Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғылымының даму тарихы

н программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол дәуір аяғына таяу пайда болды. Ол Де-мокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады.

Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан қуралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін үсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты «Органон» трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады.

Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байла-нысты болды. Бул программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи қубылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.

Гректердің жаратылыстануы абстрактылы — түсіндірмелі ғана болды, жасаушы, әсер етуші компоненттер болмады.

 

Ортағасырдағы дүниеге көзқарас

 

Классикалық ғылымының ерекшеліктері

 

Ғылымдағы жаңалықтар

 

Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары

 

 

 

ОРТАҒАСЫРДАҒЫ ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС

 

Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің ау-мағында болды. Кез келген дүниедегі мәселелер тек қасиетті жазудың түсіндіруімен қабылданды.

 

Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушыльщ орта ғасырда антикальщ уақытпен салы-стырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олардың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз — ол дүниені Қүдайдың жаратуы екендігін уағыздады.

 

Орта ғасырлық дүниетанымдағы Құдайдың дүниені жоқтан жара-туы туралы догма антикалық уақыттың дүниетанымына қарама-қайшы келді.

 

Ерте орта ғасырлық уақытта ғылым антикалық уақыттағы мәнін жоғалтты. Бүдан келіп ортағасырлық ғылымның негізгі бір сипаты -моральдық символизм пайда болды. Яғни табиғат, табиғи құбылыстар ғылыми гипотезалар, ғылыми қортындылар арқылы түсіндірілмей, олар моральдық және діни нәрселердің символы ретінде қарастырылды. Ай — шіркеудің символы, жел — рухтың, аруақтың об-разы тағы басқалар.

 

Орта ғасырлық символизм теориясы иерахизм идеясымен тығыз байланысты. Барлық заттар бір-біріне бағынышты деп қарастырылды.

 

Универсализм — орта ғасыр ойдың бір саласы, яғни барлығының бірлігі. Дүние мен адамның қүдай жаратқан бірлігі.

 

Орта ғасырдағы дүниеге көзқарастың ерекшеліктері:

 

1. Барлық адам баласының қызметі діни пайымдаулармен түсіндіріледі, табиғатқа деген  көзқарас библия  концепцияларының цензурасынан өтті.

 

2. Дүниенің жаратылуы, бірлігі құдай арқылы болғандықтан, орта ғасыр дүниенің картинасында жаратылыстану дамитындай объективті заңдар ашылмады.

 

Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен, орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары — астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар қазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық турғыдан түсіндірудің алғашцы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.

 

Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрономияның дамуы да бүған себеп болды.

 

Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар — Коперник, Кеплер, Галилей түрды.

 

Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі — дүниенің аяқталғанын шеңбермеи білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.

 

Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғүрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта ғасырлық мектеп мен университеттердің ашы-луы да әсерін тигізді. Тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана оқып-үйрену емес, логикалық ойлау да да жоғары бағаланды.

 

Дегенмен, орта ғасырлық дүниетаным ғылым мүмкіндігін шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан, жаңа уақытқа дейін ғылымға көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.

 

Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дурыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық қүралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар

 

Аналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану — гректер жүргізе алмаған  өлшеу жумыстарын жүргізуге  мумкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады.

 

Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.

 

Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы сұрақтар толық шешілмеді.

 

 

 

КЛАССИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуында XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.

 

Классикалық ғылым дамуының алғашқы сатысының өз ерек-шеліктері болды:

 

Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне деген ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дуниені өз заңдылықтары арқылы түсіндіруімен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан, механика  қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін  меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.

 

Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттары болды.

 

Элементаризм — күрделі құрылымдардың царапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру.

 

Статизм — бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару.

 

Антиэволюционизм — реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.

 

Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адам-зат ақыл-ойы және табиғаттың тәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.

 

Дуние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола оты-рып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.

 

Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дуниетаным адамзатқа сенімді өмірлік жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен, ғылым тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады.

 

Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары механистикалық және метафизикалық болып қана отырып, табиғатқа деген теология-лық көзқарасты бірте-бірте ығыстыра бастады. ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда математикада шексіз кіші шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалык ілімі, Кант-Лапластың космогониялық гипотеза-сы алдымен жаратылыстану ғылымдарына, сосын қоғамдық ғылымдарға даму идеясын енгізді.

 

Сонымен, XVIII ғ. аяғында XIX басында көптеген ғылым салаларын ңамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зер-ттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюция-лық теориясы пайда болды, сонымен қатар палеонтология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр) сияқты ғылымдар дами бастады.

 

XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:

 

Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;

 

Майер мен Джоульдің энергияның сацталу және айналу заңы;

 

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.

 

Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен негізделген үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты:

 

- 1861 жылы А.М.Бутлеров — органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы;

 

-1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;

 

1869 жылы Л.Х.Вант Гофф пен Дж.Гиббс — химиялық термодинамика заңы;

 

1875 (Дж. К.Максвелл) — жарыңтың электромагниттік теориясы ашылды. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылыстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса

123
скачать работу

Ғылымының даму тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ