Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
ң жалпы көлеміндегі үлесі 55,2 % (2004 жылы 59,3 % ) құрады. Сонымен, меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде: темір кеңін ашық әдіспен өндіруде; ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тоздан жасалған бұйымдар өндіруде; қағаз массасын, қағаз, картон және осылардан жасалған бұйымдар өндіруде; кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру мен темір жол көлігін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру, үлбір өндеу және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібі, уран және торий кеңдерінен басқа түсті металл кеңдерін өндіру бойынша кәсіпорындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалды (98,5 - 83,2 %). 2005 жылы инвестициялық мақсаттарға жұмсалған меншікті қаражаттың едәуір бөлігі бөлінбеген табыс есебінен қаржыландырылды (89,6%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған амортизациялық аударымдар 5,5 % құрады. Маңызды бөлігі - кәсіпорынның жұмыстарды іске асыру мен қызмет көрсетуден түскен айналым қаражаты болып табылатын меншікті қаражаттың басқа түрлері 4,9 % құрады. Сырттан тартылған қаражат құрылымында бюджет қаражатының үлесі 2004 жылғымен салыстырғанда 1,5% өсті, бұл республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % есті. Шетелдік банк кредиттері үлесін 5,7 % темендегені, басқа шетелдің қаражаттың 5,0 % өскені байқалды.[Қосымша Г]
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы көлеміндегі сырттан тартылған қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда (94,6%), мемлекеттік басқару ұйымдарында (90,2 %), былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда (81,5%), денсаулық сақтау ұйымдарында (78,2%) және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынша кәсіпорындарды (77,7%) байқалды.
2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көп жағынан шетелдік қаржыландыру көздерін тарту есебінен қаржыландырылып келсе (тиісінше 65 және 59%), енді 2006 жылдан бастап инвестициялық мақсаттарға жұмсалған ішкі ресурстар шетелдік салымдардан басым түскенін айта кеткен жөн. Сонымен, 2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған ішкі инвестициялардың үлесі тиісінше 55 және 56 % құрады.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар құрылымындағы өндірілмеген материалдық және материалдық емес активтерге кеткен шығындар үлесі мардымсыз (мұнда тегі табиғи активтерді, патент, лицензия, тауар белгілерін, тауар маркаларын және тағы басқаларын сатып алуға кеткен шығындар кіреді) және 0,3% кұрайды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы экономиканын өсуі мен капиталдың корлануының негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің өсумен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей отандық және шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді.[18;16-19]
ҚОРЫТЫНДЫ
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Екінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нармативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
2) М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//
3) Аналитическая информация о состояниирынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценныхбумаг Казахстана. N° 1. 2006г,
4) Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент” Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.
5) Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.
6) Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
7) Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар
8) Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006г.
9) Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
10) Косжанов.Т.Н. “Промышленная и инвестиционнаяполитика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005г,
11) Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006г.
12) Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
13) Ковалев В.В. Финансовый анализ Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
14) Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар
15) МаулимбердинаС.Т. “Рынок ценных бумаг” вводенме в проблему. //Саясат, 10-11,2006г.
16) Методические рекомендации по оценке эффективности иевестиционных проектов: Официальное издание. – Москва Экономика 2000г
17) Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б
18) Нурланова. Н.К. “Инвестиционная ситуация вКазахстане и перспективы ех позитивных сдвигов” //Европейское сообщество. М 3. 2004
| | скачать работу |
Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны |