Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Хамит Ерғалиев

ала, очерк, эсселерді республикалық га­зет-журналдар асыға күтіп отыратын. Ал теледидар арқылы оқыған өлеңдері, сөйлеген сөздері Қазақ телевидениесінің алтын қорында сақтаулы. Таңдамалы прозалық шығармалары “Шындық шырқайды” деген атпен жеке кітап боп шықты.

Ақын Хамит Ерғалиев шығармашылығы өз алдына зерттеуді қажет етеді. Бұл, әрине, болашақтың ісі. Хамаңның қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы, жаңашыл­дығы айрықша мәселе.

Ал көркем аударма саласындағы ақын еңбегін атап өтпеу орынсыз болар еді. Әлем әдебиетінің небір жауһарларын Хамаң қазақ оқырмандарына таныстырып, артына орасан зор мұра қалдырды.

Ақын аударған Д.Байронның, У.Шекспирдің, П.Неруданың, Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің. Д.Бедныйдың, М.Светловтың, А.Сурковтың, Р.Ғамзатовтың таңдаулы шығармалары – көркем аударманың озық үлгісі. Сонымен қатар ол қырғыздың “Манас”, қарақалпақтың “Қырық қыз” эпостарын ана тілімізге аударушылардың бірі.

Х.Ерғалиев шығармалары орыс тіліне, ТМД халықтарының тілдеріне, сондай-ақ чех, венгр тілдеріне аударылды.

“Өзге емес, өзім айтам өз жайымды” деп Қасым айтқандай, Хамит ақын да өзі туралы тебіренісінде ақындық болмысын, өз жан дүниесін нақты да, дәл сипаттай білген:

Маған жат – тынбақ, сарқылмақ,
Қалжырап көрген жоқ жаным.
Өтермін өзім жарқылдап.
Өзегім толы ақ жалын.
Қызықпан құрғақ мадаққа.
Берілмен кесір кеңеске!
Міндетін ұлдың адақтап,
Армансыз жатам дөңесте!

Мен небір марқасқа, жайсаң жандардың жақсылығын көп көрген адаммын. Соның бірі де бірегейі Хамит ағай еді. Хамаң біздің үйіміздің қамқор досы болды.

Біреуден көрген жақсылығыңның шырайын шығарып айтпасаң – күпірлік болмақ. Асыл аға мен Жазушылар одағына мүшелікке өтерде кепілдеме берген демеушім, жебеушім болғанын ешқашанда ұмытпақ емеспін. Айта кететін бір жәйт – одаққа өтерде Хамаңнан басқа, қазақ поэзиясының классиктері – Ғали Орманов пен Сырбай Мәуленов және Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясының атынан Қалижан Бекхожиндерден кепілдеме алған бақытты қаламгермін.

Хамаң өмірден көргені де, түйгені де көп, тұнып тұрған шежіре болатын. Одаққа мүшелікке өткенде Жазушылар одағының сол кездегі бірінші хатшысы – партизан-жазушы Әди Шәріповтың өзі қолымызды қысып тұрып: “Сендер Одаққа өткенде ешқандай дау-дамай болмады, президиум мүшелері бірауыздан қолдау білдірді. Бұл – жақсы нышан. Әдебиет биігіне самғай берулеріңе шын жүректен тілектеспін!” – дегенде төбем көкке екі-ақ елі жетпей қалғанын неге ұмытайын.

Бірде мен Хамаңды қонаққа шақырдым. Келмей ме деп қауіптеніп едім, жоқ, келді. Алматының бір шетінде – Симферопольская деген һәм қараңғы, һәм тұйық көшедегі қамыс-каркас үйімде Хамаң таң атқанша әңгіме-дүкен құрып, сыр шерткен күн – біздің отбасы үшін бақытты сәттердің бірі. “Ақын тапқан алтын етек жеңешем!” – дегенде анашымның тебірене көзіне жас алғаны бар. Сол кеште Хамаң “Жалды Құрманғазы” – күй атасы туралы ғажап әңгіме айтып еді. Сонау Үркіт (Иркутск) губерниясына жер аударылған Құрманғазының қайтар жолында Жетісу, Арқа өңірлерін бірде жаяулап, бірде салт атпен жүріп өткенін, жол үстінде жеті қараңғы түнде бір қорымға келіп түнегенін, таң алдында жер астынан шыққан адамның дауысынан ұйқысының шайдай ашылғанын, содан кейін мойын омыртқасынан сегізкөзіне шейін жалы бар, жүрек жұтқан батыр күйшінің летаргия­лық ұйқыға кеткен қыздың жерленгеннен кейін оянып, ыңырсып жатқан жерінен көрді ашып құтқарып қалғанын жырдай ғып айтқанда, үй ішімізбен аузымызды ашып тыңдағанымыз бар. Осындай ғаламат хикаяларды тыңдаумен атар таңды көзімізбен атырдық. Мұндай сәтті қалай ұмытарсың!

Қайран, Хамаң! Ол біреуге жақсылық жасағысы келіп тұратын, адамға жаны ашығыш, елгезек мінезді асыл адам болатын. Қол ұшын беретін ешкім жоқ, зайыбым Софияны жұмысқа орналастыра алмай, көп сандалғаным бар. Сол кезде маған жәрдем берген де осы асыл Хамаң болды. Сөйтсек, “Мектеп” баспасының директоры Сафи Назаров деген кісі Хамаңның досы екен. Директордың кабинетіне кіруге жасқаншақтап тұрғанда, екеумізді ақын аға өзі алып кірді. Мәселеміз оншақты минөтте шешілді. Асылдың сынығы – Райымжан Бөкейханов ағамыз математика редакциясының меңгерушісі екен, директор сол кісіні шақырып алды да, Софияны кіші редакторлық қызметке қабылдатты. Кейін Райымжан аға әкеміздей қамқорымыз болды.

Қайран, Хамаң! Қабырғасын күйреткен Ұлы Отан соғысынан аман-есен оралып, туған әдебиетімізде жарты ғасырдан астам уақыт тер төккен асыл аға – ұлы ақын Хамит Ерғалиев қаламгер атына кір келтірмей, арына дақ түсірмей өткен абыз. Әкеден жастай қалсам да, Хамаң сияқты абзал жандардың қамқорлығына бөлендім. Егер бойымда адамға деген мейірім, жанашырлық болса, ол осындай жайсаңдардың тағылымы, өнегесі. Астанаға көшіп кеткендіктен, мен абзал аға көз жұмғанда жерлеуге қатыса алмадым, өз қолыммен топырақ сала алмадым. Тағдыр ісі шығар. Осы естелігім қазақтың қайсар ақыны Хамит Ерғалиевтің зиратына мен салған бір уыс топырақ болғай!

Қайран, Хамаң!..

12
скачать работу

Хамит Ерғалиев

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ