Ыбырай Алтынсарин
Другие рефераты
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу — өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып қойды. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі — Ыбырай болған.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан- жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Ол кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, шығысты зерттеуші белгілі ғылым, профессор В. В Григорьевпен жақсы танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және силаітын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға оңан мүмкіндік берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының шығармаларының, орыс және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін ұлы адамдардың өмірі жайлы кітатарды көп оқыған.
«Қызмет бабында мен қазақтармен жиі – жиі ұстасып қаламын,- деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге. Олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін. Қазақарасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтары – қарсылық көрсете алмайды, қасқырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды – адамшылықтың шегінен шыға арсыздықпен тонайды, талайды. Соларды көргенде… өте қатты күйінемін. …Осы елдің күшті жемқорларының бірі олардың істеп жүрген істерін менің жаратпайтынымды біліп қалды… Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр».
Осы негізде Ыбырайдың, ағартушылық, демократтық көзқарастары қалыптасып, дамиды.Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.
1876жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Соларға еліктеп, қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.
Сөйтіп Ыбырай «Қазақ хрестоматиясы» 1879жылы Орынборда басып шығарады. «Бұл кітапты құрастырғанда мен,-деп жазды Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, -біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім». Сол мақсатпен Ыбырай «қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме – новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан алып еркін аударды.
Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.
Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен- тұрмыстың тепкісін көре жүріп ысылған еңбек адамы. Ауыл көшіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауыүйгіш лдың қалай қарай көшкенін аңғартуына, түнде далаға түнегенде ит – құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқолығы себеп болды. Ал бай баласы Асан — өмір үшін күресудің жолын білмейтін шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, жаман үиренген, бейнетсіз тоғышар болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді өнерге бейім, еңбекс жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздайды.
Ыбырай — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы. Сондықтан ол аудармаға үлкен маңыз бере ұқыптылықпен қарайды. Бірақ ол ұқыптылық аударманың дәлме- дәлдігін сақтауда емес, шығарманы өзінің ағартушылық мақсатына лайықтап ала білуінде жатыр. Сол шығармалар арқылы ол озық мәдениеттің алдыңғы қатарлы демократтық көзқарастарын әкелді, оның дамуына мүмкіндік жасады.
1879жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайымдалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғыданады. 1879-1883 жылдар арасындағы Торғай облысының төрт уезінде ( Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады. 1887жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – ұлы ағартушының ол тұрғыда жасаған үлкен еңбегі. 1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді.
Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақын, әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|