Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАЙДА АПАРАДЫ?

озаның «Билік басындағы әйел— бүкіл әлемге қатерлі» дегені қаны тамып тұрған шындық. Қазақстандағы «көсемсымақ», ақшаның буына мас болған шошақай ханымдардың қайдағы біреудің айтқанына еріп, шапқылап жүр. Әйелде мейірім болмаған жағдайда өмірдегі тепе-теңдік бұзылады. «Әйел—үйдегі, еркек—түздегі шаруаны реттеп, өз ұрпағының қамын ойлап, тәлім-тәрбие беріп отырса, бұл дүниенің қызығынан құр қалмас еді-ау» деп ойлаймын.
Әу баста қазақтар қыз бала туылса, үйден алысқа кетпесін деп, кіндігін ошақты астындағы күлге көметін болған. Ұл бала туылғанда киіз үйден шығып, қырық қадамнан соң, кіндігін лақтырып ұл түздікі деген ұрым қалған. Әйел міндеті-шағын мемлекет құру, еркек міндеті-үлкен мемлекет құру. « Ұяны ұрғашы құс салады» деген мақал осыдан шыққан. Қазақ «Байтал шауып бәйге алмас», «Қатын басқарған ел қараң қалады», «Қатынның шашы ұзын, ақылы қысқа», «Қызды қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деп бекер айтпаса керек. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айырылыптының» кері болып жүрмесін. Еуропаны қол астына ұстаған Бонапарт Наполеон да, орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой да, АҚШ президенті Авраам Линкольнда әйелдерінің құрбаны болғаны секілді. Әйтеуір «Гендерлік саясат», «Әйел теңдігі» деп жүріп, қазақ үшін өлімге әкелмесіне кім кепіл? «Маңғыт, ауыңа саңғыт» болып жүрмесін.
Жұмамұрат Шәмші — тарих ғылымдарының кандидаты

12
скачать работу

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАЙДА АПАРАДЫ?

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ