Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХХ-ғасырдың аяғына қарай ҚР-да рыноктық экономикаға өтпелі кезеңнің басталуы.

халықты сендірді. Ол өзінің «Ғасырлар тоғысында» деген еңбегінде кейін осы драмаға толы кезеңді суреттеп, Қазақстанның қалай тәуелсіздік алғанын, әлеуметтік- экономикалық дамудың жолы қалай таңдалғанын баяндап берді. Осы еңбегін
оқып отырып, рыноктық экономика кұру туралы соңғы шешім қабылдаудың онай болмағанын түсінуге болады.
Шындығында, бір жағынан басқа елдердің бірнеше ғасырлар бойы рыноктық жүйемен дамығанына және мол тәжірибе жинақталғанына қарамастан, әлеуметтік-экономикалық дамудың рыноктық үлгісін тандаудың өзі оңай болған жоқ. Біріншіден, осы кезеңге дейін рыноктық экономика құрудың бірнеше жолдары қалыптасып, ондай экономиканың классикалық екі үлгісі қалыптасқан болатын: либералды үлгісі мен әлеуметтік бағышталған (реттелмелі, мемлекеттің едәуір араласуына негізделген) үлгісі. Біздің елде рыноктық экономика құрудың тәжірибесі болмағандықтан және ондай экономиканы жетік білетін саясаяткерлер мен мамандар дайындалмағандыктан, алғашында әртүрлі көзқарастар қалыптасып, әртүрлі пікірлер айтылды. Кейбір ғалымдар мен саясаткерлер “либералды рыноктық экономика құрайық, оның артықшылықтары А.Смиттің ілімінде жақсы жазылған, әлеуметтік- бағышталған экономиканың ауыртпалығын тек қуатты елдер ғана көтере алады”,- деп ұсыныс жасаса, басқа біреулері мұндай қадам бізге жарамсыз, біз әлеуметтік-бағышталған рыноктық экономика кұруымыз керек деп үйретті. Олардың ойы бойынша, социализм заманында биік деңгейлі әлеуметтік қолдау мен қорғауға дені үйренген халық либералды экономиканың қатал жағдайына шыдай алмай, амалсыз қолдануға тура келетін «естен тандыру терапиясына (шоковая терапия)» шыдай алмай, рыноктық экономикаға өтуге ашық қарсылық білдереді деді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та либералды рыноктық экономиканың бізге жарамсыз екендігін ескертті. Талдау жасау қабілетінің жоғарылығымен, көрегендігімен әлемге танымал болған Елбасымыз отандық және шетелдік саясаткерлер мен ғалымдармен кеңесе отырып, біразын елімізге консультанттар ретінде шақырып, олардың берген кеңестерін зерделеп, дамудаң үлгісін таңдау мәселесін терең сараптаулардан өткізіп алды. Сондай сараптаулардың нәтижесінде Қазақстандағы қалыптасқан жағдайға байланысты рыноктык экономиканың әлеуметтік-бағышталған үлгісі оңтайлы екендігіне көз жетіп, сол үлгісін таңдап алдық.

12
скачать работу

ХХ-ғасырдың аяғына қарай ҚР-да рыноктық экономикаға өтпелі кезеңнің басталуы.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ