Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР

ындағы қанның түзілуін тежейді. Салыстырмалы  түрде бірқалыпты тараған изотоптар (Cs, Ru, Nb, HTO, Po және т.б)лимфоидты қан түзуді тежейді, ұрық каналының атрофиясын тудырып, жұмсақ тіндердің (сүт безі, асқазан ішек жолдарының , бауырдың) ісіктерін тудырады.   Полонимен плутонидің α сәулеленулері ішкі зақымданулар кезінде өте қауіпті.

Қиын еритін радиоактивті қосындылардың аэрогенді жолмен өкпеге түскен кезде, сәулелі пневмосклероз, бронх эпителилерінің метаплазиясы, ісіктер дамуы мүмкін. Сонымен қатар еритін изотоптар қатарының, яғни плутонии-239, рутении-106, тории-228, америция-241 аэрогенді жолмен түскен кезде остеосаркомаға қарағанда, өкпенің жиі қатерлі ісіктерін тудырады.

Ұрық және оның тұқымына радиоактивті заттардың айқын зақымдаушы әсері бар екекні дәлелденген.

Иондаушы радиация тудыратын тіндік және жүйелік сәулеленулер негізінде ағзадағы тіндер мен сұйық ортадағы құрылымдық компоненеттердің клеткалық және молекулярлық деңгейінде біріншілік радиациялық процесс жүреді. Ағзаның бүтіндігі кезіндегі радиациялық зақымданулардың қалыптасулары бірнеше жолмен жүзеге асады, зақымдайтын агенттің клеткаға тура әсерінің нәтижесінде, ағзадағы тінаралық қатынастармен нейро регуляторлы механизмдердің бұзылуы салдарынан  пайда болады.

Иондаушы радияцияның әсерінене туатын радиобиология мен радиациялық медицинаның қазіргі кездегі теориялары бойынша, үш топқа бөлінуі мүмкін:

-          соматикалық (жедел және сүлелі сәулелі аурулар, жергілікті сәулелі зақымданулар – катаракта, терінің және т.б қатерсіз зақымданулары);

-          соматикалық-стохастикалық (өмір сүру ұзақтығының қысқаруы, лейкоз, әртүрлі ағзалар мен тіндердің ісіктері);

-          генетикалық доминантты және рецессивті гендік мутация, хромосомды аберация).

Үздіксіз сәулеленуге ұшыраған адамдарда соматикалық нәтиже дамиды, ал  оның тұқымында генетикалық (тұқым қуалайтын өзгерістер).

Жалпы қысқа уақыттық сәулеленулер әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы радиациялық зақымдануларды тудыруы мүмкін.

1,5 Гр және одан жоғары сәулеленулер кезінде сүлелі сәулелі ауру дамуы мүмкін екгндігі бекітілген. Сәулелену аймағының орналасуы сәулеленудің біркелкі емес таралауына байланысты болады.

ЕМІ:

Жүргізілетін шаралардың үш этапын ажыратады: 1) міндетті түрдегі жұмыс орнындағы шаралар; 2) шұғыл емдік және диагностикалық шаралар; 3) поликлиника мен стационардағы толық диагностика мен емдік шаралар.

Нуклидтердің сипатына байланысты радиоактивті заттардың шығуын тездететін заттар тңдалынады. Сонымен қатар сұйықтықтардың айналымын жеделдету арқылы(потогонды және зәр айдағыш препараттар) нуклидтердің шығуын тездетуге болады,  механикалық шығару(тазартатын клизмалар, адсорбенттер) қолданылады.

Қазіргі кездегі кеңінен қолданылатын заттарға этилендиаминотетрауксус және пентауксус қышқылдары және олардың туындылары қолданылады: ферроцин, унитиол және оксатиол. Трансуранды радионуклеидтермен  және  жер бетінде сирек кездесетін элементтерді шығару үшін пентацинді қолданады. Препаратты көк тамырға баяу енгізеді, 5% ертіндіні 10 мл тәулігіне 2 реттен (20-40 иньекция) жалпы және радиометриялық зәр анализінің бақылауымен енгізеді.

Ағзаға радии, стронции түскен кезде ұсақ дисперсті барии сульфатын 50,0 г, натрии алгинатын 10-12 г/тәу. 200 мл сумен ішке қабылдайды. Радиоактивті йодтағы сәуленің күшін азайту үшін үлкен адамға 7-14 күн бойы 250-300 мг тұрақты йод немесе калий йодидті қолдану керек.

Полонии ағзаға түскен кезде анықталған тізбек бойынша шұғыл 5% ертінді түрінде оксатиолды тағайындаймыз. Алғашқы 4  тәулікте  препаратты 50 мг/кг  есебімен 2 рет, содан соң 2 күн үзілістен кейін дозасын 40 мг/кг төмендетемізде 3 күн қатар алады, ал 12 күннен бастап осындай үзілістен соң  — 35 мг/кг дейін төмендетеміз(3 күн).  Препаратты баяу, тамшылатып енгіземіз. Жанама әсерлеріне жүрек айну, қан қысымының төмендеуі жатады, осы кезде кофеин, супрастин, пипольфен тағайындалады.

Сәулелі аурулар кезіндегі жұмыс қабілетінің сараптамасы.  Дәрігерлік еңбек сараптамасының сұрақтары жалпы статусымен, бұрынғы және қазіргі кездегі жұмыс қабілетіне, сонымен қатар жалпы соматикалық және кәсіптік аурулар кезіндегі тексерілулерге және медидициналық қарауларға байланысты. ССА бойынша мүгедектікке ауыстыру көрсеткіштері өте шектелген.

Аурудың қалыптасуы кезіндегі тексерілулер кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы  беріледі, ал қорытындысында уақытша (3-6 ай) басқа жұмысқа ауыстыру шешіледі.  Шешімді стационарлық немесе поликлиникалық  емдеу орындарындағы ДБК қабылдайды.

Барлық жағдайларда 4 ай емнен кейін  және еңбек қабілетін төмендететін  сәулелі зақымданулардың айқын белгілері болған кезде науқасты ДЕСК жолдайды.

Жұмыс қабілетін тұрақты төмендетеді: 1) тіндер мен ағзалардағы терең трофикалық және склеротикалық жергілікті өзгерістер, көру қабілетінің төмендеулерімен катаракта, ампутациялық дефектілір және контрактура: 2) айқын астенизация, орталық жүйке жүйесімен тамырлардың органикалық зақымданулары: 3) анемия, қан түзудің компенсирленбеген гипоплазиясы.

Мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілеті сақталған кезде 3 топтың мүгедектігі беріледі.

Алдын алу.  ССА алдын алу шараларына қатаң түрде жұмыс ережелері мен нормативтерді сақтау жатады. иондаушы сәулелер көзімен жұмыс істейтін адамдар міндетті түрде дәрігерлік  бақылауында болады.

Дұрыс дем алу және тамақтану, рационалды еңбек ету және сәулелену мөлшерлерінің қалыпты нормадан аспауы алдын алу шаралардың міндетті бір бөлімі болып табылады.

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1.  Сәулелі аурулардың түрі мен клиникалық көріністері байланысты:

  1. сәулелену түріне
  2. дозасына
  3. уақытқа байланысты бөлінуі
  4. барлығы дұрыс
  5. дұрыс жауабы жоқ

 

  1. Сәулелі аурулардың барлық түрлеріне жалпылай тән:
  2. ОНЖ зақымдануы
  3. Қан түзу және қан айналымның бұзылуы
  4. АІЖ бұзылуы
  5. интоксикациялық синдром
  6. жоғарыдағының барі дұрыс

 

  1. Иондаушы қабілеті жоғары:
  2. α – бөлшектер
  3. β – бөлшектер
  4. γ- бөлшекктер
  5. нейтрондар
  6. рентген сәулелері

 

  1. Ағзаға иондаушы сәулелердің әсерінің механизімі:
  2. белсенді радикалдардың түзілуі
  3. теол ферменттерінің сульфгидрил топтарымен байланысы
  4. нуклеопротеид синтезінің бұзылуы
  5. ядролы жасушалардың мутациясы
  6. жоғарыдағылардың барі дұрыс

 

5. Иондаушы сәулелердің арнай әсері барлық жүйелерге әсер етеді, тек:

1. қан түзу жүйесі

2. тері жабындысы

3. жыныс бездері

4. ас ішек

5. нейроэндокриндік жүйе

 

  1. Сүлелі сәулелі ауру ағыцмында ажыратады:
  2. өршу, ремиссия
  3. бастапқы, айқын, терминалды кезеңдері
  4. түзілу, қалыптасу, қортынды кезеңдері
  5. тұрақтану, өршу, жазылу
  6. алғашқы шабуыл, толық және толық емес ремиссиядағы рецидив

 

  1. Сүлелі сәулелі ауру кезөіндегі қанға тән көріністер:
  2. лейкоцитоз, лимфоцитоз
  3. полицитемия
  4. лимфопения, тромбоцитопениямен лейкопения
  5. лейкемиялық құлдраумен бластемия
  6. базафилді эозинофилдік ассоциациямен лейкоцитоз

 

  1. Сүлелі сәулелі аурудың барлық кезеңдерінде кездесетін синдром:
  2. қызба
  3. лимфоаденопатия
  4. интоксикациялық синдром
  5. геморрагиялық синдром
  6. миелопрофилерактивті синдром

 

  1. Сүлелі сәулелі аурудың бастапқы ткезеңі кезіндегі еңбек сараптамасы:
  2. жұмысын жалғастыру, бақылау
  3. жұмыстан босату, жеке дара жұмысқа орналастыру
  4. 1 жылға дейін жұмыстан босату, орташа айлық ақыны сақтап қалу, переквалификация
  5. тұрақты түрдегі жұмыс қабілетінің жоғалту деңгейін анықтау үшін МӘСК жіберу
  6. кәсіптік ауру бойынша мүгедектік

 

  1. Сәулелі аурудың дамуы үшін сыртқы сәулеленудің рұқсат етілетін дозасы асу керек:
  2. 5-10 бэр жылына
  3.  10-15 бэр жылына
  4. 20-30 бэр жылына
  5. 40-50 бэр жылына
  6. 100 бэрден ас жылына
12
скачать работу

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ