Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

HTML-ге кіріспе. Web-дизайнның негізгі ұғымдары

рапайым текстік құжатты қою қажет болады. HTML тілінде бұл жағдайлар үшін мүмкіндіктер қарастырылған.

HTML тілінде цитаталар <CITE>…</CITE> тегтерінің көмегімен жазылады.

Құжатқа бастапқы текстті қою үшін

<CODE>…</CODE> тегін қолдануға болады.

Текст белгіленген ұзындығы бойынша  шрифтпен жазылатын болады.

Құжатта белгіленген форматпен тексттің бар болу жағдайының қажеттілігі ерекше таратылған. Мұндай мүмкіндік, мысалға электрондық хаттардың мазмұнын текстке немесе Usenet желісінен мақалаларды қосқан кезде қолданылады. Мұның барлығы

<PRE>

1-текст ...

...

N-текст </PRE>

тегтерінің көмегімен жасалады. Бұл жағдайда ол мына түрде кескінделуі мүмкін:

1-текст

...

...

N-текст

HTML тілінде адрестерді жазу үшін қолданылатын жабдық бар. Адрес

<ADDRESS>…</ADDRESS>

тегтерінің көмегімен жазылады. Броузерлер оны курсивпен белгілейді, яғни  <ADDRESS> ул. Пирогова, д. 2 </ADDRESS> жолы

ул. Пирогова, д. 2. түрінде кескінделеді.

 

Тізімдермен жұмыс үшін қолданылатын негізгі тегтер

HTML тілінде тізімдердің үш түрі болады: нөмерленген, нөмерленбеген және терминдер тізімі. Нөмерленбеген тізім келесі блоктың көмегімен жазылады:

<UL>

<LI> элемент

<LI> элемент

...

</UL>

Тізім мына түрде бейнеленетін болады:

· Элемент 1

· Элемент 2

...

Нөмерленген тізімнің нөмерленбеген тізімнен айырмашылығы пунктің жанындағы қою нүктелердің орнына пунктің реттік нөмері қойылады. Ол мына түрде бейнеленеді:

<OL>

<LI> элемент

<LI> элемент

...

</OL>

Ол мына түрде бейнеленеді:

1. Элемент

2. Элемент

Тізімнің үшінші түрі терминдердің тізімі болып табылады. Ол барлық мүмкіндіктерді көркемдеу үшін өте қолайлы. Мұндай тізімді келесі блоктың көмегімен жазуға болады:

<DL>

<DT> 1-термин <DD>1-сипаттамасы

<DT> 2-термин <DD>2-сипаттамасы

...

</DL>

Алынатын тізімнің түрі келесі түрде болады:

1-термин

         1-сипаттамасы

2-термин

        2-сипаттамасы

...

Тексттің екі жағының шеттерін құру үшін <BLACKQUOTE></BLACKQUOTE> тегін қолдануға болады.

 

Текстті түстермен кескіндеу

"Сolor" (%Color;) типті атрибуттың мәні түсті анықтайды. Түстің мәні он алтылық саннан (диез белгісімен басталатын) немесе түстің келесі он алты атынан тұруы мүмкін. Түстердің атын регистр ескеріп отырады.

Түстердің аттары және RGB мәндері

   Black= "#000000"                      Green = "#008000"

   Silver= "#C0C0C0"                    Lime = #00FF00"

   Gray= "#808080"                        Olive = "#808000"

   White= "#FFFFFF"                     Yellow = "#FFFF00"

   Maroon= "#800000"       Navy = #000080"

   Red= "#FF0000"                         Blue = "#0000FF"

   Purple= "#800080"                    Teal = "#008080"

   Fuchsia= "#FF00FF"     Aqua = "#00FFFF"

Яғни, "#FF0000" мәні және "Red" екеуі қызыл түсті береді.

<BODY BGCOLOR> құжат фонының түсін анықтайды.

<BODY TEXT>  текст түсін анықтайды.

<FONT COLOR> шрифтің түсін анықтайды.

 

HTML-құжатында графиканы қолдану

 

HTML-де бейнелерді қолдау графика әлеміне жол. Құжатқа суретті қою үшін Сіз IMG элементін қолданасыз. Қойылған бейне сіздің құжатыңыздың бір бөлігі болып табылады; егер қолданушы сіздің құжатыңызды қолданатын болса, онда бейне де онымен бірге жүктеледі және оның бөлігі тәрізді шығарылады.

 

Егер броузер тек арнайы форматты қолдайтын болса, онда қолданушы кескінді көре алады. Ең қолайлы форматтар GIF және JPEG.

Текстке текстік емес ақпараттар обьектісін қою үшін қолданылатын флагтар-командалар

<IMG SRC="file.gif"> немесе <IMG SRC="file.jpg"> графиктік бейнелерді қоюға арналған команда;

<IMG SRC ="file.wav"> дыбыстық фрагментті қоюға арналған команда;

<IMG SRC ="file.avi"> видео фрагментті қоюға арналған команда.

 

Графиктік бейнелердің параметрлері

WIDHT пиксельмен өлшенетін суреттің ұзындығы;

HEIGHTпиксельмен өлшенетін суреттің биіктігі;

ALIGN тегістеу (ALIGN=LEFT сол жақ өріс бойынша тегістеу, ALIGN=RIGHT оң жақ өріс бойынша, ALIGN=TOP жоғарғы шекара бойынша, ALIGN=BOTTOM төменгі шекара бойынша, ALIGN=MIDDLE немесе CENTER ортасы бойынша);

HSPACE графиктік бейнеден горизонталь бойынша алшақтығы;

VSPACE вертикаль бойынша алшақтық;

ALT бейнелерді белгілеу үшін қолданылатын альтернативті текст;

<BODY BACKGROUND> құжаттың фоны ретінде суретті қолдануға мүмкіндік береді.

Мысал :

<IMG SRC="http://www.hut.fi/~lsarakon/sae.gif" ALT="[Picture of Siamese algae eater]">

 

HTML-құжатында сілтемелерді қолдану

 

WWW ең күшті мүмкіндіктерінің бірі құжаттар арасындағы гипертекстік байланысты ұйымдастыру мүмкіндігі болып табылады. HTML тілінің жабдықтарын сипаттамастан бұрын мұндай байланыстарды ұйымдастыру үшін Internet-те ресурстардың ұқсастығы туралы әңгімелеу қажет. Internet-те ақпараттардың көлемі өте үлкен және оларға енудің көп әдістері бар. Бөлек ресурстардың орналасқан жерін көрсету үшін URL (Uniform Resource Locator) атымен аталатын жазба қолданылады. Ол ресурсқа ену әдісін және оның орналасқан жерін сипаттайды. URL түрі мынадай:

әдіс://[қолданушы аты@][хост][:порты][ресурс аты], мұндағы

әдіс ресурсқа қарайтын әдісті теңестіреді,

қолданушы аты жүйеде қолданушының атын көрсетеді, әдетте анонимдік ену ұсынылады;

хост ресурс орналасқан хосттың желідегі атын (немесе желілік адрес) көрсетеді;

порты сервиске енетін порттың нөмері;

ресурс аты хостағы ресурсты теңестіреді және ену әдісінен тәуелді.

Көптеген Internet сервистері үшін ресурстарға ену әдістерінің идентификаторлары бар және белгіленулері төмендегідей:

http WWW-да қолданылатын HTTP протоколы бойынша ену; 

ftp FTP протоколы бойынша ену;

telnet telnet протоколы бойынша ену, эмуляция терминалы;

gopher Gopher-серверіне ену;

wais WAIS-ке (Wide Area Information System) ену;

news Usenet жаңалықтарына ену;

file жергілікті файлдарға ену.

 

Құжаттағы қандай да бір элементті текстік сілтеме ретінде жазу үшін оны  <A> тегінің ішіне кіргізсе жеткілікті (anchor иои якорь). Мұндай тегтердің толық систаксисі:

<A параметрлер>

</A>,

мұндағы  параметрлер келесі түрде болуы мүмкін:

HREF міндетті параметр, біздің сілтеме жасайтынымыз URL немесе файл екенін анықтайды. Егер біз файлға сілтеме жасайтын болсақ, онда HREF өрісі Web-сервер файлдық жүйесіндегі файл атынан тұрады.

NAME е

123
скачать работу

HTML-ге кіріспе. Web-дизайнның негізгі ұғымдары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ