Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Фирмалар және рыноктар

ңалықтар енгізу үшін ресурстардың өсуін талап етеді.Жаңа технологияға сынақ жүргізуге пайдаланатын балалық және венчурлік компанияларға қаржымен қолдау көрсетіледі.

 2. Квотаны дифференциялау статегиясы. Бұның мақсаты – жоғары пайданы сақтап, фима үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен фирма өз өнімінің бағасын төмендетіп, оған тұтынулық сұранысты өсіруді көздейді.

3. Инновациялық стратегия өнім мен қызметтердің жаңалануын, сонымен бірге негізгі қорлар өндірісінің жаңалануын және инновацияларды жаңа өнімдер мен технологияға енгізуді тіледі.

                Өнімдік инновация жаңа өнім бағасын көтеру арқылы фирмаға өз пайдасын барынша көбейтуге мүмкіндік береді.

                Технлогиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оның өзіндік құнының артық өсуіне жол бермей, пайданы барынша көбейтуге көмектеседі.

                               4. Нарықтық қуыстарды меңгеріп оларды толтыру стратегиясы. Бұл бағытты жүзеге асыру ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік тәуекелдікпен байланысты. Тәуекелдк – болжаумен және жоспармен қарастырылған шығындардың немесе табыс түспеуінің ықтималдығы. Тәуекедіктің маңызды түрлері:

  • өндірістік;
  • коммерциялық;
  • қаржылық;
  • несиелік;
  • проценттік.

Коммерциялық қатер – кәсіпкер сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізумен байланысты процестерде туады.

Қаржылық қауіп – қатер – қарызға алынған қаражаттар мен кәсіпорынның барлық қаржыларының арасындағы өзара байланыстан пайа болады.

Несиелік қауіп – қарыз алушының оны қайтара алмайтын мүмкіндіктің болуымен байланысты.

Проценттік қауіп – қатер – процент нормасының өсуіне байлнысты, құнды қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндгіменбайланысты болады.

Әдетте мынандай пікір қалыптасқан: қауіп – қатер болу мүмкіндігінің дәрежесі, осы іс - әрекеттерге қатынасатын адамдар санына керісінше пропорционалды болады.

Қауіп – қатерден сақтандыру келісімін жасағанда, сақтандыру компаниясы кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны үшін сыйлық төлейді. Мұның көлемі мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады. Сақтандырылмаған қауіп – қатер фьючерстік келісім жасау арқылы, хеджирленірумен және нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандырылуға жатады.

Фьючерстік контракт деп тауарды кейін жеткізу туралы келісімді айтады. Келісімді жасаған мерзімде екі жақ жеткізілетін тауар бағасы туралы келіседі. Фьючерстік келісімдер көбінесе хиджерленуді мақсат етеді – жетізуші, немесе, сатып алушы, бағаның ұнамсыз өзгеруі мүмкін болуынан сақтандырылады.

Фирманың қаржылары мен ресурстарын үнемдеуде қауіп – қатер факторының болуы өте зр стимул болып табылады.

Қауіп – қатерді өлшеуге болады. Оны өлшеу үлгілерінің статистикалық, эксперттік, есептеу – аналитикалық түрлері болады.

Статистикалық әдістекәсіпкерліктің осы түрінде бұрын болған шығындар статистикасы зерттеледі, шығындардың болып тұруының  жиілігі есепке алынады, сөйтіп, осы деректерге сүйене отырып, қауіп – қатердің ықтималдығы жорамалданады. Статистикалық әдіс мәліметтердің көп болуын талап етеді.

        Эксперттік әдіс мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің ой – пікірлерін талдап есепке алуды тілейді.

        Есептеу – аналитикалық әдіс математикалық тетіктер мен тәсілдерді кең пайдалануға негізделеді.

        Фирмалардың көбінде қауіп – қатерлік мәселелерімен айналысатын менеджер болады. Ол фирма қызметтерінің барысында қауіп – қатерлердің болып қалу мүмкіндігін зерттеп анықтайды, осы жағдайдағы оның салдарын бағалап, сақтандырудың және өзін - өзі сақтандырудың түрін таңдайды.

        Өзін - өзі сақтандыру ерекше резервтік қордың құрылуын талап етеді. Сақтандырылатын барлық заттың құны фирманың барлық заттық және қаржылық көлемімен салыстырғанда, оның көлемі шағын болса, онда сақтандыру келісімін жасасудың жөні бар.

                Қорытынды

  1. Бағаның қызмет етуіне байланысты, нарықтық заңға сәйкес сұраныс пен ұсыныстың еркін ойыны арқылы анықталатын нарық – еркін бәсекелестік нарығы деп аталады.
  2. Жетілген бәсекелестік жағдайында ұзақ мерзімді уақытты MC=MR=AC=P теңдігі сақталады. Тепе-теңдік жағдайында осы белгілі бәсекелестік саланың барлық фирмаларының шығындары бірдей болуы керек деген парадокс туындайды.

 

Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік кеңестер

                Аталған тақырып микроэкономика пәнінің маңызды тақырыптарының бірі болып табылады және де бұл тақырыпты семинар сабағында талқылауға және игеруге 1 сағат жоспарланады. Оқу-әдістемелік кешен бойынша студентерге тақырыптың дәрістік мән-мәтінін сипаттайтын негізгі сұрақтарды толығымен оқып түсінуді міндеттейміз, сонымен қатар, тақырып бойынша негізгі терминдерді мүмкіндігінше жаттап алуға көп көңіл бөлу қажет. Дәріс мәтініндегі негізгі графиктер тақырып бойынша аса көп кездесетіндіктен, сол графиктердің де мәнін өз бетінше терең түсініп, оларды жеке тұрғыдан сала білу қажет. Ал бұл негізгі терминдер мен графиктер қатарынан нөмірі 1, 2, 3, 4, 5 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша жасалған. Сондай-ақ, дәрістің негізгі теориялық сұрақтарының қысқа да нұсқа мәтінін нөмірі 9-шы міндетті әдебиеттен оқуға кеңес береміз. Бұл тақырыптың негізгі мазмұны әр әдебиетте әртүрлі тұрғыда берілуі мүмкін, сондықтан тақырыпты талқылау барысында негізгі әдебиет көздеріне сілтеме жасалып, өзара салыстырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін жеткізе білу қажет. Студенттерге дәрістің тек теориялық сұрақтарын оқумен шектеліп, оны семинар сабағында талқылап қана қоймай, СОӨЖ сабағында нөмірі 2, 3, 6, 7 міндетті әдебиеттер тізімі бойынша тақырып бойынша әртүрлі тапсырмаларды, тест сұрақтарын, жаттығулар мен есептерді орындауды өз бетінше және оқытушының көмегімен үйрену қажет. Сосын ең маңыздысы, студенттер тақырыптан алған теориялық білімдерін қазіргі экономикалық жағдайларға, әсіресе, елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерге байланысты практикалық тұрғыда пайдаланып ұштастыра білу қажет. Ол үшін отандық ресми дерек көздерінен, яғни статистикалық мәліметтерден материалдар жинап, отандық экономикадағы әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін фирмалардың немесе бір фирманың мысалында өндіріс туралы қабылдайтын шешімдерін талқылау қажет. Ал мұндай мәліметтерді жинап студент алдын ала реферат, баяндама немесе эссе түрінде де жазып сабақ үстінде топпен бірігіп талқылауға болады. Сонымен қатар, осы тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарына үлес қосқан әйгілі ғалымдар мен экономисттердің еңбектері мен өмірбаяндары туралы да мәліметтер жинап оны сабақ үстінде толықтыруға әбден болады. Осы тақырыпты терең меңгерген студент одан әргі тақырыптарды оқуда үлкен артықшылыққа ие болып, оларды оңай игере алады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті:

  1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005. 6 – тақырып.
  2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Ә. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. 7 тарау.
  3. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:ИздательствоНОРМА, 2005.Глава 6.
  4. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. Главы 6, 7.
  5. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 (Раздел 2: Микроэкономика). Глава 6.
  6. Афанасьев М.Ю., Данилин В.И. Сборник задач по микроэкономике. М.: Теис, 2005. Главa5.
  7. Сборник задач по микроэкономике. К «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреева/ Гл. Ред. Д.э.н., проф. Р.М. Нуреев. – М.: Норма, 2005. Главы 6, 7.
  8. ПиндайкР.С., РубинфельдД.Л. Микроэкономика. М., 2002. Главы 8, 9.
  9.  Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика. 3-е издание. Спб.: Питер, 2002.
12
скачать работу

Фирмалар және рыноктар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ