Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

INTERNET тарихы

p> openFTP-сервермен қатынас құру сұранысы;

ftp.relcom.rsu— FTP-серверінін қажетті информациямен толықтырылған аты;

nameid— пайдаланушының кіру аты немесе anonimus; password  — сұраушы  адамның  паролі  немесе  оныц почталық (E-mail) адресі;

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда: help— сервер командалары бойынша анықтама беру; quit— сеансты аяқтау.

Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

cdкаталог_аты — каталогты ауыстыру;

cd.. — жоғарғы деңгейден каталогка қайту;

getфайл_аты — FTP-серверден файл алу;

binary— екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, com, arj), гаг, tar, zipжәне т. б.)

dir— ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.

FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын HELPкомандасы арқылы алуға болады.

FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.

cdpub/ — барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын (директориін) пайдалану; dir— сол каталог файлдар тізімін беру; get03ndex.txt— FTP-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;

binary   — екілік файлдарды өңдеуге өту; getfar140.zip  — FTP-серверден екілік файл алу; quit— FTP-серверден ажырау (байланысты үзу). Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз. NetscapeNavigatorжәнс InternetExplorerтәрізді ыңғайлы графикалық   интерфейсі   бар   браузерлердің   шығуына байланысты    әрбір    адамның    жұмысы    керек    кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде MicrosoftInternetExplorer3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp://ftp.relcom.ruқатынас кұру сеансын талқылап шығайық.

Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасынан InternetExplorerпиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.

Бұл мысал InternetExplorerжұмысын Windows98 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрексттері осы операциялык жүйеге сәйкес баяндалады (WindowsЗ.х ортасында жүйенің хабарлары маі терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жұмыс кезеңдері мен орындалатын әрекеттері бірдей).

InternetЕхріогег-ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас кұру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс (29.2. сурет). Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Intеrnеt-ке косылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең СОҢҒЫ әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттсрде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.

Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға InternetExplorerтерезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізгсе аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды құрастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың кызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.

Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық, Бұл өрісте FTPадресі былай теріледі: ftp://ftp.relcom.ru

Адрес терілген соң, "Enter" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.

Адрес енгізілген сәттен бастап, Internetтерезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет козғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің InternetExplorerэмблемасына айналуы FTP- сервермен байланыстың толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.

InternetExplorerтерезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры тұрған орында FTP-серверге кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Құрал-саймандар тақтасындағы "Тоқта" (стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, FTP-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, "Алға"және "артқа" батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. "Таңдамалы" (Избранное) батырмасы арқылы кабылданған парақты өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен FTP-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай-саспай карап шығуға болады.

"Баспа" батырмасы экранда көрініп түрған бетті баспаға шығаруға арналған. Егер сізге қарі мөлшері ұнамаса, онда "Шрифт" батырмасы арқылы оны үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.

Релком желісінің серверлерімен жұмыс істегенде FTP-сервері мен өз компьютеріміздің символдарды белгілеу кодтары сәйкес келмейтіні байқалуы ықтимал. Өйткені Windowsжүйесі 1251 шарттаңбалау тәсілін, ал РЕЛКОМ желісі КО18г кодтау тәсілін пайдаланады. Мұндай жағдай туындаса, мәтін символдары кодтары түрлендіру үшін басты мсню пунктін пайдаланған жөн. Басты менюдің "Түр" (Вид) пунктінің "Параметрлер" жолын таңдап алсақ, сол командаға сәйкес терезе экранға шығады. Сол терезедегі "Қаріп" батырмасын басу керек те, "MIMEкодтары" параметрлері ішінен қажеттісін таңдап алу қажет.

Мұның себебі кодтардың стандартты кестесінде кириллица әріптері (орыс, казақ әріптері) жоқ, сондықтан әркім өзі енгізген әріптерін немесе өзі ойлап шығарған әріптер программасын пайдаланып жүр (әрбір программалаушы осыған өз "үлесін" жалықпай қосып келеді). Мысалы, КСРО төңірегінде алдымен КОИ8г кодтары қабылданған еді, Microsoftоған қоса екі балама кодтар даярлаған болатын — біріншісі, 886 кодтар MSDOS-қа арналған да, екіншісі, 1251 кодтар Windowsжүйесіне бағытталған болатын. Қазіргі ТМД елдерінде осы үш кодтау тәсілі катар қолданылып жүр. Осы жолдармен керекті шарт таңбалар тандап алынған соң, барлық ашық терезелерді ОК батырмасын басу арқылы жауып қою керек. Сонда экрандағы мәтін қалыптағы күйге келеді.

Жұмыс өрісінде FTP-серверінің парағы бейнеленген InternetExplorerтерезесі көрсетілген, онда PUBкаталогының мазмұны орналасқан мәтін түр. Мұндай каталог көптеген FTP-серверлерінде болады, оның ішінде керекті файлдар сақталуы тиіс.

Керекті файлды не каталогты алу (көру) үшін курсорды сол файл (каталог) атына алып бару керек, сол сәтте курсор сұқ саусағы сол файлды көрсетугс бағытталған кол бейнесіне айналып, тышқан батырмасын шерту арқылы, сол файлдың (каталогтың) мәтін алуға мүмкіндік аламыз. Сол мәтін өз компьютерімізге жеткізіледі (ал каталог болса, ашылып толық көрсетіледі). Жоғарғы деңгейдегі каталогка өту керек болса, "Артқа" батырмасын басамыз немесе жоғары жақтағы "бір деңгей жоғары шығу" батырмасын басу жеткілікті.

Экранда көрінбей одан тысқары түрған мәтін бөліктерін көру үшін колденең немесе тік жылжу сызықтарын пайдалану керек, олар InternetExplorerтерезесінің оң жақ және томенгі шеттеріндс орналасады ("лифт"деп те аталады).

Браузер арқылы кез-келген уақытта басқа FTP-серверге ауыса аламыз. Ол үшін "Адрес" деген терезеге жаңа адрес енгізіп, Enterпернесін басу қажет немесе "Адрес" өрісінің оң жағындағы бағыттауыш тілсызық батырманы басып, шыққан тізімнен керектісін таңдап алған жон. Керекті адресті "Таңдамалар" батырмасы аркылы да тізімдср ішінен тауып алуға болады.

Браузермен жұмысты аяқтау үшін "Файл" менюінің "Жабу" пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрындағы "X" батырмасын пайдаланса да болады.

 WORLD   WIDEWEB

Internetішінен керскті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті карастырып өтейік.

WorldWideWeb(WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе больш табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWWесептеледі. Intcrnet-тің қалған бөліктерінен гөрі WWWжүйесін пайдалану жеңіл әрі ыңғайлы.

Мүнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше

123
скачать работу

INTERNET тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ