Химияның қазіргі кездегі мәселелері
і кезде химия үшін биологиялық принциптерді қолдану маңызды мәселе болып саналады дегенбіз.
60-шы жылдары реакция барысында кәдімгі катализаторлардың жумыс белсенділігі төмендегі, жарамсыз болып қалуына байланысты, оларды өздігінен жетілдіру жағдайы ашылды. «Өздігінен уйымдасу» деген түсінік — динамикалық жүйелердің жоғары дәрежеде күрделеніп, жүйелі тәртіпке енуімен сипатталатынын еске түсіруіміз керек.
Өздігінен уйымдасудың нәтижесінде катализаторлардың бел-сенділігінің артуы бірнеше сатыдан өтті.
Дүниенің химиялық эволюциясының алғашқы кездерінде катализ мүлдем болмады. Жоғары температура (5000°С-тан жоғары), жоғары электр разрядтары мен радиация жағдайы бір жағынан, екінші жағынан энергетикалық кедергілер әсерін тигізеді.
Катализдің алғашқы пайда болшуы жағдайдың жұмсартылып, алғашқы қатты денелердің шығуымен байланысты болды.
Катализатордың рөлі физикалық жағдайлар жердегі жағдайларға жақындаған кезде өсті. Бірақ катализдің жалпы маңызы күрделі органикалык, молекулалар пайда болғанша аса жоғары болмады.
Химиялық жүйелер дамуындағы катализдің рөлі органикалық және бейорганикалық қосылыстардың сандық минимумына жеткеннен кейін фантастикалық жылдамдықпен өсті.
1964 жылы МГУ профессоры А.П. Руденко усынған элементарлық анық катализдік жүйелердің өздігінен даму теориясы химиялық эво-люция мен биогенездің жалпы теориясы болып есептеледі.
Бүл теория бойынша, химиялық эволюция катализдік жүйелердің өздігінен дамуын білдіреді, сондықтан, эволюция жасаушы зат болып — катализатор саналады. Реакция барысында ең жоғары белсенді ка-тализдік орталықтардың табиғи сурыпталуы басталады. Катализдік жүйелердің өздігінен дамуы, өзіндік ұйымдасуы, өз бетінше күрделенуі тасымалданатын энергияның үздіксіз ағыны арқылы жүзеге асады.
Анализ катализдік жүйелердің өздігінен даму теориясының тәжірибелік нетижесі — реакция жағдайлары өзгеріп тұратын технология.
Бүгінгі күнде жаңа химияны жасау мен дамытудың болашағы айқын — оның негізінде аз қалдық бөлетін немесе қалдықсыз, энергия үнемдеуші өндірістік технология дамиды.
| | скачать работу |
Химияның қазіргі кездегі мәселелері |