Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халықаралық құқықтағы субъектілер



 Другие рефераты
Салық құқығы негіздері. Салық түсінігі, мәні және белгілері Халықаралық келісімшарттар Халықаралық құқық түсінігі, пәні, салалары және қайнар көздері «Жастықтың оты жалындап…»

Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.

Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады

1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.

2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы — жеке тұлғалар.

Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды.

Жалпы алғанда, халықаралық құқықсубьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады.

Халықаралық құқық субьектіліктің мазмұнын осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі және заңды болып бөлінеді, және де осыған сәйкес алғащқы және туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады.

Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.

Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тәуелсіз етеді және олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар.

Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды) субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі болып олардың — құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын және бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқықсубьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқықсубьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады.

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады:

1) Халықаралық құқықтық нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы;

2) Ұжымдық құрылым болып табылады [мемлекет билік және басқару аппарат; күресуші халық - ел ішінде және халықаралық қатынастарда оны білдіретін - саяси орган. Халықаралық ұйымдар - тұрақты әрекет ететін органдары; Биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруда халықаралық- құқықтың субьектілері салыстырмалы түрде тәуелсіз және бір-біріне бағытынышты емес. Әрқайсысының өзінің халықаралық мәртебесі бар және халықаралық қатынастарға өз атынан қатысады].

3) Халықаралық нормаларды әзірлеуде және қабылдауда қатысатын қабілеттілігі бар. Келісімшарттың құқық-әрекет қабілеттілік халықаралық құқық субьектіліктің маңызды элементі. Халықаралық құқықтың субьектілері халықаралық-құқықтық нормалардың адресаттары ғана емес, сондай-ақ оларды шығаратын (тудыру, құрастыру) тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқықтың субьектілері – сонымен бір уақытта халықаралық құқықтың саласы – халықаралық келісімшарт құқығының субьектілері болып табылады.

Осы аталған үш элементтің болуы (халықаралық құқықтың нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы, ұжымдық құрылым түрінде болуы, халықаралық құқықтық нормаларды құруда тікелей қатысуы) қандайда бір құрылымды халықаралық құқықтың субьектісі деп санауға болады.

Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады. Халықаралық құқық субъектілік мемлекетке өзінің өмір сүру кезінен бастап тән.

Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар, (дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы), ереже бойынша, заңды және жеке тұлға қрылды және «шетелдік элементі бар» қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осындай ұйымдардың Жарғылары үкіметаралық ұйымдардың Жарғыларымен айырмшылығы халықаралық келісім шарт болып табылады. Бірақта бұндай ұйымдар үкіметаралық ұйымдарда кеңес беруші халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін, мысалы, БҰҰ-да және оның арнайы мекемелерінде, осылай, парламитарлық одақ БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде бірінші категориялы мәртебеге ие. Бірақта үкімет аралық емес ұйымдар халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды және де үкмет аралық ұйымдардан айырмашылығы, халықаралық құқықтық субъектіліктің барлық элементтері болмайды.

Халықаралық үкіметаралық ұйымдарда егемендік болмайды, өз территориясы, тұрғыны мемлекеттің өзге де атрибуттары болмайды. Олар халықаралық құқыққа сәйкес келісімшарт негізінде егеменді субъектілерінен құрылады және құрылтай құжаттарнда бектілген нақты құзырлықтары болады. Осы құрылтай құжаттарға қатысты 1969 ж. халықаралық келісім шарт құқықғы туралы Вена Конвенциясы әрекет етеді.

Халықаралық ұйымдрдың негізгі қатынастары:

1. Халықаралық нормаларды құруға қатысу құқықғы;

2. Нақты биліктік өкілеттіктерді ұйым органдарының пайдалану құқығы; соның ішінде орындалуы міндетті шешім қабылдауға құқық;

3. Ұйымға және оның қызметкерлеріне берілген артықшылықтармен иммунитеттерді пайдалану құқығы;

4. Қатысушылары арасындағы дауларды қарастыру құқығы;

1991ж. 14.06. «Қазақ КСР-дегі валюталық реттеу» Заң, Қазақ КСР Президентінің жарлықтарының, министірлер кабинетінің бірқатар жарғыларының шығарылуы.

Халықаралық құқықта субъектті объективті қасиеті болып:

1. Егемендік;

2. Дербес келісім-шарттық тәжірибе;

3. Шет мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасуы;

4. Егеменді мемлекеттің халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуы;

Осындай қасиеттер Қазақ КСР да болды, ортақ халықаралық құқықтық субъектілікте көрінді. Тек 1991 ж. бастап егеменді Қазақстан тікелей құқықтық субъектілікке ие болады. Ал бұл ҚР-сына дербес халықаралық мәртебе, халықаралық құқық негізінде қ мен м, халықаралық құқықтық шығармашылықтың қатысушысы болуға мүмкіндік берді.

ҚР халықаралық құқықтық субъектілігі үші егемендік қажет болды. Егемендік — мемлекетке ішкі және сыртқы қатынастарда тәуелсіз саси ұйым болуға мүмкіндік береді:

скачать работу


 Другие рефераты
Методика преподавание темы Обыкновенные дроби в школьном курсе математики
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы.
Творческая мысль Гете
Правовое регулирование договорных отношений в сельском хозяйстве


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ