Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері

ыратын бағаның өмір сүретіндігін көрсетеді. Мұндай нарықтық баға сұраныс пен ұсынысқа қатысты болады.

Эли Хекшер мен Бертиль Олин, өндіріс факторлары мен қамтамасыз етілгендік  деңгейде, белгілі бір өнімдерге қатынасы бойынша қандай бір ел ие болатын, салыстырмалы басымдықтарға түсініктер береді. Олар “өндіріс факторларына бағаларды теңестіру” теориясын алға жылжытты, ол бойынша ұлттық өндірістік айырмашылықтар өндіріс факторларының әртүрлі мақсатымен, сондай-ақ қандай да бір тауарларға деген ішкі қажеттіліктердің түрлілігімен анықталады.

Аталған теорияларды экономист ғалымдар П.Самуэльсон, В.Стапер, В.Леонтев жетілдіріп және оны одан әрі дамытты.

Соңғы кезде зерттеушілердің көпшілігі классикалық теорияның бастапқы жағдайын қабылдай отырып, өз тұжырымдарын тәжірибеде икемдеп қолдануға тырысатындықтары байқалады. Әлемдік шаруашылық байланыстарының, оның ішінде халықаралық сауданың тұрақты дамуы, сыртқы экономикалық байланыстардың шаруашылық жүргізудің маңызды факторларына айналуы, жекелеген елдердің экономикалық тәулсіздігінің проблемаларын жаңаша түрде қояды.

Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауданың өзіндік белгілер :

1. Негізінен шағын өндірушілердің тауарларын өткізуді бақылайтын, ірі монополиялардың шешуші позициялары;

2. Монополиялық үстемдік, сыртқы экономикалық өктемдіктің күрт күшеюі;

3. Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауда, негізінен, капиталды сыртқа шығару  әсерімен дамиды.

Қазіргі кездегі жиынтық халықаралық айналымның 4/5- тен басым бөлігін индустриалды дамыған елдер (ИДЕ) құрайтын әлемдік сауданың үлесіне келеді. Мәселен, 11 капиталистік елдің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Жапония, Бельгия, Нидерландия, Швеция, Швецария, Канада) үлесіне, бүкіл әлем халқының 20% -на жуығын құрайтын, барлық халықаралық тауар айналымының 55%-дан астам келеді. Сонымен бір мезгілде, Қытай мен Индияның (жердегі халықтың 40%) үлесіне әлемдік тауар айналымының 5 %-ы үлес келеді.

Индустриалды дамыған елдер (ИДЕ) экспорты басым түрде дайын өнімдермен (машиналар мен жабдықтар), ал артта қалған елдердің экспорты аграрлы шикізат тауарларымен ұсынылады. Ірі монополиялар өздерінің тауарларын монополиялық жоғары бағалар бойынша сыртта (экспортқа) шығарады. Сонымен бірге индустриалды дамыған елдердің (ИДЕ) ірі монополиялары мейлінше нашар дамыған елдердің ұлттық табысының бір бөлігін өзіне сіңіріп алады. Батыс экономистерінің берген бағаларына сәйкес, 1950-1970 жылдар арасындағы кезеңді “алтын ғасыр” деп атауға болады, уақыттың тура осы үзігінде әлемдік экспорт қайырадан тұрақты жоғары қарқынын көрсетеді.

Халықаралық сауданың бұлайша өсуі:

1. халықаралық еңбек бөлінісінің дамуымен және өндірісті интернационалдандырудың дамуымен;

2. ҒТР-мен;

3. Нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметімен;

4. БСҰ (ВТО) шаралары арқылы халықаралық сауданы реттеумен;

5. Сауда- экономикалық интеграциялық прогрестердің дамуымен байланысты бірқатар факторлардың нәтижесі болып саналады;

6. Халықаралық сауданы ырықтандырумен.

Сыртқы сауда байланыстарының дамуы экономика-ның  табысты дамуы үшін экспорт пен импортты реттеу жөніндегі мемлекеттің қолданатын шараларымен тығыз байланысты болып саналады.

Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу:

1. Мемлекеттік реттеу құралдарын үкіметтің келісуінсіз немесе саудадағы әріптестерінің кеңесімен, біржақты реттеу;

2. Сауда саясатының шаралары, сауда саласындағы әріптестер болып саналатын елдер арасындағы келісілген екі жақты реттеу;

3. Сауда саясаты көпжақты келісімдермен реттелетін көп жақты реттеу. Мысалы, БСҰ, Еуропа одағына мүше елдердің сауда саласындағы келісімі.

Мемлекеттің халықаралық саудаға араласуының ауқымына қатысты сыртқы сауда саясатының келесі түрлері (типтері) ажыратылады:

1. Ырықтандыру немесе сауда еркіндігі — бұл сұраныс пен ұсыныстың еркін нарықтық күші кезінде дамитын, сыртқы саудаға мемлекеттің аздаған мөлшерде араласу саясаты.

2. Протекционизм — бұл сауда саясатының тарифтік және тарифсіз құралдарын пайдалану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекеден қорғаудың мемлекеттік саясаты.

Еркін сауданың жақтастары, негізінен, халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) неғұрлым тиімді нұсқаларын таңдауды қамтамасыз етудің және осы негізгі қатысушы елдер халқының өмір деңгейін көтерудің мемлекетпен реттелмейтін қабілетін атап өтеді.Протекционистік шаралардың жақтаушылары, негізінен, кез келген  ұлттық өнеркәсіптің мүдделерін қорғауды, халықты жұмыспен қамтуды, жоғары өмір деңгейін  және т.б. қамтамасыз етуді олардың қажеттілігі деп атап көрсетеді.

Протекционистік шаралардың қазіргі заманғы жүйесі әртүрлі бағыттарды қамтиды. Солардың ішінде ең маңыздылары:

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ