Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Инфляция

беріледі. Сонымен бірге Қазақстанда экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығын  210 АҚШ долларынан  139 долларға дейін, экспортқа шығарылатын мазутқа салынатын баж салығын  130 доллардан  95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр.

 2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы рыноктарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қақынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сырттан қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуіне, демек, ішкі экономиканы несиелеу көлемінің қысқаруынан көрінді. Бұдан басқа, әлемдік азық түлік тауарлары рыногындағы бағаның шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қыспақты едәуір күшейтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Каржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.

Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

Жоспардың мақсаты  Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыру.
  2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.
  3. Шағын және орта бизнесті қолдау.
  4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
  5. Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары ( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады.

Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

           Жоспарды іске асыру бойынша негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

2007-2008 жылы қабылданған шараларға келер болсақ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады және тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды.

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы  7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді.

Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі  2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ нің өсімі  2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар. Сонымен қатар жоспарға сәйкес,  2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді.

Қорытынды

 

  Зерттеу жұмысының І – бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері»  деп  аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

- Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;

- Инфляция түрлері мен факторлары;

- Инфляция әлеуметтік -экономикалық салдарлары.

 Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  жәнге  осығарн  байланысты  мемелкет  кірічстерінің  құнсыздануынан туады.

Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.

Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Қазақстан республикасындағы инфляция және   оны реттеу» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

- Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және  ерекшеліктері;

- ҚР инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын талдау;

- Инфляция салдарынан туындайтын проблемалар

2004 жылдан бастап  Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  болып табылады.

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету

 

Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселелер келтірілді:

-ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары;

- Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары;

- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі  - ақша-кредит саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен

Пред.1112
скачать работу

Инфляция

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ