Илияс Есенберлин (1915-1983)
Другие рефераты
1940 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірді. Әскер қатарына шақырылып, майданда ауыр жарақаттанды, 1942жылы Қазақстанға қайтып оралды. 1947 жылғадейін Қазақстан Компартиясының ОК-нің аппаратында істеді. 1947—1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметінде болды. Қуғын-сүргін көріп, қамалды, 1953 жылы бостандыққа шықты.
Содан соң Қазақ КСР-ның Геология министрлігінде, сосын Берсүгір шахтасының басқарма бастығы болып істеді. 1958—1967 жылдары — Қазақфильм киностудиясының сценарий-редакция коллегиясының редакторы, 1967 жылға дейін — Қазақ мемлекеттік әдебиет баспасының редакторы, 1971 жылға дейін — «Жазушы» баспасының директоры, сосын Қазақстан жазушылар одағының басқарма хатшысы.
Шығармашылығы
1945 жылдан Есенберлин өлеңдер және поэмалар жинақтарын жариялай бастады. Кейінірек драматургияда күшін сынап, «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Республикалық жас көрермен театрының сахнасында қойылды. Қазақ тіліне Константин Дмитриевич Ушинскийдің шығармаларын аударды. Бірнеше романдар да жазды: «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Манғыстау майданы», «Аманат».
1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Романдар 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөз болатын тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Бұл трилогияның негізінде «Көшпенділер» фильмі түсірілді.
Кейінірек жазушы «Алтын Орда» трилогиясын жазды (1982, 1983).
Жазушының кітаптары көптеген тілдерге аударылған, миллиондаған тиражбен шыққан. Есенберлиннің тарихи романдары Қазақстан мәдениетінде ерекше орын алады.
Марапаттары
• Еңбек Қызыл ту ордені
• «Құрмет белгісі» ордені
• «За боевые заслуги»
• «За оборону Ленинграда» медалі
• Қазақ КСР мемлекеттік премиясының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін).
| | скачать работу |
Другие рефераты
|