Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері

аутаманың есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір – қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынадай: өмірге келу – азап, қартаю – азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу – азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу – азап, көздеген мақсатына жете алмау – азап. Ал осы азаптардан құтылудың басты жолы – сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу. Будда ілімі адамның бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».
Христиан діні б.з. І ғасырда қалыптасты. 1054 жылы христиан діні: католик және православиелік болып екіге бөлінсе, ал ХVІ ғ. бұл діннің жаңа тармағы – протестанттық ағым пайда болды. Христиан діні — өзінің мазмұны мен мәні жағынан өзгеше жаңа мәдениеттің негізін қалауға ткелей себепкер болды. Бұл жаңа мәдениет адам тұлғасын мойындады, адамды құдайтағаланың жер бетіндегі пендесі, ал Иисус Христос адамзат баласының ең жақын қамқоршысы деп танылды.
Библияда христиан Құдайы «Қазына Құдайы» деп аталды, өйткені мұндағы Құдай пұт емес, адам еркінің көрінісі емес, ол адамнан мүлде тәуелсіз өмір сүреді. «Құдай – ол нағыз махаббат» өйткені оның адамзат баласына деген махаббаты өте шексіз, ол еш уақытта да адамдарға жамандық пен жауыздық жасамайды. Зұлымдық пен жауыздық – адамдардың мән-мағынасыз өмірінің және бұл өмірде жасаған күнәлерінің жемісі.
Ислам (арабша Аллаға берілу, мойын ұсыну) діні Батыс Аравияда VІІ ғасырда таптық араб мемлекетінің құрылу кезеңінде пайда болды. Ислам діни ілімі Құранда баяндалған, оның мазмұны, аңыз бойынша, Құдайдың еркімен Мұхаммед пайғамбарға хабарланған. Ислам діні христиан діні мен иудаизмнің, ішінара манихейлік пен зороастризмнің әсеріне ұшырады. Исламның басты догматы бірден-бір ақиқат Құдай көк пен жерді жаратушы және ондағы бір нәрсенің бәрін жасаушы ретінде олардың үстінен өктемдік жүргізетін Алланы мойындау болып табылады. Мұсылманның бес парызы бар. Олардың біріншісі, діннің символы: «Алладан басқа Құдай жоқ, ал Мұхаммед – Құдайдың елшісі» деген сөздерді айту болып табылады. Одан әрі мұсылмандарға күнделікті намаз оқу, ораза тұту, салық (зекет) төлеу, сондай-ақ қажыға бару парыз етілген. Ислам негізінен екі бағытқа – суннизмге және шиизмге бөлінеді.
Мұсылмандық діннің еуразиялық Далада таралуына байланысты көшпелі халықтардың ғарыш туралы түсінігі де өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы ескі мұра жоғалып кетпей, ислам космогониясымен синкреттік (тығыз байланысты) түрде тұтасты. Бұл түсініктер бойынша әлем екі дүниеден: фәни (белгісіздік) және бақидан (мәңгілік) тұрады. Осыған сәйкес адам өмірі шексіз. Фәниден бақиға өту, бұл дүниеден кету дегеніміз – жанның бір формадан екінші формаға ауысуы, оның нұрға айналуы.
Мифология мен діни сананың кемшіліктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.
Натуралистік философия – жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты.
«Философия» — грек сөзі (даналықты сүю), шығыс халықтарында арабшаланған түрде фәлсәфә деп аталады, біздің айналамыздағы өмір шындығы жөніндегі көзқарастар жүйесі, дүние туралы және онда адамның алатын орны туралы анағұрлым жалпы ұғымдардың жүйесі болып табылады. Яғни, даналыққа құмарлық деген мағынаны білдіреді.
Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы – материалдыққа және идеалдыққа душар болады.
1. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады.
2. Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті құбылыстар (ойлар, сезімдер, психикалық қасиеттер) жатады.
Философияның атқаратын функциялары:
1. Дүниетанымдық, дүниені танып білу;
2. Рационалды (заңдарды ашу);
3. Критикалық, сынға салы;
4. Болашақты болжау.

2. Философияның тарихи типтері
1. Философияның үш ірі ошағы.
2. Антика заманының философиясы.
3. Орта ғасырлық философиясы.
4. Орта Азия халықтарының философиясы.
5. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы.
6. Жаңа заман философиясы.
7. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы.

Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу.
Философияның үш ірі ошағы: Қытай, Үндістан, Греция.

Ежелгі Үнді философиясы

Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі қызметтері болды.
Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой еңбегі, кшатрийларға — әскери қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға – қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да, қалыптасты.
Үнді философиясының мақсаттары – адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның «өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көру, «иога» жаттықтыру, денені машықтандыру.

Ежелгі Қытай философиясы

Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, әр түрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы — әрі патша, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды.
Б.д.д. үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізі алты философиялық бағытқа – мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен байланысты.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол — әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Ең басты мәселелер – адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие.
Мэн-цзы – Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, аспан-объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі – адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады.
Конфуцийлық б.д.д. І ғ. Мемлекттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
Легистер (заңгерлер) – негізгі өкілдері: Шан Ян, Хань-Фэй-цзы. Олардың пікірінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау көп болу керек; 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрейді тудыру қажет; 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады; 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.
Конфуцийшылардың мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі деген ілімнің орнына легистер: мемлекет — өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру, осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру.
Конфуцийшылдар мен легистер арасындағы күрес көп жылдарға созылды.
Даосизм (б.д.д. VІ-V ғғ.). Бұл ілімнің негізін қалаушы Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі – «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин»).
Даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе, және ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық ұғым. «Дао» — алғашқы бастама. Алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. (Дао – барлық заттардың анасы).
Әлемдегі денелерде аспан (ян-еркек) мен жер (инь-әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. «Дао» — болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз (дао және дэ) еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес. Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айырылып қалды.

Антика заманының философиясы (б.д.д. VІІ-VІ ғғ.)

Аталған дәуірлерде Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себепте

12345След.
скачать работу

Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ