Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ипотекалық несие

сие түрінде клиент өзінің тұрғын үйін кепілге қоя алады және 6 ай мерзім ішінде сіз өзіңіздің үйіңізді сатып түскен қаражатты қарыздың жарты бөлігін өтеу суммасы ретінде енгізесіз.Мұнда еңбекақы сомасы
клиенттің несиелік қабілеттілігін дәлелдейді. Бұл несие түрінде айына отбасы кірісінен 45 % төленеді.Себебі клиент қарызды өтеумен қоса өзінің басқа да шығындарын өтеу қажет екендігі ескеріледі.Қазіргі таңда 19000 қазақстандық отбасылар өздерінің тұрғылықты жағдайын АҚ «БТА Ипотека» компаниясының «Квартирный дуплет» несиесі арқылы жақсартты. Республиканың ірі экономикалық орталықтарында Компанияның 14 жергілікті мекемелері жұмыс істеп отыр. Эксперттердің болжамына қарағанда келешектегі 5 жыл аралығында қазақстанды нарықта ипотекалық несиенің көлемі 10 есе артуы мүмкін.

2.2. АҚ «Тұран - Әлем Банкінің» ипотекалық несие түрлері
АҚ «Тұран - Әлем Банкінің» ипотекалық несие бағдарламасы ерекшелігі:
1. Элитті баспанаға, екіншілікті рыноктағы жылжымайтын мүлікке ие болу, тұрғын үй құрылысы үлесінде қатысу, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлікке ие болу мүмкіндігі;
2. Табысты растауды қажет етпейтін несие алу мүмкіндігі;
3. Жан-жақты жағдайлар туғызу.
«Express Ultra» несиелендіру шарттары:
Несие валютасы: АҚШ доллары;
Несие мерзімі: АҚШ долларында 20 жылға дейін;
Несие сомасы: 300000 АҚШ долларына дейін;
Пайыздық мөлшерлеме: жылдық 4,5 пайыздан жоғары;
Несиені қамсыздандыру: «Гарантия» депозиті, депозит сомасы сатып алынатын баспана құнының 15 пайызынан төмен емес, сатып алынатын жылжитын мүлік;
Сақтандыру: өмірді және сатып алынған мүлікті міндетті сақтандыру;
Пайызды есептеу жолы: пайыз бүкіл несие сомасына есептелінеді;
«Standart» несиелендіру шарттары:
Несие валютасы: теңге, АҚШ доллары;
Несие мерзімі: теңгеде 3 жылға дейін,АҚШ долларында 25 жылға дейін;
Несие сомасы: 7500000 теңгег дейін, 300000 АҚШ долларына дейін;
Пайыздық мөлшерлеме: жылдық 13 пайыздан жоғары;
Несиені қамсыздандыру: сатып алынатын жылжымайтын мүлік;
Алғашқы арнаның ең аз сомасы: сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнының 15 пайызынан жоғары;
Сақтандыру: өмірді және сатып алынған мүлікті міндетті сақтандыру;
Пайызды есептеу жолы: аннуитет, негізгі қарыз қалдығына;
«Standart» несиелендіру шарттары бойынша банкке төленетін соманы қалай анықтауға болады?
Несие+сыйақы аннуитетті төлемдермен төленеді.
Аннуитетті төлем дегеніміз – бұл несие мен пайыздар сомасын тең бөліктермен төлеу. Пайыздар тек сіздің өкіміңізде қалған сомаға ғана есептеледі.
• сыйақы ставкасы 13% болған жағдайда, банкке пайыздар түрінде 7,11% төлейсіз;
• сыйақы ставкасы 14% болған жағдайда, банкке пайыздар түрінде 7,68% төлейсіз;
• сыйақы ставкасы 15% болған жағдайда, банкке пайыздар түрінде 8,31% төлейсіз;
Сөйтіп,егер мысалы, 10 жылға жылдық 14%-бен 30000 АҚШ долларына алған болсаңыз, онда сіз банкке 72000 АҚШ долларын емес, тек 55920 АҚШ долларын қайтарасыз.

2.3. «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ ипотекалық несиелендіруді талдау

Несиелік операциялар ХБ АҚ қызметінің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Банк Азиялық Даму Банкі, Еуропаның Қайта құру және даму банкі, Әлемдік банк секілді халықаралық қаржы институттарының несиелік желілерін ойдағыдай игеріп келеді.
Ақшалай түрде несиелер беру ҚХБ АҚ операцияларының негізгі ауқымы келетін қызмет түрінің біріне жатады. Ішкі несиелік саясатына сәйкес банк қарыздарды қарыз алушылардың қаржылық жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу негізінде жүргізеді. ҚХБ АҚ әзірлеген несиелік саясаттың негізгі шарттарына қарыз беру операцияларын жүзеге асыру кезінде тәуекелді төмендету, ссудалық қоржынды оңтайлы бақару және банктің несиелендіру саласындағы қызметінің сттратегиялық бағыттарын белгілеп, оларды кейін практикада қолдану болып табылады. Банктің несиелік саясатымен несиелік қызметтің процедуралары мен аспаптары, сондай-ақ несиелендіру жүзеге асырылатын объективті параметрлер мен стандарттар белгіленді.
Банк заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді (1 жылға дейін уақытқа) және ұзақ мерзімді (1 жылдан астам уақытқа) несиелер береді. Несилік саясатты одан әрі іске асыру шараларын жетілдіру мақсатында, сондай-ақ клиенттік базасын кеңейту мақсатында ҚХБ АҚ қолданыстағы бағдарламаларын дамытып, жаңаларын енгізуді жоспарлауда.
Заңды тұлғаларды несиелендірудің дәстүрлі түрлерімен қатар 2000 жылдан бастап банк тұтынушылық мақсаттарға жеке тұлғаларды несиелендіру жөнінде белсенді жұмыс жүргізеді.
Ссудалық қоржын банктің бүкіл берілген қарыздары – факторинг ретінде берілген ссудалар, лизингтер, несиелер, вексельдерді немесе өзге борышкерлік міндеттемелерді есепке алу, аккредитив шығару және сыныптау жүргізу сәтіне олар бойынша берешек өтелмеген өзге де несиелендіру түрлерімен сыныпталады. Сыныптау ҚХБ АҚ 2005 жылғы 23 мамырдағы № 218 Активтерді сыныптау ережесіне, шартты міндеттемелер мен оларды күмәнді және сенімсіздер қатарына жатқызумен, оларға қарсы провизия (резевтер) құру ережесіне (толықтырулары мен өзгерістері бар) сәйкес жүргізіледі. Берілген қарыздар олардың сапасы бойынша, қарыз алушының заем бойынша төлемдер енгізу мерзімдерін сақтауына, оның қаржылық жағдайына, банктің қарыз алушымен қарым-қатынастарына , несие тарихы, қарыздың қамсыздандырылуы және оның сенімділігі мен өтімділігіне қарай жүргізіледі. Берілетін қарыздар бойынша қамсыздандыру ретінде банк өтімді жылжитын және жылжымайьын мүлік қабылдайды.
Қарызды пайдалану үшін сыйақының шамасы банктік қарыз келісім-шартымен төмендегідей жағдайларды ескере отырып белгіленеді:
1 ) қаржы рыногының коньюнктурасы;
2) банктік қарыздар рыногындағы бәсекелестік деңгейі;
3) тартылған ресурстардың құны;
4) несиелік тәуекелді өтеу үшін және қажетті табыс алу үшін Банк қарызға қызмет көрсету барысында жұмсаған шығындарын,
5) Қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігі.
ҚХБ АҚ әзірленген Несиелік саясатына сәйкес клиенттердің сұранысын барынша қанағаттандыратын саналуан несиелік өнімдер кешенін ұсыну жөніндегі жұмысты жүргізеді.
Банктің аумақтық филиалдық желісін одан әрі дамыту несиелік рыноктің географиясын кеңейтуге, жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік береді.
ҚХБ АҚ жеке тұлғаларды тұтынушылық мақсаттарға несиелендіруін сипаттайтын көрсеткіштерді 1-кестеден көруге болады.
1-кесте. Ипотекалық несиелендіруді сипаттайтын көрсеткіштер.

Тұтынушылық несиелердің түрлері АҚШ долларындағы несие сомасы Несиенің айлардағы мерзімі Орташа есептелген проценттік мөлшерлеме Қамсыздандыру-дың түрі
Ипотека 100000 дейін 240 дейін 11 % Жылжымайтын мүлік

2-кестеге қарағанда, тұтынушылық несиелердің басым бөлігі ипотекалық несиелендіруге келеді.
2-кесте. 2001-2004 жылдары аралығында берілген несиелдердің көлемі, мың теңгеде.
Көрсеткіштер 2001 2002 2003 2004

Берілген несиелердің жалпы сомасы 336116 896034 3570254 5673483
Тұтынушылық несиелердің сомасы, барлығы 128893 306559 3077446 4825179
Оның ішінде:
Ипотекалық несиелендіру 118250 220564 2856414 4563215

Ипотекалық несие тұтынушылық ссудалар көлемінде үлкен орын алады, оны 1 суретте көрсетілген динамика арқылы байқауға болады.


1 сурет – АҚ «ҚХБ» - тің 2001 – 2004 жылғы ипотекалық несиелендіру.


Несиені «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ салынып жатқан пәтерді кепілге алу арқылы береді.
Ең төмен бастапқы жарнаның сомасы – 15 %.
Несиелендірудің мерзімі – 7-ден 15 жылға дейін
Пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 11 %-тен бастап (бастапқы жарнасына қарай).
Қарыз алушы Халық банктің депозитына бастапқы жарнасын аударады, одан кейін барып банк пәтердің 100 проценттік құнына несие береді. Осы сомаға несие бойынша проценттер есептелінеді.
Оның өтінішін қарау үшін және несиені рәсімдеу үшін жеке тұлға табыс етуі тиіс құжаттардың тізбесі төмендегідей:
-үлестік қатысу келісімі;
-қарыз алушының жеке бас куәлігі (төлқұжаты);
-қарыз алушының СТН туралы куәлігі;
Мұндай шарттарды бүгінгі таңда қазақстандық рынокта басқа ешбір
қаржы институты ұсынбайды. Несиені беру туралы шешімді қабылдау үшін банкте 3 күн ғана кетеді. Барлық қажетті құжаттарды (СТН, жеке бас куәлігі және жұбайының мүлікті кепілге қоюға келісімі) жинауға небәрі 3-4 күн керектігін ескерсе, несиені алу үшін сол небәрі ең көп дегенде 4 күн кетеді.
Осыменен жаңа өнімнің керемет сипаттамалары тиылмайды.
Қарыз алушының қалауы бойынша несие табысты растаусыз және жылдық
7 % , яғни нарықтық пайыздан екі есе төмен болып, тұрғын үйдің 100 % сомасында беріледі. Ол үшін банктегі депозитке сатып алынатын пәтер құнының 50 % салып қою қажет. Қарыз алушы өз несиесінің жартысын қайтарған сәттен екінші жартысы автоматты түрде осы депозиттің қаражаты есебінен өтеледі. Және де, мерзімінен бұрын өтеу үшін ешбір айыппұлдар салынбайды.
Банкте несиелендірудің бүкіл мерзіміне әрбір клиентке оның жеке менеджері қызмет көрсетеді деген ереже орнатылған.
Бұл бағдарлама өзіндігінен оңтайлы болғанымен, сондай-ақ ол ипотекалық несиелер рыногындағы несие беру шарттарының либерализациялануының көрсеткіші болып келеді. 2003 жылдың өзінде Елбасы Қаржыгерлер конгресінде банкирлерге тұрғын үй сатып алуға бөлінетін несиелердің шарттарын жеңілдетуге
мүмкіндіктер іздестіру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы жөнінде тағы бір мәрте Елбасының 2004 жылғы Жолдауында да айтылды.
Халық банкінде несиені шапшан рәсімдеу мәселесі ең бірінші орынға қойылған. Азаматтарда қажетті қаражатты алу үшін уақытқа байланысты қи
1234
скачать работу

Ипотекалық несие

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ