Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Инфляция проблемасы

монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану кажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда,  жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.
Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.
Күнделікті сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.
Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.
Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе  бермеген.   АҚШ  тәжірибесі   көрсеткендей,  табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың  соңында  табыс  пен  бағаны  тікелей  реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің  ұсынысы   ретінде   сақталған   болатын.   Ал   80-жылдардың басында президент  Р. Рейганның әкімшілігі  бұл мәселемен     айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.
Қорытынды.
        Информацияның жеке жағдайлары тарихта орын алғанына қарамастан инфляция жаңа экономикалық фактор болып табылады. Инфляция – бұл көп факторлы үрдіс, және монетаристердің көзқарасы бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс. Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды.
Қазақстанда инфляцияның пайда болуына келесі себептер себепші болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы; экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика; мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік  қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды. Бағаны либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады.
Экономикалық өсімнің антиинфляциялық стратегиясы инфляцияны реттеуге бағытталған кезең – кезең бойынша шараларды өткізуді талап етеді. Инфляцияның негізгі факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде:  еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін  санациялау мен реструктуризациялау антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты  болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет.
Осылайша инфляцияның әлсіруіне әлемдік теория мен практикада жинақталған қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны Қазақстанның жағдайларына үнемі дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Крымова В. «Экономикалық теория» - Алматы, 2003ж.
2. Осипова Г. М. –Экономикалық теория негіздері/ Алматы 2002ж
3. Сейтқасымов Ғ. С. – Ақша, несие, банктер/оқулық Алматы: экономика, 2001ж
4. Халықаралық Қазақстан сайты (www.kazakh.ru)
5. Қабдиев Д. Қ., Оралтаев Т. Қ., Ескендіров Ә. Е., Бекмолдин С. Қ., Хабибулин Б. Х., Темірбекова А. Б., Беленов А. Т. – Экономикалық саясат/ Алматы: экономика 2002ж

 

12
скачать работу

Инфляция проблемасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ