Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері

тарға сәйкес корпоративтік басқару үлгісі өзгереді.

«Белсенді акционер» ретінде әрекет жасай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, компанияның бюджеттерінің ашықтығын арттыру міндеттерін шешеді деп танылған «Самұрық» холдингі» АҚ компанияның жедел қызметіне араласпай, директорлар кеңесі арқылы компанияның қызметін басқарады.

 

Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.

Қазіргі кезеңде негізгі мақсаты аясында Холдинг қызметі мынадай бағыттарға көзделген:

-                      ұлттық компанияларды корпоративтік басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;

-                      Холдинг құрамына кіретін компаниялардың бағалы қағаздарын шығару арқылы ішкі қор нарығын дамыту және одан әрі нығайту жөніндегі шараларды іске асыру.

Ұлттық компаниялардың директорлар кеңесі арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру аясындағы Холдингтің негізгі функциялары мыналар:

  • әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды ескере отырып, Мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде компанияларға мақсат қою;
  • компаниялардың алдарына қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз етуге бағдарланған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламаларды және жылдық бюджеттерін бекіту;
  • компания тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін қарастыру және анықтау;
  • мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, соның ішінде компанияның қаржылық нәтижелерін барынша ұлғайту;
  • компаниялар өздерінің мақсаттарын орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдау;
  • компания басшыларын таңдау және оларды ынталандыру;
  • компания қызметі нәтижесінің мониторингі;
  • компания аудитін ұйымдық қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне арнап корпоративтік қаржы мәселелері бойынша ұсынымдар жасау.

 

  Қорытынды

Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады.  Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.

        Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.

       Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты  корпоративтік басқаруды жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.

       Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.

Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.

Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы»,Алматы, 2003ж
  2. Кадерова Н.Н. «Корпоративтік қаржы»,Алматы, 2008ж
  3. «Қаржы қаражаты» журналы,2003ж, №4
12
скачать работу

Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ