Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халел Досмұхамедов (1883-1937)

ығаруға көп еңбек сіңірді. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жаны­нан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. “Табиғаттану”, “Жануарлар”, “Адамның тін тірлігі”, “Оқушылардың саулығын сақтау”, “Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер”, т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.

Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі – сингармонизм заңын зерттеді, “Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы”, “Шернияз шешен”, “Алаш не сөз”, “Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана”, “Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі”, “Диуани лұғат ат-түрік”, “Кенесарының соңғы күндері”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. “Мұрат ақын сөзі”, “Исатай — Махамбет”, “Аламан” жинақтарын шығарды. 1924 жылы Ресей ҒА-ның Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланды, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі АлМУ) ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақ мемлекеттік университетінің  әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.

Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып Мәскеуге, кейін Алматыға әкелінді. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. Ал, 1958 жылы 11 ақпанда ақталды. Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.

Жалпы, Халелден Рабиға, Әділхан, Сәуле, Қарашаш, Төле деген бес ұл-қыз тарайды. Мұның бәрі де жоғары білім алып, елге елеулі еңбек сіңірген. Бір қызығы әулеттен 13 ұрпақ ата жолын жалғап, дәрігер мамандығын иеленіпті. Бұл туралы толықтай айту бір мақалаға сыймайды. Сондықтан Қызылордаға қатысты жағын ғана қарастыруды ұйғардық. Досмұхамедовтер отбасына келген нәубет бала-шағасын тарыдай шашып жіберді дедік. Әділхан Сыр елін сағалады. Алдымен Шиелі аудандық ауруханасында, сосын республикалық алапес ауруын емдеу мекемесінде дәрігер болды.

О баста Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы дайындық курсын үздік бітірген жылы әкесін “халық жауы” ретінде Воронежге жер аударғанда, оның кесірі баласына да тиді. Әрі қарай оқудың сәтін салмады.

– Адам деген ең төзімді тіршілік иесі ғой. Қанша қиыншылық қыспақтаса да тауқыметке төтеп бере алған. Алдамшы өмірде де айтарлықтай асу бар, оған жеткен де кем болмасы анық. Әкем Әділхан Ұлы Отан соғысынан ауыр жараланып, І топтағы мүгедек болып келді. Бірақ бейнеттен қашпады. Өзін еңбегімен дәлелдеді. Апайым Қарашаш пен ағам Төле екі көзден қалса да ғылымға, өмірге ұмтылысын тоқтатқан жоқ. Ақыры ғылыми еңбегін зерттеп, қорғады. Міне, біздің әулет қандай нәубет төнсе де мұқалмай, мүмкіндігін мағлұм етті. Қазір атамнан тараған ұл-қыздың біреуі де қалмады. Немереден жалғыз мен тірімін.

Әкем Қызылордаға келгенде ешкімге тіс жарып айтпаса керек. Өйткені, “халық жауының” баласы деген жаман аттан әбден шаршаған секілді. Ол 1968 жылға дейін еңбек етіп, зейнетке шықты. Осы жерде бір айтарым, әкем кезінде мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевпен Алматыда, №14 мектепте, сосын ҚазМУ-дің дайындық бөлімінде бірге оқыған. Қарашаш апайым Қарғалы демалыс үйінде ОК-ның іс басқарушысымен кездесіп, оған әкем жайлы айтқан екен. Содан көп ұзамай Орталық комитеттен шақырту алды. Қонаев қабылдап, Алматыдан үй берді. Екеуі ұзақ сөйлескен сияқты. Димаш аға әкемнің басындағы жағдаймен таныс болатын. Іштегі қатып қалған шерін досына ақтарған ғой деп ойлаймын. Екі күн өтпей әкем ауруханаға түсті де, араға бірнеше уақыт салып өмірден өтті. Кейін білгенім, Қонаев әкемнің жиені Халел Досмұхамедов қорының президенті Динаны әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп тағайындаған еді. Соған айтқан екен, ағаң өте үздік оқыды, бірақ арманына жете алмай кетті деп. Шынында, жер аударылып Воронежге барды, Астраханьда мединститутта оқыды, оны Алматыда әрең аяқтады. Әйтеуір сол кезгі саясат оқытпауға да, қызметке орналаспауға да әрекет етіп тырысты.

Мен Қызылордадағы №3 мектепті бітіргенмін. Алматыда, Астраханьда жұмыс жасадым. Қазір “Қыран-СТС” еншілес ЖШС-да директордың орынбасарымын. Атам атыраулық болса, әкем мен маған Сыр елі туған жеріміз. Жұбайым Ғалия екеуміздің Гүлназ, Әсел есімді екі қызымыз бар. Үлкеніміз ҚазҰУ биотехнология факультетіне грантпен оқуға түсті. Кішіміз “Парасат” мектебінде оқушы. 1994 жылы Атырау мемлекеттік университетіне Халел Досмұхамедовтің есімі беріліп, үлкен шара жасалды. Соған ұрпағын шақырып, құрмет көрсетті. Мені үлкен ілтипатпен төрге оздырып, кіші басымды көкке көтерді. Содан он жыл өткенде университетте әлгіндей шара тағы ұйымдастырылды. Бірақ бұл жолы басқа немере пайда болды. Соған әлі таңмын, ол кім деп. Себебі, менен басқа тірі немере қалмады ғой. Бәлкім, ұлы адамға ұрпақ болғысы келетіндер көп шығар, солардың бірі болар дедім. Оқу орнының басшыларына хат жазғым да келді. Ойлана-ойлана мынадай пікірге тоқталдым: расында, немере екенімді бәрі біледі. Одан артық не керек.

Қазір Халел Досмұхамедов атындағы қор жұмысын қайта жаңғыртсам деймін. Оған жергілікті билік иелері қолдау білдіріп жатса тіпті жақсы. Қазақ үшін жанын пида еткен марқасқаны тірілту әрбір азаматқа парыз екені айқын. Сондықтан қор жұмысы Қызылордада қанат жайды деген қандай абырой болса, сол жолда мен дайынмын, – деді Марат.

Иә, күнделікті күйбеңмен ескере бермейтін осындай жандар арамызда жүр. Біреуге алақан жаятындай адам емес, кәдімгі тектінің тұяғы десек жарасады. Оның Қызылорда үшін жасаймын деген жобалары өте көп. Жақсы тірлікті мақсаттаған Мараттан осындай әңгіме естідік. Бір қынжылатынымыз, айналамызда жүрген адамдарды әлі дұрыс танымайтынымыз екен. Барды бағалай алсақ, әлі кеш  емес.

123
скачать работу

Халел Досмұхамедов (1883-1937)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ