Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ынтымақтастық педагогика

су, дұрыс педагогикалық назар аудару әсіресе бала өзін өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан және қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы жазалау, қауіп немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды,өзін өзі құрметтемейді.
Осы сияқты мұғалім де өзін өзі құрметтейді. Өйткені ол өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл желпі жетістіктермен қанағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепке өзінің құқын қорғамайды, шыдамшылыққа көнеді.
Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегеі жетістектерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты.
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы – бұл сөсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеу мен бірге өзін-өзі құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы абыройын шын құрмет ету.
Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі ретттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді.Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбилеу – бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндетттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі. Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді.Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы тиіс. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту процесін шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар тағы басқа) реттеуге мүмкіндік береді, И. Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл-ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тәртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-әрекетін орфндауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік беру керек.
Қабілет, өз абыройын сезу және өзін-өзі ретттеу-демократиялық тұлғаның өзара байланысты қасиеттері.Жеткіншектік жастағы бала өз өмірінің тиімді өткеніне баға бере бастайды және мектепті бітірер алдында өзіне қайғылы, бірақ өте жақсы сұрақ қояды: «Мен 16 жастамын, ал мен халық үшін не істедім?» Осыған байланысты тәрбие мен оқу процесінде әр түрлі сұрақтар туады. Мысалы, «Мен өзім кіммін?» «Мен қалай істеуім керек?», «Үйелмен, ұжым, қоғам алдындағы менің борышым неде?» тағы басқа. Мұндай сұрақтарда талдау оқушыларды терең ойландырады, олар нақты жауап беруге тырысады.
Жаңашыл ғалым И. П. Ивановтың әдісі бойынша тәрбиенің басты элементі ұжымда өзін-өзі талдау болады.Әрбір жалпы іске- өнімді еңбек пікір талас жарыс, жорық, демек, түрлі іс-әрекеттеріне қатысушылар ұжымдық талдау жасаулары қажет. Оқушыларда ұжымда өзін-өзі талдауға үйрету зор педагогикалық шеберлікті талап етеді.осыдан ересек адамдар мен балалар арасында ынтымақтастық туады. Оқушылар жалпы іс үшін тілектес болуға оның барысың қадағалап бақылауға үйренеді. Өздерің сол істің иесімін деп сезінеді.
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін лайықты ұстап және жұмысты жақсы істеуге тырысады.
Міне, мұны демокрацияландыру мен жариялылық принципті дейді.
Оқу-тәрбие жұмысының барысында орын ала бастаған жаңа идеяның бірі бұл бала күнінің жартысы жайлы.
Бала күнінің жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушылардың өз ынтасымен орындайтын түрлі іс-әрекеттеріне (спорт, музыка, пән үйіремелері, өнімді еңбек тағы басқа) арналады.
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде азайту керек. Ол үшін шәкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс
Тірек идеясы — әдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп ( күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оөқыту пайда болған. Нашар балалармен қосымша сабақтар өткізу де мектеп өмірінде қолданылып келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту және қосымша сабақ өткізу мәселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл алмады.
Оқытудың мұндай формалары балалардың жан-жақты дамуына, бірқалыпты білім алуына кері әсер етеді, өйткені балаларда күдіктену байқалады. Осының нәтижесінде олар бізде екінші қатардағы оқушыларымыз ба деген ойға бөленеді, оқуға ықыласы төмендейді. Олар жеке – жеке экспримент жасап, бәрі бір тірек идеясына келді: В.Ф. Шаталовтың тірек сигналы, С.Н. Лысенкованың тірек үлгілері, Е.Н. Ильинннің тірек бөлшегі (деталь) тағы басқа. Тірек формалары әр түрлі, бірақ жалпы принцип айқын көрсетілген: ең нашар оқушы тақтада тұрып еркін жауап береді. Ол сабақ қарқының бұзбайды, оның тірек болуы қажет. Тірек бұл кесте түріндегі көрнекі құралдар емес, ол ережелердің, әңгімелердің жол көрсеткіші. Әрбір оқушы түрлі тірек формаларын өзінің жауабында пайдаланады. Мысалы: ереженің жол көрсеткіші, есептер шығару тәсілдер тағы басқа.
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет.
Жаңа идеялар мектептегі демократияландыру және ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.
Демократяландыру – бұл тұлғаның жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды (мемлкет, қоғам) қатыстыру. Мектеп –бұл мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы тілегін қанағаттандыратын қоғамдық- мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру – бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болыуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру — бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында-балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасың жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінезқұлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.

Қорытынды

Курстық жұмысымның тақырыбы «Ынтымақтастық педагогика».
Жұмысымды қорыта келгенде бірінші бөлімге педагогикаға анықтама беріп, екінші бөлімде тақырыбымды толықтай ашып жаздым.
Адамгершілік және ынтамақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады. Мәне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтамақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы – даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде, біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым – қатынасы, істегі ынтымақтастығы.
Кейбіреулер, ынтымақтастық педагогиканың осы заман педагогикасынан айырмашылығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа мағыналы жауап беру қиынырақ секілді. Бірақ екеуіне анықтама берсек артық болмайды.
Осы заман педагогикасы — бұл тұлғаның жеке ұжымның тәрбие және өзін өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым.
Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе?
Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теориясы мен озат педагогикалық тәжірибенің нәтижесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа иедяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Мұғалімдердің ынтымақтастығы: экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық стажы 25 тен 40 жылға дейін. Олар әртүрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін емес. Әрине, кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарлама және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді зерттеумен айналысады.
Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістектерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты.
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы – бұл сөсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеу мен бірге өзін-өзі құрметтей біледі.
Реализм идеясы, яғни тәрбиені

12345
скачать работу

Ынтымақтастық педагогика

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ