Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Газет материалдарын ұйымдастыру және жоспарлау

айларда  мәтін алдында немесе мәтіннен ішінде тақырыпшасы болады.

Кеңейтілген ақпарат оқиғаны неғұрлым кең, көптеген егжей-тегжейлерін қоса баяндайды. Мәтіннің ішінде тарих анықтама беріп, оқиғаға қатысқан адамдарды салыстырып, оларға сипаттама беріп, жергілікті жерді сипаттап жазуға, кіріспемен бастап, сипаттай қорыту мен аяқтауға мүмкіндік бар.

СҰХБАТ. Бұл ағылшын сөзі, аударғанда – баспасөзде жариялау немесе радиода беру үшін жазылған әңгіме деген сөз. Сұхбатта кіммен әңгімелескеніңді, әңгіменің мақсаты қандай екендігі  көрсетілуі қажет.

Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі сол, мұнда фактілерді немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндаужурналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Демек журналистке қарағанда редакция қойып отырған мәселеге көбірек қатысы бар адамның пікірлерімен, пайымдауларымен сұхбат құндыболып келеді.сұхбат дегеніміз – журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылықжұмысы.оның табысты болуы көп жағынан жүргізушіге, яғни журналистке байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс.

Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді:

1. сұхбат-монолог;

2. сұхбат-диалог;

3. суреттеме-сұхбат;

4. анкета;

ЕСЕП. Бұл ақпараттың өте көп тараған жанрларының бірі. Есеп маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды – облыс, қала, аудан әкімдерінің жиналыстарынан, конференция, кеңестерден, т.б. журналист редакция тапсырмасымен жазады. Есептер өзінің көлемі жағынан әр түрлі – бірнеше ондаған жолдан талай жүз жолға дейін болады.ол ең алдымен журналистке емес, оқиғаның маңыздылығына байланысты.

Есептің үш түрін бөліп айтуға болады: жалпы (тура), тақырыптық, түсініктемесі бар есеп.

СУРЕТТЕМЕ. Әңгіме – бір зауыт, кәсіпорын, ауыл немесе оқу орны туралы болады. Суреттемеде журналист қысқа, бірақ жіті де образды өзінің алған әсері жайында айтып береді, өзінің байқағандарын жеткізеді. Суреттеме – ақпаратты жанрлардың қызықты түрі болып саналады. Бұған да көп әрі қажымай-талмай еңбектену, фактілерді мұқият іріктеп алу, ең қызықтыларын баса көрсету, әрбір сөйлемді екшеп, көргендері туралы жіті жазу керек.

ШОЛУ.  Ақпараттық жанрдың бір болып отырып, шолу оқырмандарын белгілі кезең ішіндегі (апта, ай) елдің, облыстың, қаланың, зауыттың өміріндегі аса маңызды оқиғалармен таныстырады.

РЕПОРТАЖ. Оқырмандарға журналистік көзбен – көрушінің немесе қатысушы кісінің тікелей ұғымы арқылы қандай да болсын оқиға туралы көрнекі түсінік берілетін материал ретінде репортажға анықтама берілген. Репортаж оперативті түрде, қажетті егжей-тегжейлерімен және айқын етіліп, ең маңызды да қызықты жағдайды қабылдауды көздейді. Бұл оқырманға репортер хабарлаған оқиға туралы өзі, өзі көзімен көргендей мүмкіндік жасайды.

Репортаждың түрін анықтағанда айдарларына, бас тақырыптарына емес, маңыздылығына, оқиғаның өзінің мазмұнына, журналист алдына қойған мақсаттарына, мұнда әрекет  орнын еске ала отырып, жаңалықты жазу сипатына т.б. сүйену керек. Осыған сүйене отырып, репортаждың 3 түрін: оқиғалы, тақырыптық деп бөлінеді.

12
скачать работу

Газет материалдарын ұйымдастыру және жоспарлау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ