Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi

аңа теорияларын iздестiру үстiнде (элементарлық бөлшектрдiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi дамуының, күрделi жүйелердiн, басқарудың және т.б. жалпы даму теориясы). Мұндай жоғары денгейлi жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет бар жерде ғана мүмкiн.    Сондықтан философия мен жеке ғылымдардың арақатынасы символикалық түрде бiлiм ағашы болып көрiнедi:философия мұнда-өзек-дiнгек болса, ал жеке ғылымдар-оның сыртқы қабыршығы деуге болады (Р.Декарттың (1596-1650)-барлық философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, орта бұтағы-физика, ал осы бұтақтан таралған бұтақшалар басқа ғылымдар). Өйткенi жеке ғылымдар дүниенiң тек жеке үзiндiлерiн ғана зерттейдi, ал философия болсашы сол ғылымдардың негiзгi даму бағыттарын ұйғарып отырады да, олар жасаған қорытындыларды  қоғамдық-мәдени денгейде жалпылап, түсiндiрiп отырады.   Әрине философия ұлы данышпандардың өй-толғауларының туындап отыр, бiрақ философияны субъективтiлiкке жатқызуға болмайды (Ницше- философия жеке дара ойшылдың шығармашылығы деп есептеген), өйткенi философия тек форма жағынаң субъективтi, ал оның мазмұны әрине объективтi болып келедi. Ұлы философтардың жүйелерi ғылымилық өлшеуiшке әбден келiп тұр, ол рационалдық, объективтiлiк, жүйелiлiк,интерсубъективтiлiк.

 Егер тарихқа жүгiнетiн болсақ, онда философия мен арнайы ғылыми бiлiмнiң арақатынасында үш кезеңдi аңғартуға болады:

1) ертедегiлердiң алғашқы бiртұтас бiлiмдерiнiң жиыны барлық пәндердi қамтитын «философия» немесе «табиғат философиясы» деп аталды; бұл алғашқы бiлiм ғылым бастамалары да, философия бастамаларын да қамтиды.

2) бiлiмдердiң мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып, бiртұтас жиыннан бөлiнiп шыға бастауы,әсересе 16-18 ғғ. жылдамдата жүрдi.

3) Бiрқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып, олардың бiртiндеп интеграциялануы.19ғасырдан басталған үшiншi кезең одан әрi жалғасуда.Соңғы кезеңде бұрынғы дерексiз философиялықформада ғана қарастырылып келген көптеген теориялық мiндеттердi ендi ғылым өз мiндетiне алды. Философия қайта ғылыми бiлiмдердi жалпылаудың негiзiнде шешушi тиiс екендiгi барған сайын дәлелдене түстi. Ал бұл философияның ғылымилық сипатың арттыра түстi.

123
скачать работу

Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ