Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ХІХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті және оның зерттелуі

кадемигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.А. Қасқабасов ("Махамбет Өтемісұлы"), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Жұмалиев ("Шернияз Жарылғасұлы"), филология ғылымдарының докторы, профессор Ә. Дербісалин ("Шөже Қаржаубайұлы"), филология ғылымдарының кандидаты

Қ.Сыдиықов ("Абыл Тілеуұлы", "Нұрым Шыршығұлұлы") филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Тілепов ("Қобылан Бөрібайұлы"), филология ғылымдарының докторы, профессор С.Негимов пен филология ғылымдарының кандидаты Н. Ахат ("Орынбай Бертағыұлы"), филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жармұхамбетов ("Шортанбай Қанайұлы"), филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жолдасбеков пен әдебиетшілер К.Ахметова, М.Төлепбергенов ("Ұлбике Жанкелдіқызы"), филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Қорабай ("Сабырбай Ақтайлақұлы"), филология ғылымдарының кандидаты Қ.Раев ("Дулат Бабатайұлы"), Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкері С. Қамшыгер ("Түбек", "Сүйінбай Аронұлы") қатысты. Зерттеу жұмысында еңбектері ғылыми айналымға тартылды.

Социалистік реализм әдебиеті тұсында жазылса да ғылыми құндылығын жоғалтпаған, әдебиеттану тарихында маңызды орын алатын бірді-екілі еңбектерді ғылыми айналымға қосқанда, кезінде кеңестік идеология тұрғысынан айтылған байламдарды қайта қарап, тиісті жерінде ғылыми сипатына нұқсан келмейтіндей етіп редакциялап ұсынуға тура келді дейді еңбекті құрастырушылар.

Қазақ әдебиетінің қарастырылып отырған кезеңі туралы бұған дейін жарық көрген зерттеулер мен ғылыми еңбектердің маңызы өте жоғары. "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты тарихи мәні тәлімді академиялық көптомдықтың (Алматы, 1960) бірінші томының кіріспесінде, әдебиет зерттеу саласындағы еңбектерге арнайы байсалды талдау жасалған сүбелі тарауларында қазақ әдебиетінің тарихын ежелгі дәуірлерден бері байыптап саралаған зерттеуші ғалымдар мен олардың кітаптары мен талдауларына кең көлемді шолу ұсынылып, лайықты баға берілген. Ол ғылыми мағлұматтар мен кітаптарды түгел тізіп қайталап жатудың реті жоқ деп ойлаймыз. Әрине, социалистік реализм әдісін ұстанған тұста жарияланған зерттеу жұмысының өзіндік саяси сипаты бар екендігі анық, әйтсе де қазақ әдебиетінің тарихына қатысты сараланған ерекше бай мұралар мен деректер, тұлғалы қаламгерлердің талантты толғамдары мен терең танымдық көзқарастары ұлттық әдебиеттану ғылымының қастерлі қазынасы. Өткенді мансұқтау өзектен үзілу. Сөз болып отырған "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты академиялық көптомдық, басқа талантты еңбектер де әдебиеттану ғылымының айналымынан түспейтіні, әлі де талай зерттеу жұмыстарының өзегіне айналуы күмәнсіз. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде де әдебиет тарихы, оның ішінде ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті тарихы мен теориясы жайлы бірқатар іргелі зерттеу кітаптары жарық көрді. Олардың негізгілері қосымша бөлімде ұсынылып отырған қысқаша библиографиялық көрсеткіште берілген.

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдеби мұралардың қолжазбаларына ғылыми сипаттамалар мен библиографиялық көрсеткіштерді әзірлеуге институттың Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері Т.Берікболов, С.Қамшыгер, Ж.Керімбек, А.Сейітова, аспиранты Қ.Мұқашева қатынасқан

«Қазақ әдебиеті тарихының» бесінші кітабы, жоғарыда айтылғандай ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби даму заңдылықтарының басты ерекшеліктерін саралап көрсетуге, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың мұраларын талдап зерделеуге арналған.

Сонымен, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші - бесінші кітаптары тұтас бір ғасырдың әдеби тарихын қамтиды. Бұл ғасыр әдебиеті өз уақытына сай жедел дамыған, жаңғыру үрдісі кең, мазмұны барынша бай әдебиет болуына орай, әр жылдарда оның тарихи-теориялық мәселелері де жан-жақты зерттеліп отырды. Академиялық зерттеу еңбектерінің ішінде 1961 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» үш томдығының екінші томының тұтас бір кітабы осы ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихына арналған еді. Осы кезеңнің әдеби мұралары өткен ғасырдың өзінде көрнекті зерттеушілердің жарыққа шығарған жинақтарында жарияланды. В.В. Радловтың «Түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» атты кітабы (1870 ж.), Я. Лютштің «Қырғыз хрестоматиясы» (1883 ж.), А.Е. Алекторовтың «Қырғыз хрестоматиясы» (1889 ж.), Ы. Алтынсаринның «Қырғыз хрестоматиясы» (1879 ж.), «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» (1911 ж.), т.б. бірнеше кітаптарда қазақ әдебиетінің ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы шығармалары баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың бәрі де қазақ әдебиетінің тарихында елеулі із қалдырды, әрі олар ХІХ ғасырдың екінші жартысында баспа бетінде шыққан еді.

Ғалымдар мен әдебиетшілер осы кезеңдегі әдебиет тарихына арналған еңбектерін әр жылдарда жариялап жұртшылық назарына ұсынып отырды. Бұл орайда С. Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931 ж.), «Қазақ әдебиеті» (1932 ж.), С. Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932 ж.), «ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942 ж.), М.Әуезов, М. Жолдыбаев, М. Қаратаевтың «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1933ж.), т.б. еңбектер күні бүгінге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты академиялық көптомдық зерттеу еңбегі әдебиет тарихын, оның ішінде ХІХ ғасыр әдебиетінің мұраларын зерттеудегі межелі бір белес болса, одан кейінгі кезеңдерде де ХІХ ғасыр әдебиеті жайында белгілі ғалымдардың, қаламгерлердің зерттеу еңбектері мен көзқарастары түрлі деңгейде жарияланып келді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет тынысын зерделеуге арналған бесінші томда бұрынғы зерттеу жұмыстарына да методологиялық тұрғыдан назар аудара отырып, көптеген әдеби мұралар жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында рухани дүниенің жаңғыруына, әдебиетті жаңа ұлттық таным өресінен тануға ұмтылыс басымдықпен жүргені аян. Сол мақсатта көптеген бұрыннан мағлұм шығармалар мен авторлардың дүниетаным тұжырымдары тарихи шындыққа сәйкес талданды. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен қазақ қоғамының тарихы арасындағы жанды байланысқа баса назар аударылып, содан туындайтын көркемдік шындық пен тарихи шындықтың аражігіне көңіл бөлінді. Жаңа әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің өзара үндестігі мен көркемдік-эстетикалық бағыттарының аражігі ескеріліп сөз болды. Ғасырдың екінші жартысында пайда болып ұлттық әдебиетті әлемдік мәдени процесс биігіне көтерген Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев тұлғалары мен олардың әдебиеттегі мәртебелі реформаторлық қызметіне арнайы тоқталып өту қажеттігі бүгінгі таңда аса айқын көрінді. Сондықтан да, ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасырда да қанат жайды.

Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХІХ ғасырдың соңынан бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын арқауына айналды. Осы кезеңде қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен соңына қарай әдебиет жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың сара көрінісіне жол ашты. Қазақ әдебиеті тарихының бесінші томы осындай әдеби даму арналарының басты-басты сипаттарына ден қоюмен ерекшеленеді. Бұның өзі аталдған кезеңнің әдебиет тарихындағы орасан зор маңызын көрсетеді.

Бесінші томды әзірлеуге әдебиеттанудың көрнекті мамандары ат салысты. Жас әдебиетшілер еңбектерімен қоса, осы дәуір заңдылықтары туралы терең із қалдырған ірі зерттеушілердің көзқарастары мен еңбектері де ұжымдық зерттеу ісінде өзіндік орнын тапты. Көптеген ақындардың шығармалары мен өмірбаян деректері туралы қысқа тұжырымды шолу дәйектері ұсынылды. Он алты көрнекті ақынға арнайы монографиялық сымбаттамалар әзірленді. Бесінші томның алғы сөзін, ғылыми шолу мақаласын («ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті») филология ғылымдарының докторы, профессор, зерттеу жобасының жетекшісі А.Қ. Егеубаев жазған.

Монографиялық тарауларға ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор З. Ахметов пен ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасовтың («Абай Құнанбаев»), академик З. Ахметовтың («Шоқан Уәлиханов», «Шәңгерей Бөкеев»), ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Ысмайыловтың («Біржан Қожағұлұлы», «Әнші-ақындар, сал-серілер»), филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Бердібайдың («Мұсабек Байзақұлы», «Құлыншақ Кемелұлы», «Ергөбек Құттыбайұлы»), профессор Ж. Ысмағұловтың («Ыбырай Алтынсарин», «Нұржан Наушабаев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Келімбетовтің («Шәді Жәңгіров»), филология ғылымдарының докторы А. Нұрқатовтың («Ақан сері Қорамсаұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жармұхамедұлының («Базар жырау Оңдасұлы», «Қожабай Тоқсанбайұлы», «Серәлі Еруәліұлы»), профессор М. Жармұхамедұлы мен Т. Әлбековтің («Айтыс»), филология ғылымдарының кандидаты Қ. Сыдиықовтың («Ақтан Керейұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбілқасымов пен филология ғылымдарының кандидаты С.Қожағұлұлының («Әсет Найманбаев»), филология ғылымдарының докторы, профессор У.Қалижанның («Ақмолла Мұхамедиярұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаровтың («Мұрат Мөңкеұлы»), ф

123
скачать работу

ХІХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті және оның зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ