Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Гендерлік теңдік деген не?



 Другие рефераты
Қазақстанда гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілету бойынша журналистер желісі жасалатын болады ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАЙДА АПАРАДЫ? Алаш мүддесі

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова, «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева ханымдар Атырауда болды.
Атырау қаласына екі күндік іссапармен келген меймандар облыстың іскер әйелдерімен кездесіп, «Атырау облысы саясаткер әйелдер клубының» алғашқы отырысын өткізді. Жобаны Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен, Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, Kcell компаниясының қолдауымен іске асырды.
Бұл кездесуді Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев ашып, жүргізіп отырды. Серік Қалешұлы алдымен гендерлік теңдік жайында айтып, бұл бағытта Атырау облысында атқарылып жатқан істерге тоқталды.
Аталған мәселеге орай сөз алған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Елбасының «2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына» тоқталып, гендерлік теңдікке қол жеткізу мақсатында әйелдерді саяси тұрғыдан қолдау жобасын Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы әзірлегенін, жобаның негізгі бағыты еліміздің барлық өңірлерінде саясаткер әйелдер клубтарын ашып, олардың жұмыстарын ұйымдастыру және халық арасында гендерлік ағарту жұмыстарын жүргізу екендігін айтты. Мұндай клубтар Астана, Алматы, Павлодар, Ақтөбе қалаларында ашылып, өз жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Сондықтан, аталған клубтың мақсаты — іскер, саяси сауатты, белсенді әйелдерді өз қатарына тарту. Клубтың әрбір отырысында елдегі өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси проблемаларды шешу жөніндегі идеялар, жобалар мен бастамалар қоры жасалып, клуб мүшелерінің ұсыныстары мемлекеттік басқару органдарына жолданады.
Министр ханымнан соң сөз алған «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева да елдегі гендерлік теңдік мәселесіне тоқталды.
Саясаткер әйелдер клубының алғашқы отырысында Kcell компаниясының аға маманы Татьяна Филипчик, Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы Атырау филиалының төрайымы Нұрлы Әйтиева, облыстық мәслихат депутаты, облыс кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы, Атырау облысы Азаматтық Альянсының төрайымы Әлия Бекқожиева, Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы Толқын Бейісқали, «Дархан-1» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айғанша Тілеужанова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры Баянсұлу Тыныбаевалар сөз алып, атқарған жұмыстары жайында баяндады.
«Теңізшевройл» компаниясының менеджері Мария Қаражігітова өз сөзінде:
— Біз гендерлік теңдік мәселесіне, бүгін тұсауын кескелі отырған жаңа клуб жұмысына оң қараймыз. Баса айтарым, әйелдер сан жағынан өсуді емес, сапа жағынан өсуді ойлаулары тиіс. Бұл үшін, әрине, шыдамдылық пен төзім, кемеңгерлік пен кеңойлылық керек, — деді.
Басқосу барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мен «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева Атырау саясаткер әйелдер клубының жаңа мүшелеріне арнайы сертификаттар тапсырды. Басқосудың соңында клуб жетекшісі болып Нұрлы Әйтиева тағайындалды.

скачать работу


 Другие рефераты
Древние обсерватории
Историчка
Драма Океана
Социальная политика в сфере занятости населения


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ