ХЛОРДЫҢ ЖӘНЕ СЫНАПТЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ
Другие рефераты
Хлордың органикалық қосындыларын ауыл шаруашылығында инсектофунгицид түрінде қолданады. Олар кеңінен тараған және жалпы улылық әсері бар. Аэрозол, дүст, эмульсия және ерітінді түрінде қолданады.
Көбінесе хлориндан, гептахлор, хлортен, полихлоркамфен, гексахлорбензолдың тәжірибелік маңызы зор.
Қасиеті:
-
Органикалық қосындыларда, әсіресе майда жақсы ериді, суда жаман ериді;
-
Кумулятивті қасиеті бар. Ортада ұзақ уақыт сақталынады;
-
Ыстыққа төзімді;
-
Адам ағзасына тыныс ағзалары арқылы, асқорту жолдары арқылы және зақымдалмаған тері арқылы түседі.
Ағзадан бүйрек, асқазан ішек жолдары және сүт безі арқылы шығарылады.
Патогенезі:
Әсері – жалпытоксикалық және полиорганды. Паренхиматозды ағзаларда қышқылды және фосфорлы процестерге әсер етеді. Тыныс ферменті цитохромоксидазаның блокадасын шақырады. Кейбіреулері (хлориндан, гептахлор) белоктармен тиоферменттердің SH-топтарын тежейді. Аллергиялық әсері бар.
Клиникасы әртүрлі. Ол байланысты:
-
Түсу жолдарына;
-
Пестицидтердің әсерінің сипатына;
-
Концентрациясына;
-
Байланыстың ұзақтығына;
-
Ағзаның реактивтілігіне.
Жедел улану кезінде:
-
Жалпы улану белгілері;
-
Токсикалық гепатит, нефрит, бронх демікпесінің клиникасы;
Қосымша зерттеу әдістерін қолданған кезде: ЭТЖ жоғарлауы, лейкопения, салыстырмалы лейкоцитоз, протеинурия.
Созылмалы улану кезінде: ауру ақырындап басталады. Клиникасында келесі синдромдарды ажыратамыз: астеновегетативті, полиневротикалық, жүрек – тамыр, бүйректік.
Емі: жедел интоксикация кезінде:
-
Зақымдалған ошақтан шығару;
-
2 % натрии гидрокарбонаты немесе натрии хлоридінің изотоникалық ертіндісімен жуу арқылы, теріні және шырышты қабатты тазартамыз.
-
Симптомды ем.
Созылмалы интоксикация кезінде:
-
Симптомды ем;
-
Диспансерлік бақылау;
-
Санаторлық- курорттық ем.
Сынаптың органикалық қосындылармен улану:
Сынаптың органикалық қосындыларын ұрықты өндіру үшін фунгицид түрінде қолданады. Ерітінді, ұнтақ, дүст түрінде қолданады. Меркургексан, меркуран, гранозан комплексті әсер ететін фунгицидтерге жатады. Бүйрек, асқазан-ішек жолдары және жоғарғы тыныс жолдары арқылы ағзаға түседі.
Асқазан-ішек жолдарымен бүйрек арқылы шығу жолдары.
Қасиеті:
-
Ағзаларда жиналуы
-
Жасырын кезеңінің ұзақ болуы
Патогенезі:
-
Жалпы улылық әсері
-
Тиолдың уы. SH-тобымен әсерлесіп, энзимохимиялық процеске қатысады, нәтижесінде май, белок, көмірсу алмасуларының күрделі процестері дамиды.
-
Капиллярлытоксикалық әсердің нәтижесінде, тамырлар зақымданады, яғни гематоэнцефалиялық барьермен тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды.
-
Липотропты әсері
-
Кардиотоксикалық әсері → жүрек қызметінің реттелуінің бұзылуы.
Клиникасы:
Жедел улану кезінде:
-
Астениялық – вегетациялық синдром.
-
Жұлынның бағаналы бөлігімен мишықтың басым зақымдануымен жүретін токсикалық энцефалопатияның белгілері. Бұған-жүрістің бұзылуы, қолдардың дірілдеуі, аяқтардың салдануы, есту қабілетінің, көру қабілеінің төмендеуі, жұтынудың қиындауы, естен тану, соқырлық жатады.
-
Мидың зақымдану қызметі. Бұл – қантсыз диабеттің белгісі.
-
Токсикалық миокардиодистрофия, нефропатия белгілері.
Созылмалы улану кезінде:
Клиникалық синдромдар: астениялық – вегетациялық, полиневроти-калық, диэнцефалиялық, кардиялық, бауырлық. Улану белгілері ақырындап дамиды. Алғашында астениялық-вегетативті синдром болады, ал ОНЖ жағынан: бас ауыру, шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тітркендіргіштік, әлсіздік.
Обьективті: тұрақты қызыл дермографизм, гипергидроз, сіңір рефлекстерінің жоғарлауы, саусақтарының дірілдеуі. Ауыр жағдайларда- диэнцефалдық гипоталамиялық аймақтың зақымдануы болады. Вегетативтік вицериялық криз (шөлдеу, полиурия, ұйқының бұзылуы, терморегуляцияның бұзылуы).
Уланудың ауыр түрлерінде: жүйке жүйесінде органикалық ошақты және диффузды өзгерістер болады. Жүрек тамыр жүйесі жағынан: аритмиялар, блокадалар, гипотония. Дерматит.
Көру ағзасы: жарықты сезудің, көрудің төмендеуі.
Емі:
-
Тері жабындыларын жуу
-
Асқазанды шаю
-
Антидотты ем: 5%-5.0 унитиолды бұлшықетке енгіземіз
1-ші күні – 3-4 рет күніне
2-ші күні – 2-3 рет күніне
3-ші күні – 1-2 рет күніне
20%-20.0 натрии тиосулфатын көк тамырға; 10%-10.0 кальции хлорын көк тамырға
Ацидоз кезінде – Натрии гидрокарбонаы. Гемодиализ.
Негізгі диагностикалық принциптермен дәрігерлік емдеу экспертизасы.
Диагностикасы негізделді:
- клиникалық симптомдармен синдромдар
- лабораторлық токсикалогиялық мәліметтер (биологиялық субстраттарда удың немесе метоболиттердің анықталуы)
- бір мезгілде коллективтің улануы
ДЕС жұмысы:
Жоғалған еңбек қабілетінің деңгейін анықтау.
-
Негізгі аурудың диагнозын анықтау және дәлелдеу (улану)
-
Кәсіптік этиологиясын бекіту
-
Уланудың ағымының сипатын анықтау (жедел, жеделдеу, созылмалы), оның айқындық деңгейі және клиникалық болжамы.
-
Кәсіптік еңбек ету қабілетінің төмендеу деңгейін анықтау
-
Реабилитация шараларын анықтау (медициналық және еңбек).
Жедел улану кезінде патологиялық процестердің қайтымдығы тән. Стационарлық емнен кейін, жедел улану кезіндегі терапевтік емнің нәтижесін бекіту үшін, науқастың кез келген улы заттармен қарым қатынасын болдырмау керек. 2 ай мезгіліндей уақытша жұмыстан босару парағы беріледі.
Пестицидтермен ауыр уланған жағдайларда клиникалық болжамы қолайсыз болса, ал басқа жұмысқа ауысқан жағдайларда квалификациясының төмендеуімен жүрсе, МӘСК бағытталынады, онда қайта квалификациялау мерзіміндегі жоғалтқан еңбек ету қабілетін анықтайды. Уланудың ауыр түрінде асқынулар болса және ағымының декомпенсация кезеңінде науқастар еңбекке жарамсыз деп шешіледі.
Созылмалы уланудың белгілері анықталған жағдайларда, уақытша улы химиялық зататрмен байланысы жоқ жұмысқа ауыстырылады. Уланудың ауыр дәрежесінде науқастар МӘСК бағыталынады.
Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Ингаляциялық жолмен түскен кезде жедел сынапты органикалық уланулардың орташа ауырлық дәрежесіне тән:
1. мишық және мидың бағаналы бөлімінің зақымдануы, миалгия, артралгия, ретробульбарлы кохлеарлы неврит
2. гингивит, гастроэнтероколит, астеновегетативтік синдром
3. жүйке жүйесінің терең диффузды зақымдануы, бас сүйек нервтерінің қатысуымен, токсикалық энцефалоневриттің дамуы
4. басының айналуы, құлағында шу, цианоз, терілік қан құюлулар
5. жоғарыда аталған симптомдардың бәрі
2. Хлорорганикалық қосылыстардың жедел интоксикациясы кезінде арнайы антидот болып қайсысы табылады:
1.бемегрид
2.метиленді көк
З.эссенциале
4. антидоты жоқ, симптомды терапия
5. атропин
3. Сынаптың органикалық қосылыстарының әсер ету механизмі қайсысының блокадасымен анықталады:
1 .цитохромоксидазаның
2. тотығу фосфорлирлеудің
3. холинэстеразаның
4. жасуша белоктарының сульфгидрилді тобының
5. амилазаның
4. Өлшеу приборларын жинақтау цехының слесарь-механигі ақырғы 2 аптада приборларға металды сынапты құюмен айналысқан. Ашуланшақтыққа, тез шаршағыштыққа, ұйқысының нашарлауына, арықтауға, тершеңдікке, жалпы әлсіздікке, жүрек қағуына шағымданады. Об-ті: тахикардия, жүрек тондары қатты, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, көзі жылтыраған, қалқанша безі ұлғаймаған, қабақтарының, тілінің, қолын созғанда симметриялы әлсіз тремор анықталады. Гиперкинездер, гипергидроз, тұрақты қызыл дермографизм. Науқастың болжам диагнозы және еңбекке жарамдылығы?
1. аралас типті НЦД, жұмысын жалғастырады
2. жеңіл дәрежелі сынаппен сүлелі улану, қатынасты болдырмау, қажеттігіне қарай еңбекке жарамсыздық парағы
3. орташа ауырлықта сынаппен сүлелі улану. Стац. ем, кәсіптік ауру бойынша еңбекке жарамсыздық парағы
4. сынаппен сүлелі улану, жұмыстан аластату, мүгедектік тобын анықтауға ДӘСК (ВТЭК)-ке жіберу
5. ор
| | скачать работу |
Другие рефераты
|