Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Христофор Колумб

н қарсы көтерліс ашады оған индеецтер қосылады. Колумб Рольданмен екі арадағы қайшылықты қарап тексеруге корольдан комиссия жіберуді сұрайды. Бұған қосымша Испаниядағы Колумб дұшпандары корольдің Колумб келісімін бұзады, ол сені алдап жүр, оның ашамын деген Үндістанын Португалия теңізшісі Васко да Гама  басқа жақтан ашып, Үндістаннан мол қазына әкелді деп лақап таратып, корольді сендіреді. Сондықтан Король Фердинанд бұл жұмысты тексеруге Испания бас губернаторы әрі армия командирі Бабадилді жібереді. Ол келіп Колумбқа корольдін жарлығын көрсетеді де Христофор, Бартоломей, Диегоны аяқ-қолын кісендеп, үшеуін үш кемеге мінгізіп, Испанияға алып барады. Мұндай жүгенсіздікке шыдай алмаған Колумб король мен королева алдына әкелгенде қатты налиды. Олар біз мұндай қатаң үста деген жоқ едік, — деп оны жұбатады, бәрі де бұрынғыша болады деп сөз береді. Колумб отар жайын корольға бастан аяқ баяндайды да,король сөзіне сеніп, корольдан тағы да жаңа жерге барып зерттеу жұмысын жүргізуді, Кубадан әрі суменен Үндістанға шығуды сұрайды. Король рұқсат етеді. Бұл кезде Португалия короліна Васко да Гама ашқан  Үндістаннан, оның орталық қаласы Каликуттан* алтын, күміс, інжу-маржан әкеле бастаған еді.

1502 жылы 9 мамырда Колумб өзінің мұхиттың арғы жағындағы төртінші саяхатына аттанады. Оның шағын үш кемесінде 150 адам болды. Колумб саяхатқа ауру халінде амалсыздан, бастаған жұмысты бітіру үшін шықты. Ол бұл кезде 66 жаста болды. Бірінші саяхатына 56 жасында аттанған еді.

Колумб жолда аралдарды аралай жүріп, 29 шілдеде Изабелла қаласына келді. Бірақ онда бұл көп аялдамады. Себебі оны қаланың жаңа губернаторы Овандо қабылдамайды. Жолда Колумб кемесі апатқа ұшырап, Изабелла қаласынан көмек сұрауға кеме жалдап екі мотрос шығады, бірақ оларды Овандо қайтармай  қояды. Колумб пен оның командасы өте көп қиындық көреді . Бір жылдай аралда жергілікті тайпалардан қорқытып азық  алумен болады.  Жыл өткен соң Колумб ақшасына кеме жалдап кеткен екі матрос Мендос пен Фиэско 1504 жылы 24маусымда келіп, науқас жатқан ұлы теңізшінің жолдастарына жол жабдығын дайындатып, 12 қыркүйекте  Европаға қарай жүзеді. Кеме ашық мұхитқа шығысымен теңізде дүлей толқын басталады. Олар әзер дегенде 1504 жылы 7 қарашада Испания жағалауындағы Сан-Лукара портына келіп тоқтайды. Аман келіп жеткен Колумб Севилия қаласына барады. Мұнда дем алып, денсаулығын түземекші еді, бірақ оны король салқын қабылдайды. Колумбты қудалау бітпейді,оны қолдайтын королева өліпті, оның сұраған үлесін сотқа тапсырыпты. Испандықтар онда қазына көп деп ойлайды, бірақ Колумбта ол кезді паналайтын баспана да жоқ еді. Король атақты теңізшінің еңбегін бағаламайды, ауруы күннен күнге меңдей береді, король оның тез олуін тілейді. Севилия қаласынан Колумб Вальядолид қаласына көшіп келіп орнығады, өлім жақындағанын сезген Колумб балалары Диего мен Фернандоға барлы-жоқты қаржысын қалдырып, ақтық өсиетінде: өлген соң аяқ-қолыма салған кісенді  қабіріме бірге салыңдар деп тілепті. Ертеңінде, 1506 жылы 20 мамыр күні қайтыс болады.

Туыстары оны Вальядолидтегі монастырға жерледі. 1513 жылы оның сүйегін өзінің туған қаласа Сивилияға апарып, Картезиян монастырына апарып қайта жерледі. 1536 жылы Колумб сүйегін Испаньолаға апарып қойды. Кейіннен оның сүйегін Кубадағы Гаванна қаласына әкелді. Кубаны 1897 жылы Солтүстік Америка билеуіне байланысты Христофор Колумбтың сүйегін қайтадан Испанияға әкеліп, Сельск соборына сақтады.

Колумб көздеген мақсатын орындады, ол адам баласына жаңа материк ашып берді. Бірақ өмірінің соңына дейін Колумб жаңа материк – Американы ашқанын білмеді. Ашқан жерін ол «Индия» деп , ал оның халқын «үндістер» деп атап кетті. Колумб есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Жер шарындағы көптеген жер, су, арал, түбектер, асқыр таулар, қала, селолар оның атымен аталды. Бұл — оған арналған мәңгі ескерткіш.

жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші сапарында — өмірінің соңғы жылдарында өзінің «бөтен бір дүние бөлігін» ашқандығы жайында ойлана бастайды.

Колумб Американы ашқаннан кейін испандықтар жаңа жерді жаулап ала бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-жояды. Колумбтың өзі көп кешікпей король сарайында жүріп жазаға тартылады да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсені өз орнына қоятыны белгілі. Біз казір Колумб есімін құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан қаһарман теңізші деп білеміз.

Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де аттанды.

12
скачать работу

Христофор Колумб

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ