Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Халықаралық саяси үрдістер

p; Осы мүмкіндіктер  Бирма, Ирландия, Пәкістан пайдаланды. Бірлестікке кіретін барлық мемлекеттер өздерінің ішкі сыртқы істерінде толық егемендікте. Конференцияның шешімдеріне қарсы дауыс берген мемлекеттер қабылданбайды. Бірлестікке мүше елдердің көпшілігінің басқару формасы республика. Мысалы, Үндістан, Бангладеш, Нигерия, Гана, Замбия, Зимбабе, т.б. келесі бір елдері монархты. Оларға Ұлыбритания, Малайзия, Бруней, Свазилент, т.б. Бірлестіктегі елдер өз еріктерімен мемлекет басшысы деп Ұлыбританияның корольдігін таниды. Олардың кейбіреу Ұлыбританияның жалауын пайдаланады. Мысалы, Жаңа Зеландия ағылшынның «Құдайым королеваны сақтасын» деген әнұранын, ағылшынның ордендерін қолданады, оны Жаңа Зеландияның үкіметінің ұсынысымен Ұлыбританияның королевасы наградтайды. Барлық елдерді әртүрлі дәрежеде Ұлыбританияның саясатына, заңына, тіліне, мәдениетіне, тұрмыстағы салттарына бағынады. Осындай ерекшеліктеріне қарай мемлекеттің бұл басқару формасы қазіргі кезде халықаралық саяси жағдайда өзін-өзі ақтаған басқару формасы деуге болады.

Басқарудың 4-формасы бір ғана елде – Ливияда бар. 1977 жылы Ливияда орнатылған мемлекеттік басқарудың жаңа формасы, араб тілінен аударғанда шартты түрде «бұқараның мемлекеті» дегенді білдіреді. Елдің толық аты – Социалистік халықтық Ливия Араб Джамахириясы.

Саяси құрылымның маңызды элементі – мемлкеттің әкімшілік – территориялық құрылысы. Ол тікелей саяси құрлыс және үкіметтің режиміне, халықтың ұлттық-этникалық, кейбір жағдайда сонымен бірге конфессионалдық құрамын елдің қалыптасуының тарихи-жағрапиялық ерекшеліктерін көрсетеді. Әкімшілік – территориялық, әсіресе, елдің саяси — әкімшілік құрылысы, оның саяси – территориялық бөлінуі елдің ішкі өмірінде маңызды орын алады. Этникалық және мемлекеттік шекаралары сәйкес келе бермейтін елдер Азия және Африкада бар.

Дүние жүзінің көптеген елдерінің ұлттық құрамы күрделі. Бірақ сонымен бірге унитарлық мемлекеттер де басым: федеративтік елдер бар болғаны – 22. Олардың құрылысының негізіне жататындар: ұлттық-этникалық (бұрынғы Кеңес Одағы, Югославия, ЧСФР, Бельгия, Швейцария, Үндістан, Пәкістан, Брима, Нигерия) тарихи-жағрапия факторлары. Бұл ретте еске алатын факторлар штаттардың, провинциялардың, жерлердің, территориялардың автономиялық жағдайы. Айталық, АҚШ, Канада, Мексика, Бразилия, Венесуэла, ГДР, Австралия, Малайзия, БАЭ, ОАР, Комор аралдары, Микронезия Федерациясы.

Елдерді типке бөлу. Үш негізгі типке бөлу қалыптасқан: социалистік, дамыған капиталистік және дамушы елдер. Осы бөлініс ірі саясаттанымдық еңбектерде, ғылыми-көпшілік жұмыстарда, жоғарға және жалпы білім беретін мектеп оқулықтарында тұрақталған. Мұндай типке бөлу саяси жүйені, әскери-саяси одақтарды, экономикалық одақтарды, халықаралық ұйымдарды, т.б. қарастырғанда айқындала түседі.

Бұрынғы біздің елімізде болған ірі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Шығыс Еуропа елдеріндегі, сонымен бірге кейбір Азия және Африка, әсіресе соңғы жылдарғы өзгерістер социалистік типтегі елдер деген мағаны жоққа шығарды. Осыған қарамастан шетелдердің ішінде социалистік жолды сақтап отырғандар да бар. Олар: Қытай Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы, Куба Республикасы. Ал Шығыс Еуропада бұл жолда тек Албания қалып отыр. Югославияда елдер жеке егемендік алды. Социалистік деген атаудан бас тартты.

Жетпісінші жылдары социалистік бағдардағы елдердің саны жиырмаға жеткен болатын. Қазіргі кезде дамушы елдерде бірде-бір социалистік бағдардағы ел қалған жоқ деуге болады.

Дамушы елдердің ішінде даму дәрежесінің көрсеткіші жағынан дамыған капиталистік елдердің тобына жақын келетіндерге Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан, Оңтүстік Корея, Сингапур, Сянган жатады.

Соңғы  уақытта халықаралық дамуда өте күрделі өзгерістер үнемі жүріп жатыр. Оны қадағалап, бағдарлап отыру әрбір саясаттанушының міндеті болмақ.

12
скачать работу

Халықаралық саяси үрдістер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ