Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі

көп өзгермеген және неғұрлым толық күйінде Жезқазған облысы қазақтарының арасында қазіргі кезге дейін айтылып келеді, олар өздерінің ата-тегін нақ Кетбұғаға апарып тірейді және оны жоғарыда айтылған жырдың авторы деп санайды. Кетбұға есімі өз кезінің беделді биі ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген атақты жырау Доспамбет шығармаларында да кездеседі ("Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда?!").

Дешті Қыпшақ даласының әйгілі ақындарының бірі болған Қотан шежірелік аңыздарға сәйкес арғын тайпасының негізін қалаушы болып табылады, ал екінші бір деректер бойынша Қотан (Қодан, Кодон, Кодян) - половец-қыпшақ хандарының бірі (Мадиярлардың Венгрияға қоныс аударуын басқарған жетекшілерінің бірі де Котян деп аталған).

Қотан шығармаларының бірнеше жолы ғана сақталған, ол оның ұлы Ақжолдың (бір нұсқада Дайырқожа) қарақыпшақ Қобыланды батырдың қолынан қаза табуына байланысты шығарылған жоқтау өлеңінің үзіндісі табылды.

Жырда қайғы үстіндегі қарт әкенің ұлын "құлыным" деп жоқтаған зарлы үні, бір сәтте өне бойын жайлаған қасірет пен өкініш, аяныш пен өзін кінәлаған жай-күйі терең сезіммен берілген.

Ақжолдың (Дайырқожа) Әбілқайыр хан тұсында барлық даулы мәселелерді әділ шешкені үшін Ақжол атанып, атақты би болғаны мәлім. Ол 1456 жылы өлген. Егер оның әкесі сол кезде тоқсанға таянғанын ескерсек, Қотан ақын 1370 жылдарда туған деп жорамалдауға болады.

XІІІ-XІV ғасырларда Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі - Сыпыра жырау Сұрғантайұлы өмір сүрді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. Бұған жол бермеу үшін Сыпыра жырау Тоқтамысқа Едігеге елші жіберіп, онымен татуласуға, ал сонан соң оны алдап өлтіруге кеңес береді.

Сыпыра жыраудың толғауы нақты ақындық сипаттамалар мен бейнелі сөздерге толы. Жырау Едіге жүріп өтуге тиісті жерлерді айшықты суреттеп, тарихи тұлғаларға бейнелі анықтамалар береді. Тоқтамыстың алдында айтылған бұл толғау Сыпыра жырау өміріндегі соңғы толғау болды және шамамен 1390 жылы айтылған. Егер аңызға сүйенсек, сол кезде жырау 180 жаста болған, яғни Сыпыра жырау шамамен 1210 жылы туған деп санауға негіз бар. Бұл оның өзі айтқандай Шыңғыс ханды шынында да көріп-білген деген сөз.

Алтын Орда дәуірі тек қана қиратып-күйретумен ғана емес, сонымен қатар қалалардың өсуімен, сыртқы саяси және сауда қызметінің жандануымен, жазу-сызу мен әдебиеттің дамуымен сипатталады. Бұрынғы мәдени дәстүрлер қайта түлеп, Солтүстік Кавказды қоса алғанда, Дешті Қыпшақтың, Орта Азия мен Еділ бойындағы барлық этникалық топтарға ортақ жаңа мәдениет қалыптасты. Бұл кезеңде ресми монғол-қыпшақ қос тілділігі орын алғанымен қыпшақ тілі анағұрлым кең тарады. Араб және парсы тілдері де кең қолданылды. Алтын Орда мен мәмлүктік Мысырда көркем әдебиеттің басым бөлігі қыпшақ тілінде жасалды.

Ең елеулі әдеби шығармаларды негізінен сарай төңірегіндегі талантты ақындар жазған, олар әдетте мемлекеттік қызметте немесе билеушілер жанында болып, өз туындыларын көбінесе билеушілерге арнаған не оларға сыйға тартып отырған.

Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сол кезеңде жасалған туындылар арасында "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің "Мұхаббат-наме", Құтбтың "Хұсрау-Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би-т-түрки", Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха", Рабғузидің "Қиссас-ул әнбия" атты шығармаларын және т.б. ерекше атап көрсетуге болады.

"Кодекс Куманикус" (XІV ғ.) - Жоңғар қақпасынан Дунайға дейінгі ұлан-байтақ жерді қамтыған қыпшақтар үстемдігі кезіңде туған еңбек. Оған көркем әдебиеттің үлгілері де енгізілген. Мазмұны мен құрылымы жағынан бұл еңбек - Ордаға түрлі мақсаттармен келген және латынша білетін европалықтарға, сондай-ақ, латынша білгісі келген қыпшақтарға (парсыларға да) арналған арнайы сөздік және қыпшақ тілінің оқулығы іспетті. Сөздік екі бөлімнен тұрады. Түркітанушылардың пайымдауынша, оларды түрлі мақсаттар көздеген бірнеше автор жазған. Итальяндықтар жазған болуы мүмкін деген бірінші бөлім жақсы ойластырылған үш тілді латын-парсы-қыпшақ (құман) сөздігі болып табылады. Бұл бөлім қолжазбаның 110 бетін қамтиды.

Одан әрі бірнеше бетте "аudіo" ("есіту") сөзінің бірнеше түрі берілген. Мұның өзі сөздікті лексикография принциптерін жақсы білген және Дешті Қыпшаққа келіп, тіл жөнінен қиналған адамдарға көмек көрсету мақсатын ғана көздеген адам құрастырғанын байқатады. Ғалымдардың пікірінше, бірінші бөлімді құрастырушы латыншаны өте жақсы білген, ал құман-қыпшақ тілі жөнінде бұлай деп айтуға болмайды.

"Кодекс Куманикустың" екінші бөлімін негізінен алғанда фольклорлық материалдар құрайды. Олар: жергілікті ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және христиан уағыздары мен Мария ананың, Христос пен оның апостолдарының өмірі туралы аңыздар. Бөлім қолжазбаның 161 бетін қамтиды, оны тегінде миссионерлік мақсатпен немістер құрастырған болса керек. Бұл бөлімде көптеген сөздер құман-неміс тілінде, ал өзге лексикалық ұғымдар құман-латын тілінде берілген. Мысал ретінде келтірілген мәтіндер, сондай-ақ сөздер сол кездің тілін ғана емес, сонымен қатар Дешті Қыпшақтың көркемдік мәдениетін де сипаттайды. Сөздер мен сөз тіркестерін айтпағанның өзінде, көптеген жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен қанатты сөздер қазіргі қазақ тілі мен фольклорында сақталған.

XІV ғасырдың басында Насреддин Рабғузидің халық арасында "Қиссас ул-әнбия" деген атпен көбірек мәлім "Қисса-и Рабғузи" деген қолжазба кітабы пайда болды. Қолжазба ғасырлар бойы бірнеше рет көшіріліп, көптеген көшірме нұсқалары көптеген елдерге тарады. ХҮ ғасырға жататын ең ерте нұсқасы Британ мұражайында сақтаулы. Ол 1990-1991 жылдары Ташкентте басып шығарылды. Автор Мауараннахрда, Рабати Оғыз деген жерде туған (оның Рабғузи деген бүркеншік аты да содан шыққан).

Кітап Мұхаммедке дейінгі пайғамбарлардың өмірі мен олардың бастан кешкен оқиғаларын және Мұхаммедтің өзі мен мұсылман халифтарының өмірін баяндауға арналған. Онда дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан су басуы туралы және Жер бетінде жаңа тіршіліктің басталуы туралы мифологиялық әңгімелер, түрлі аңыздар, ертегілер мен мысал әңгімелер бар. Жекелеген хикаялар ерте орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға, мысалы, ат-Табари "Тарихына" барып тіреледі.

"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармаларды идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады: а) дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы туралы, адамның, жануарлардың, жын-шайтандардың және басқа да тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер; ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері; б) хижраның алғашқы он жылындағы негізгі оқиғалар тізбегі, жылдардың, айлар мен күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер туралы мәліметтер. Осылардың бәрі ислам діні тұрғысынан баяндалады. Бірақ мұнда халықтың дүниетанымы мен кейіпкерлерді фольклорлық дәріптеу айқын байқалады. "Қисас ул-әнбия" құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін баяндап беретін танымал прозалық шығарма ғана емес, онда автордың үлкен дарын иесі екенін дәлелдейтін дидактикалық әңгімелер мен өлеңдер көп. Бұл ретте Жүсіп пен Зылиха туралы хикаяттағы махаббат сипатындағы өлең жолдары ерекше назар аударарлық. Ал құран хикаялары мен аңыздарының сюжеттері адамдарға түсінікті, тартымды да қарапайым тілмен баяндалған. Олардың діни ғана емес, танымдық мағынасы да зор, оларда өмір шындығы мен уақыт белгілері көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаяттарда айтылатын басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер бар.

Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі шығармалардың бірі - "Хұсрау-Шырын" дастаны, оның авторы - шыққан тегі қыпшақ Құтб ақын. Ақын өмірі туралы толық мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдарда Ақ Орданың астанасы - Сығанақ қаласында туып, өз дастанын сонда жазғаны, бұл туындысын билеуші Тыныбек пен оның әйелі Мәлике ханымға арнағаны мәлім. Автор дастанының түпнұсқасын билеушіге тарту еткен болуы мүмкін, өйткені ақын билеушіден өзін қызметке қабылдауды өтінгенде әмірші Құтбтың тілегін орындаған. Алайда Тыныбек елді ұзақ билеген жоқ, кейбір деректер бойынша - 1337 жылдардан 1340 жылға дейін, басқа деректерге қарағанда 1342 жылғы наурыздан 1343 жылдың басына дейін ғана билік еткен. Сарай төңкерісі нәтижесінде Тыныбекті өз інісі Жәнібек өлтірген, ал Құтбтың одан арғы тағдыры туралы деректер жоқ.

Негізінен Құтб өз дастанын 1341-1342 жылдарда жазып бітірген. Қолжазбаның бірнеше көшірмесі болса керек. Дастанның бір көшірмесін қыпшақ ақыны Берке Факих (Берке ибн Беракез ибн Едгу Қыпшақи) Мысырға алып кетіп, онда 1383 жылы өзінің туысы Құттықожаның өтінуімен даста

123
скачать работу

Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ