да хор қатысөаны белгілі. Комедия музыкасы жанрдың сипатына қарай – жеңіл, вакхтық кордакс болды.

   Элминисттік кезеңде өнер халықтың көркемдік өмірінен шыққан емес, ол толығымен кәсіби түрде дамыған. Дәл осы уақытта Филоксен, Цитера өкілі (435 – 380)хорлық дифирамбтарды үлкен виртуоздық соло қосып жасайды. Милет өкілі Тимофей (449 – 359) кифарада ішек санын көбейтіп, шығарманың виртуоздығымен тыңдаушыларды тамсандырған.

   Ежелгі Греция музыкасы айлы жазылғанның барлығы, сақталған материалдарға қарап отырып мелодиканы сипаттау болды деп айта аламыз. Ежелгі Греция  музыкасына бірдауыстылық тән.

 

   Платонның алға шығарған, Аристотель тереңдеткен эпос теориясы антикалық музыка туралы ой аса қызықты.

   Платон өзінің кіршіксіз мемлекетінде (басқа өнер арасынан) музыкаға басты рөлді жақсы азаматты тәрбиелеуде бекіткен. Платон көзқарасы бойынша эпостың маңызы шығармада немесе оның бейнелігінде, мәнерлеу тәсілдері системасында емес, тек аспаптың сазы (лад) мен тембрінде жатыр.

   Аристотель музыкасы, бір емес, бірнеше мақсатта қолдануы керек деп санайды. «1)  тәрбиелеу үшіін, 2) тазару үшін, 3) интеллектуалдық сауық – сайран үшін, яғни кернеулі жұмыстан дем алып, сабырлы олу үшін.

   Гректің ойшылдарының  арасындағы музыка жайлы жазған алғашқы философ, математик – Пифагор (б. з. д. VI ғ.). Ол бастапқы музыкалық интервалдардың зерттеулерінің иесідеп саналады. Бұл толығымен математикалық қатынастарға, ішекті бөліп санау арқылы болған. Және адам есту қабілетінің талаптарына, әуезділікке мүлдем жауап бермеу болды.

   «Пифагоршы –канониктерге» соңыра «гармониктер» бағыты қарсы тұрды. «Гармониктер» – IV ғ. Таренттен шыққан Аристоксеннің, Аристотель оқушысының ізбасары. Аристоксен жетістігі – музыка теориясының талаптарын белгілеп, жуйелеу.

   Ежелгі гректік саз туралы ілім бірнеше ғасыр бойы күрестіріліп, александрийлік ғалым Клавдий Прюломейдің қолымен қорытындыланды. Ол б. з.  II ғ., антикалық дыбыс тізбектерінің теориясының толық мәлімдемесін қалдырды.

   Ежелгі Грецияның саздық жүйесінде негізгі мелодиялық буын рөлін тетрахорд атқарған. Егер ми – ре – до – си тетрахорды соңынан тағы сондай келсе – саз дорийлік болады, оны Платон мен Аристотель қатаң, адам жанына ішкі тепе – теңдік тудыратын мәдениет деп санады. Екі фригийлік тетрахорд біріксе (ре – до – си – ля және соль – фа – ми – ре) фригийлік саз , пайда болды, бұл дифирамб сазы. Екі лидийлік тетрахорд (до – си – ля – соль және фа – ми – ре – до) лидийлік саз құрады, бұл мұңлы, интимді.

  Хроматизм мен энгармонизм бірге дыбыстізбектің ішіндегі бегілеулерде гректер аспаптың сазына сүйенген.

12
скачать работу

Ежелгі Греция музыкасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ