Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері

леті бар сұранысқа ықпал жасайды.

Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет, өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді, алайда, солармен бірге өндіріс те қысқартады, Экономикада дағдарыс пен тоқырлау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.

Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылады, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынад, әдетте олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтұну тауарларына сұранысты ұлғайтады.

Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.Инфляцияға қарсы стратегия ақша-кредит, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.

 -Дефляция(латынша «deflatio», «үрлеп шығару» деген мағына береді) саясаты ақша жиынының, кредиттердің, жалақылардың шектелуімен байланысты.

 -Табыстар саясаты стагдефляция кезінде қолданылады,мемлекеттің бақылауымен жалақылармен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін анықтап көрсетеді.

-Инфляцияға қарсы саясаттың түрлері елдегі жағдайларға және осы немесе басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымдылықтарға байланысты таңдалады.

-Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіптен директивті нарықтық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен өтті.

 Ақша айналымын тұрақтандыруға және инфляцияны шектеуге ақша реформалары да бағытталған.

 Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.

Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңғыртылуын көрсетеді.Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация,ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.

 Латынның «nullificatio» сөзінен нуллификация шығады және ол «жою» деген мағынаны білдіреді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары негізілді.

 Девальвация латынша «de»-төмендеу, «valko»- тұрмын дейтін сөздерден туындайды.

 Ревальвация латынша «re»-жаңару және «valko»- тұрмын дейтін сөздерден туындайды.

 Латынның «denominatio» сөзін аударғанда деноминация «қайта атау» дегенді білдіреді және ара-қатынасы бойынша жаңа ақша бірліктеріне ауыстыру жолымен ақша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді көрсетеді.

 2003 жылдың 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы өзінің 10 жылдығын атап өтті. Бұл уақыттың ішінде ол дүнйежүзілік ақшалардың ортасынан өзінің елеулі орнын алды.

 Теңге- біздің экономикамыздың күре тамыры, оның күйі экономикамыздың жағдайын толық сипаттайды. 10 жылдан астам уақытта балалық ауруларынан аман өтіп басқа валюталардың жүзден астам жыл өткен жолын өтіп тұрақтанды, барлық елдер мойындады.

 

 

Инфляцияның түрлері.

 

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшінкөп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі: а) баяу немесе сұлама инфляция, б) қарқынды инфляция , в) ұшқыр инфляция.

Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де, ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20 дан 200%-ке дейін өседі. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астропологиялық қарқынмен 1000%-тен жоғары. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың (өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің ) да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды.

Шет ел нарықта болатын инфляцияның тепе-теңдік формаларына байланысты инфляциясы ашық және Басылыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді.

Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында , өтімнің сапасының нашарлауында, амалсыздап ақша жинақтауда, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді .

Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртып экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.

Инфляция күтілетін және күтілмейтін инфляция болады.

Күтілмейтін инфляция – бұл белгілі бір уақытқа, болжалайтын инфляция.

Күтілмеген инфляция – бұл кенеттен өсуімен сипатталады. Бұл ақша айналымына, салық жүйесіне нұсқан келтіреді.

Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке бөледі:

а) сұраным инфляциясы,

б) өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде болатын инфляция.

Сонымен, инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары болады:

 1.Бағаның өсу қарқынына қарай:

- Баяу инфляция – бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны он пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсумен сипатталатын инфляция.

- Орташа инфляция – баға өсінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция.

- Қарқынды инфляция – бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляцияы, бағалардың өсуі жылына жүз пайыздан асады.

2. Пайда болу сипатына қарай:

- Әкімшілік инфляция - «әкімшлікті» басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуі мен пайда болатын инфляция.

- Шығын инфляциясы – ресурстар мен өһндіріс факторларына бағаның өсуі мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың бағалары өседі.

- Сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.

- Ұсыным инфляциясы - өндірісті к ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өнджіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция.

- Импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция.

- Кредиттік инфляция – шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған инфляция.

3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша.

- Ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция.

- Жасырын – мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция.

 Инфляцияның даму факторлары және оның салдары.

Инфляцияның даму факторлары әр-түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес- шығын инфляциясын білдіреді.

 Бұл екеуі де ішкі факторға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі т.б жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі, экономиканың циклдік дамуы, директивалық бағаның түзелуі жатады.

 Инфляция факторларын былайша топтаймыз:

-ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.

-қазыналық факторлар- ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі.

-ақшалай факторлар-ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы үнемі сипат алып отырады.

-сыртқы факторларға- экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің ұлғаюы.

 

 

Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары.

 

1992 жылға дейін Қазақстан Республикасында жасырын инфляция орын алып келді, ол біртіндеп ашық сипат алып жоғарылай отырып гиперинфляция сипатын алды. Солтүстік Қазақстан облысындағы инфляция динамикасы келесідей: 1992 жылы – 3060,8;

1993 жылы - 2417,4; 1994 жылы – 1308,5; 1995 жылы – 150,2;

1996 жылы – 128,4; 1997 жылы - 114,1; 1998 жылы – 99,1;

1999 жылы-121,3 %; 2000 жылы – 110,8 %:

Қарастыралған кезеңдегі облыстық ИПЦ көрсеткіші 1995жылы , 1996жылы және 1998 жылдары ғана Республикалық көрсеткіштен төмен болды. Инфляция философиясы мынада, ұдайы өндіріс процесінің тежелуінде экономиканың бас көтеруінің уақытша факторына айналатындығында. Экономикалық өсудің қарқынына төмендеп, пропорциясы бұзылады, қаржылық валюталық және ақша – несие механизмі босаңсады,әлеуметтік – экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Ол халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшінің ұдайы өндіріс жағдайын қиындатады, экономикалық қылмыс пен көлеңкелі экономиканы және т.б активтелді.

Инфляция жағдайында несие беруші банкілер мен мекемелер жоғалтулар жүктейді. Әлеуметтік салдары ретінде ол ұлттық табысты қайта бөлуді жүргізеді, және тауарлар мен қызметтерге бағаның кенеттен өсуінен нақты, сондай – ақ номиналды еңбекақының өсу қарқынының қалуына мүмкіндік жасайды. Инфляциядан жалдамалы жұмысшылардың барлық категориялары; бос маманды тұлғалар, зейнеткерлердің табысы инфляция қарқынына қарағанда өз мөлшерде жоғ

123
скачать работу

Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ