Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ерді бере алмайды, себебі тәуекел деңгейі өте жоғары. Сонымен бірге сізден несие проценттерін және ссуда көлемін азырақ алуы мүмкін.

Сізге ақша беретіні немесе бермейтіні жергілікті немесе аймақтық банк бөлімінің бастығының қолында. Мысалы, National Westminster банкінде жеке бір аймақта жұмыс істейтін және тек қана франчайзинг бизнесімен жұмыс істейтін, несие беруді қарастыратын жүзге жуық менеджерлері бар. Банк бастығын жақсы, анық және тиімді жазылған бизнес-жоспар әрқашанда несие беруге итермелейді.

Бизнес-жоспар – ол әрине жоспар. Оны жаулап алу жоспары деп те атауға болады. Ол бизнес мағынасын, жаулап алатын нарықты, қолданатын қару-жарақты, қандай себептер бойынша сіз жеңіске жететіндігін және қандай трофейлерді алатыныңызды қарапайым сөздермен бейнелейді. Бизнес-жоспарда оптимизм және реализм арасында балансын қарастыру керек. Сіз өзіңізді мақтай отырып, алдыға қойған мақсатыңыз банк бастығына жете алатын шың ретінде көрінуі керек. Жоспардың стандартты түрлері болмайды. Әдетте бизнес жоспардың келесі бөлімдері болады: бизнес; нарық; маркетинг; еңбек ресурстары; сату; құрал-жабдықтар мен жұмыс орны; қаржы.

Қазақстандағы франчайзинг қарым-қатынастардың алдағы өсуі мен дамуы белгілі маңызды тарихи оқиғалармен және кезеңдерімен байланысты. Олардың кейбіреулерін қарастырайық.

Біріншіден, бұл франчайзинг қарым-қатынастарын қажетті арнада дамытатын бірнеше институттардың қалыптасуына байланысты жағдайлар. Осы жоспарда бағаланбайтын рөл Қазақстан Франчайзинг Ассоциациясына (ҚФА) беріледі. Бұл институт батыстағы ұйымдар және Халықаралық франчайзинг ұйымдары тәрізді, ұлттық франчайзерлер мен франчайзидің қалыптасуына және дамуына көмектеседі. ҚФА-ның күнделікті жұмысына жинаумен, сараптамамен және франчайзингті көпшілікке тарату мақсатында анықтама таратумен, дамыту және қолдаумен қорытындылады.

ҚФА-ның бас және сенімді серіктесі жетекші банктердің бірі және қазіргі таңда АТФ Банк болып табылады. 2003 жылы қазанда АТФ Банк пен ҚФА Қазақстанда бірінші рет франшизаны алу үшін қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

ҚФА мен АТФ Банктің ынтасы бойынша франшизаны сатып алуға несиелеу бағдарламасы жасалған және енгізілген. ҚФА-ның бағалауы бойынша, Қазақстанда ойдағыдай 150 (жүз елу) франчайзинг бизнес-жобалары жұмыс істеп және дамып жатыр [3].

Егер франчайзинг бизнес-моделін ойдағыдай жүзеге асыру бойынша нақты мысалды алсақ, зор мақтанышпен жасанды мәрмәр және гранит өндірумен айналысатын (АҚШ, Калифорния штатында және штаб-пәтері Кембелл қаласында орналасқан) «Tiffany Marble» компаниясын алсақ болады. Бұл компания 1969 жылдан бастап әрекет етеді және қазіргі кезде оның фабрикалары франчайзинг бизнес-жобасы бойынша әлемнің 80 елінде ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. «Tiffany Marble» компаниясының негізгі тұтынушылары (АҚШ, Канада және Қытай 90%-ға дейін жалпы өнімнің) қонақ үй бизнесінің алыптары болып табылады, олардың ішінде Хилтон, Мэрриот, Бэст Вестерн қонақ үй жүйелері. 2003 жылғы қазан айында Қарағанды қаласындағы кәсіпкерлер «Tiffany Marble» технологиясы бойынша құйма (жасанды) мәрмәр, гранит және оникс бұйымдарын өндіруге және сатуға франшизасын сатып алады. Қарағанды компаниясының өкілі тренинг пен оқуды АҚШ-та өтті. Қазақстандық «Tiffany Marble» компаниясына ағылшын тілінен барлық құжаттаманы аударуға және франшизаны игеруге және икемдеуге 9 айдан көбірек уақыт кетті. Қазақстандық «Tiffany Marble» компаниясы американдық франчайзер компаниясы тәрізді бизнесті Қазақстанда кеңейтуге ізденіс жасауда. «Tiffany Marble» тараудың ең оңай түрі – франшизаны бос қаражаттары бар және пайда берерлік бизнеске беретін заңды тұлғаларға сату. Компанияның жақындағы жоспарына франшизаны Алматы, Астана, Атырау қалаларына сату басталады.

Сонымен компания, «Tiffany Marble»-дің потенциалды инвесторларына франшизаны сатып алушыларға икемделген оферта құрастырғанда, әлеуетті сатып алушы франчайзинг туралы ештеңе білмейді деген пікір туындайды.

Қарағандының франчайзиі ерекше жаңа фабриканың жұмыскерлерінің – болашақ шеберлерінің тәжірибелік дайындығына назарын аударады. Және осы мақсатпен олар Қарағанды қаласында «Tiffany Marble» компаниясының негізгі тәжірибелі, соның ішінде тренинг орталығы болып қызмет ететін өндірісін ашты.

Қазақстанда, сондай-ақ франчайзингті қолдау және дамыту бойынша белгілі мемлекеттік саясат жүргізіледі. Сонымен заңнамалық реттеуден басқа ҚР Үкіметі негізгі бағыттарының бірі – франчайзингті дамыту болып табылатын, ҚР индустриялық-иновациялық дамуының стратегиясын қабылдады және бірте-бірте іске асыруға кірісті.

Сонымен, зерттеменің қорытындысында келесі мәселені белгілегім келеді. Қазақстанда франчайзингтің бастамасы белгілі шарада жаңа франшизалардың ойдағыдай жұмыс істеуімен және бұл секторға жаңа қызметтерді тарту мүмкіндігімен жеткілікті шартталған.

Бірақ бәрібір бұл жерде едәуір  көп мәселелер және шешілмеген сұрақтар бар.

Ең негізгі мәселенің бірі, шарттық қарым-қатынастарды, олардың детализациясын және тереңдігін реттеу, сонымен қатар франчайзерді қиянатшыл франчайзиден және франчайзиді франчайзердің әдепті емес әрекетінен қорғау болып табылады.

Осы орайда, белгілі құқықтық механизмдердің жоқтығынан басқа, республикада бұл бизнес формасының дамуына, франчайзинг бизнес-жобасына қызмет көрсететін қуатты инфрақұрылымның жоқтығы кедергі келтіреді.

Шынында, шет елде франшизаларды сату процесінің айналасында үлкен қызмет көрсететін жүйелер жасалған. Солардың ішінде – кеңес беру, болашақ кәсіпорынның бизнес-жоспарын дайындау, несиелеу, жабдықтардың лизингі, франшизаның өзін әр түрлі күйреулерден сақтандыру, франшизаны алу бойынша несиелеу фактісін сақтандыру.

Дегенмен бұл механизмдер бара-бара бізде де пайда болуына және отандық франчайзингті дамытудың кемшіліктері үшін кінәні оның мемлекеттік және нарықтқ енгізу механизмдерінің жетіспеушілігіне арта салуға болмайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бекболат Ж. Франчайзинг ұғымы және оның Қазақстанда қалыптасу негіздері. Заң., 2006 №1. 22-б.
  2. Хамидулла А. Франчайзинг. Вам нужен кредит. Евразийский вестник аудитора. 2006., № 7 (55). 49-б.
  3. Бекболат Ж. Франчайзинг ұғымы және оның Қазақстанда қалыптасу негіздері. Заң., 2006 №1. 25-б.

 

     Баймаханова Ә.С.

құқықтану мамандығының магистранты

12
скачать работу

ФРАНЧАЙЗИНГ ШАРТЫН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ