Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халық педагогикасы ауыз әдебиетінде және ортағасырлық ойшыл ғұламалардың еңбектерінде

мақтан ба, асып таспа, адамдық ардан аттама дегендi өсиет етедi. Әдiлет жолын қу, шыншыл бол, сараңдық пен аш көздiктен аулақ бол дейдi. Ол тектiлiк туралы сөз қозғап ел билейтiн әкiмдердiң тектiлерден шығуын қуаттайды.
Сондай-ақ ел билейтiн азамат намысшыл болуы керек. Ел намысын, ел пайдасын көбiрек ойлаған азамат халыққа қадiрлi болады дей келiп:
Адам ба адам өз пайдасын күйттеген
Адам нағыз – ел пайдасын дiттеген – деп ой қорытады.
Х-ХII ғасырларда Қазақстан жерiндегi мәдени орталықтың бiрi – Сыр бойы болды. Осы төңiректен А. Яссауи, Ахмет Иүгүнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ақындар шықты.
Ахмет Яссауи – бiлiмпаз ғалым, ақын, дiндар-теолог, ойшыл, бүкiл түркi жұртының рухани атасы. Ол Сайрамда туып, Жiбек жолының бойына орналасқан Түркiстан қаласында тұрған. Оның “Диуани хикмет” атты дастаны бар. Яғни ол “Алланың ақ жолын баяндайтын кiтап” деген мағынаны бiлдiрген. Бүкiл Орта Азия елi оны құрмет тұтып “Мәдинада – Мұхаммед, Түркiстанда Қожа Ахмет” деп атаған. Қожа Ахмет жетi жасында Арыстан бабтан сабақ алып, дiн жолын қуды. Ол бүкiл өмiрiн исламды уағыздауға, шәкiрт тәрбиелеуге арнаған. Алпыс үш жасында жер астынан бiр кiсiлiк жертөле жасап “Мұхаммед пайғамбар жасынан астым. Ендiгi өмiр сүруiм күпiрлiк” деп қалған өмiрiн сол жеркепеде өткiзiп, осы еңбегiн жазып қалдырады.
Яссауидiң “Хикмет” кiтабында адамдарды адамдық жолға, iзгiлiкке шақырып құдайға құлшылық ету, күнәдан айырылуды уағыздайды. Ол уағыздаған бес нәрсе мыналар:
1.Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық болу;
2.Менмен, тәкаппар болмау;
3.Арамдықтан аулақ болу;
4.Дүние-мүлiк үшiн арды сатпау;
5.Ерiншек болмай – еңбектi сүю.
Махмұд Қашқари орта ғасырдағы түркi тайпаларынан шыққан iрi ғалым, ауыз әдебиетiн жинаушы. Шамамен 1029-1039 ж. туған. Әкесi Барсмағанның әмiрi Бураханның немересi. Ол Ыссыкөл маңындағы Барсаған қаласында туып, Қашқарияда өскен. Қашқар Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданындағы қала. Бұл қалаға Ресей мемлекетiнiң тапсырмасымен ХIХ ғ. 50-жылдарында Ш.Уәлиханов барып, зерттеу жұмысын жүргiзген.
М.Қашқари – араб, парсы мәдениетiн, араб грамматикасын жетiк бiлген.
Оның “Түркi сөздерiнiң жинағы” атты еңбегi – этнографиялық мәлiметке бай, түркi тiлдерiне ортақ әдеби мұра. Онда жарияланған атаулар, жер-су аттарының қойылу тарихы, ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi жинақталған. Онда 29 тайпаның аты аталады. Қазақ халқын құраған Қыпшақ, Оғыз, Шығыл т.б. ру-тайпалар кездеседi. Онда 6800 түркi сөзiне араб тiлiнде түсiнiктеме берiлген. 242 бәйiт өлең, 262 мақал-мәтел қазiргi қазақ тiлiнде ешбiр өзгерiссiз қолданылады.
Осы өңiрден шыққан тағы бiр ойшыл – Ахмет Иүгнеки (ХIIғ) едi. Оның “Хибатул хикайқ” (Ақиқат сыйы) атты шығармасында iлiм-бiлiмдi игеру iсiнiң халық үшiн пайдасы, оның көзқарасының бұқаралық сипаты, гуманистiк ой-пiкiрi айқын сипатталады. Ол сол заманның адамдарының бойындағы ұнамды, ұнамсыз, моральдық-этикалық қасиеттердi атап қана қоймай, сонымен бiрге бiрсыпыра пайдалы кеңестерде ұсынады. Мысалы, “Егер билiкке қолың жетсе, мақтанба, асып-таспа”, “Бастық болсаң, жайсаң бол”, “Кәрiге де , жасқа да құрмет көрсет”, “Айтар лебiңдi алдымен ойланып ал) т.б. өсиетнамаларын айтады.
Моңғол шапқыншылығымен Алтын орданың ыдырауына дейiнгi аралықты (ХIII-ХҮ ғ.ғ) түркi тiлдерiнде бiрнеше қолжазбалар жазылып, оларда тәлiм-тәрбиелiк сипаттағы кеңестер уағыздалады.
Мәселен, Р.Хорезмидiң “Махаббатнамасында”, “Төзiмнен артық нәрсе жоқ”, “Ақыр түбi адалдық жеңедi”, “Адамның жүрегi тазалыққа талпынады” деген ой тұжырымдалса, сол заманда өмiр сүрген Сайф Сарай өзiнiң “Гүлстан” атты дастанында “Адамның артында алтынға толы ақ сандық қалғанша, iзгiлiкке толы жақсы ой қалғаны мақұл”, “Күншiлдiктiң көзiне дарының -мiнiң болып көрiнер” , Iшi тар құсадан арылмас, жаны жайсаңның әсте көңiлi тарылмас” деген секiлдi ғибрат сөздер уағыздалды.
Дiни медiреселерде Шығыс халықтарына ортақ “Чөр кiтаб” атты тәлiмдiк-танымдық падагогикалық еңбек дүниеге келдi.
Алтын Орда мемлекетi кезiнде пайда болған “Бабырнама” (“Бабыр дастаны) Хорезмидiң “Мұхаббатнамасы”, Сайф Сарайдың “Қырық бiр батыр жыры”, “Гүлстан”, Құтыптың “Хусурау –Шырын” сияқты туындылары сол кездегi жас ұрпақ тәрбиесiне оң ықпал тигiздi.
Бұл шығармаларда ел қорғау мәселесi, махаббат, ар-ождан, адамгершiлiк қасиеттер марапатталды. Жастардың қайратты, арлы, намысқор, өнерлi болып өсуiн мақсат еттi.

Негізгі әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
6.Қазақтың мақалдары мен мәтелдерi. – Алматы: ҚазГосполитиздат. 1957.
7.Қалиев С. “Халық педагогикасының ауыз әдебиетiндегi көрiнiсi. – Алматы: “Мектеп” 1987 ж.

12
скачать работу

Халық педагогикасы ауыз әдебиетінде және ортағасырлық ойшыл ғұламалардың еңбектерінде

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ