Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ФОСФОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ



 Другие рефераты
Антик философиясы Адам туралы мәдени-антропологиялық ой МЕТГЕМОГЛОБИН ТҮЗІНДІЛЕРІМЕН УЛАНУ ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР

Фосфор және оның органикалық емес қосындыларымен улану жағдайлары, ағзаға фосфор және құрамында фосфоры бар органикалық емес (родентицидтер, инсектицидтер, фосфин[сутегінің фосфиді, РН3, сасық газ] қосындылардың түсуі нәтижесінде пайда болады. Ацетиленмен (фосфиннің түзілуі мүмкін), фосформен жұмыс істегенде, металды суға және қышқылға түсуі кезінде, өндірістік кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда кездеседі. Фосфор және оның органикалық емес қосындыларының улылығын жеңіл қортылатын майлармен бірге ішімдікті қолданған кездерінде болады. Фосфордың рұқсат берілетін концентрациясы 0,03 мг/м3.

 

         Этиопатогенезі:

Фосфор қосындыларының барлығының цитотоксикалық (нейро және гепатотоксикалық), жергілікті тітіркендіретін және күйдіретін әсері бар.

Клиникасы:

         Жедел улану. Бас ауру, бас айналу, жүрек айну, брадикардия. Ауыр жағдайларда-қозу, жүйке жүйесінің тежелулері болады. Гепатит, сарғаю. Коллапс болуы мүмкін.

Ішке қабылдаған кезде: бас айналу, іштегі ауырсыну, қараңғыда жанатын құсу.  Асқазан ішек жолдарының  бұзылыстарының  дамуына дейін  коллапс дамуы мүмкін. Ауыр жағдайларда 2-3 күннен кейін бауырдың жедел ауыр атрофиясы дамуы мүмкін. әлсіздік, гипопротромбинемия, тері асты қан құюлулары, гематурия, нефрит, қозу, ұйқысыздық, галлюцинациялар. Жүрек қызметінің төмендеуі, дене температурасының төмендеуі, коллапс, кома. 7 күні немесе кейінірек өлім тууы мүмкін.

Сүлелі улану. Бас ауыру, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, іштегі ауырсынулар, іш қату немесе іш өту, аяқ қолдардағы ауырсынулар, тітіркенгіштік. Сүлелі ринит, ларинготрахеит, бронхит, кейде гингивит, стоматит, пародонтит, тістердің кариесі. Ескі әдебиеттр бойынша жақтың «фосфорлы» некрозы дамиды, оның басталуы ауырсынулармен  жоғарғы немесе жиекті перидонтитпен, қызыл иектің ісінуі және тістің босауымен іріңдеуі және периостит дамиды. Кейінгі асқынуларға абсцетер мен жыланкөздермен аяқталады, ол ауыз қуысын немесе мойынның ашылуларымен аяқталады. Қазіргі кездегі тәжірибеде «фосфорлы» некроз кездеспейді.

Емі: Ішке қабылдаған кезде: калий перманганатының ертіндісімен зонд арқылы асқазанды шаю (1:5000), 0,1-0,2% күкірт қышқыл сынап ертіндісімен шаяды( фосфорлы сынаптан пленка түзіледі, ол фосфордың бір бөлігін жауып жатады,  оның күйдіретін нәтижесін ескеру керек).

Бумен тыныс алған кезде — симптомды ем жүргізеді.

Теріге түскен кезде: зақымдалған терінің аймағын сол сәтте сумен шаю керек. Немесе зақымдалған қолды  күкірт қышқылды магнезидің 5% ертіндісіне салып қою керек, содан кейін фосфордың барлық бөлшектерін марлыдан жасалған тампонмен немесе  пинцетпен алып тастау керек. Сонымен қатар 3 % сірке сутегінде қолдануға болады. Зақымдалған аймақтың дымдануы басылғанша қолды ертіндіде ұстау керек. Осы жерді қараңғыда қарау керек, сосын жанып тұрған аймақтарды пинцетпен алып тастаукерек. Сосын калий перманганат ертіндісіне (1:1000) салынған  ылғалды байламды салып қою керек. Майлы байламдар көрсетілмейді. Май, сүт, жұмыртқа, қызыл май көрсетілмеген (удың еруіне және сіңуіне әсер етеді).

-          Симптомды ем

-          Гемодиализ

-          Хирургиялық – жыланкөздермен, некроздалған сүйек массаларын алып тастау

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы

Тіс және қызыл иектің ауруларын тез арады емдеу керек, және осы уақытта  фосформен байланысты үзу керек. Фосформен уланған симптомдар байқалынса, ары қарай жұмыс істеу көрсетілмеген.

Алдын алу шаралары

Сары фосфорды қызылға ауыстыру, өндірістік процестердің толық герметизациясы, жеке бас гигиенасын сақтау, ауыз және құлақ қуыстарының толық санациясы. Жақсы тамақтану. әйелдер мен жасөспірімдер фосформен жұмысқа жіберілмейді.

 

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. ФОҚ – мен улану кезіндегі арнайы антидот:

1. бемегрид

2. атропин сульфаты

3. этил спирті

4. унитиол

5. кофеин

 

2. ФОҚ (ФОС)-пен орта дәрежелі ауырлықтағы жедел улану кезіндегі емдік шаралар:

1. атропин + дипироксим

2.гемодез

З.ЭДТА

4. В тобының витаминдері

5.метиленді көк

 

3. ФОҚ улану кезіндегі ОНЖ токсикалық әсерінің механизмі:

1. холинэстераза ферментінің тежелуі

2. метгемоглобиндердің түзілуі

3. цитохроомоксидаза ферментінің тежелуі

4. SH-белоктар тобымен әсерлесуіне байланысты, зати алмасудың барлық түрлерінің бұзылуы

5. аталғандардың балығы дұрыс

 

4. ФОҚ сүлелі уланулар кезінденауқастардың жалпы қан анализінде бақыланады:

1. ЭТЖ жоғарлауы, панцитопения

2.  ЭТЖ төмендеуі, эритроцитоз, лейкоцитоз

3. тромбоцитопения

4. ЭТЖ жоғарлауы, анемия, лейкоцитоз

5. қанның жалпы қан анализінде өзгерістер жоқ

 

5. ФОҚ – мен жедел улану кезіндегі жеңіл дәрежесіне тән:

1. дене температурасының 400С дейін жоғарлауы, тежегіштік, жүрек айну, құсу, тахикардия

2. әлсіздік, бас айналу, ұйқы басу, жүрек айну, сілекей ағу, тердің көп юөлінуі

3. көп мөлшерде тер және сілекей ағу, тоқтамайтын құсу, депрессия, тартылулар

4. әлсіздік, аяқ, қолдардың ұюы, жүрістің бұзылуы, бас айналу

5. аяқтардың әлсіздігі, ұйқышылдық, тежегіштік, брадикардия, терісінің құрғауы

 

6. ФОҚ (ФОС)-пен сүлелі улану кезіндегі емдік препаратын атаңыз:

1. Аминазин

2. Амлодипин

3. Аймалин

4. Адреналин гидрохлориді

5. Атропин сульфаты

 

  1. ФОҚ-мен улануға тән блокадалар:
  2. гемсинтетаза
  3. липаза
  4. холинэстераза
  5. уреаза
  6. амилаза

 

  1. Холинэстеразаның реактиваторларына жатады;
  2. дипиридамол
  3. дигоксин
  4. дипиропсим
  5. дроперидол
  6. диклофенак

 

  1. ФОҚ-мен улану кезіндегі антидот:
  2. белигрид
  3. атропин
  4. этил спирті
  5. унитиол
  6. кофеин

 

  1. ОНЖ-не ФОҚ-ның токсикалық әсерінің механизмі:
  2. холинэстераза блокадасы
  3. МетНв түзілуі
  4. цитохромоксидаза блокадасы
  5. белоктардың тиолды топтармен байланысы

5. аталғандардың балығы дұрыс

скачать работу


 Другие рефераты
Военное судостроение России
Актиномицеттерге жалпы сипаттама
Гигиена
Объекты правоотношений по социальному обеспечению


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ