Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Инвестиция саясаты

аным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.

5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.

Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа    салалармен), алдын-ала  бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.

Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.[2; 67]

Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.

Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткенірынок үнемі қозғалыста болып түрады.

6.Q - принципі

"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш - қатынасы :

Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) /бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу)  күнделікті шығындары.

Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.

Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:

Q ═ фирманың барлық биржалық құны /оның материалдық бөліктерін  орнына келтіру шығындары.

Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы,   мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.[16;138-144]

 

2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Инвестициялық саясатты әзірлеу барысында мақсатқа сай, келесі белгілерді сақтау керек.

  1. Жоғары экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету.
  2. Салынған капиталдан кәсіпорын қолайлы табыс табуы керек.
  3. Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану
  4. Инвестициялар тиімділігін жоғарылату үшін мемлекет араласуын қолдау
  5. Шетел инвесторларынан несие жеңілдіктерін алу
  6. Инвестициялық тәуекелділікті азайту

Коммерциялық тәуекелдіктің әсер етуі (құрылыстық, өндірістік және көліктік) т.б жобалау табысының өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдіктер тапсырыс берушілер арқылы азайтылуы мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуын, коммерциялық емес тәуекелдіктерден қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметімен қадағаланады.

Мемлекеттік капиталдық салымдарды қаржыландырудағы шығындар қарастырылады.

Мемлекеттік бюджетте-егер де олар сәйкес федералдық мақсатты бағдарламаға кеткен шығыстардың бөлігі болса.

Қазақстан Республикасының субъектілер бюджетінде егерде сәйкес аймақтық мақсатты бағдарламаға кеткен шығындар болса.

Мемлекеттік бюджет шоттарынан қаржыланатын инвестициялық жобаларды әзірлеу,  қарастыру және бекіту сияқты федералдық мақсатты, бағдарлама мемлекеттік бюджеттің орындалу есебін көһрсету барысында, бюджеттік несиелердің өтелу есептері де көрсетіледі.

Бюджетті орындайтын органдар берілген бюджеттен нестелер жөнінде реестр жүргізеді.

Егер капиталдық салымдар кәсіпорындар мен корпорациялардың меншік құралдарының негізінде жүзеге асатын болса, құрылыс жөніндегі серіктестер қаржылық салымдардың қаржыландыру шартын және тәртібін анықтайды.

Қазіргі кезде құрылыс салушы кәсіпорындар өз бетінше инвестициялық бағдарламаларды жасайды және өткізу үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстарды үлестіреді. Кәсіпорынның инвестициялық бюджеті директивті құжат болып табылмайды, керісінше капиталдық салымдарды қаржыландыру көздерінің стратегиясын белгілейді.

  • Менеджментті қоса отырып, жобаны өткізудің ұйымдық жоспары
  • Өнім және менеджментті қоса отырып, жобаны өткізудің ұжымдық жоспары
  • өнім және маркетинг жоспары
  • жобаны өткізудің қаржылық жоспары
  • капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігін бағалау

Жобаны өткізудің қаржылық жоспары бизнес-жоспардың  басты бөлігі болып табылады. Ақша ағымдары ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызметтер арқылы анықталады. Қызметтердің әрбір түрі бойынша есептер кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының жыныстануы мен сальдо түсімінің белгіленуімен анықталады.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметін әзірлеу барысында жобаларды өткізумен байланысты мүмкін болатын тәуекелділіктерді мақсатты бағалау керек.

2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері

 

Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [Қосымша А]

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да,салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар:акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұлзейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздықміндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]

Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады?Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?

Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана.Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

Инвестициялық шешімге барғанда, онымен біргеинфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатынинфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90мың теңге ғана болады.

Егер инвес

12345
скачать работу

Инвестиция саясаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ