Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Иран Ислам Республикасы

div>

Ел экономикасының негізі мұнай және мұнай мен газ өңдеу өнеркәсіптері. Мемл. кірістің 1/3 және экспорттың 90%-ына жуығы осы салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн. т-ға жуық мұнай, 58 млрд. м3 газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да дамыған, бірақ сыртқы экон. байланыстардың нашарлығынан және қаржы жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті құрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тұрғындар үшін бидай, күріш, қант, өсімдік майы, т.б. шеттен (жыл сайын 2 млрд. АҚШ долл-на) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады. Ұлттық байлықтың 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы ауыл шаруашылығынан, қалғаны қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд. АҚШ доллары түседі. Ұлттық табыс 75 млрд. АҚШ доллар көлемінде, жан басына шаққанда — 1250 долл. шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі — жұмыссыздық (3,5 млн. адам). Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен — азық-түлік өнімдері (30%), машина, құрал-жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, араб елдері, Түркия, Қазақстанмен дипломатиялық және экономикалық байланыс 1992 ж. орнады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев екі рет (1992; 1996) Иранда болып қайтты. Сол кезегінде Иран басшылары да (1993 ж. А.Хашеми Рафсанджани, 1998 ж. М.Хатами) Қазақстанда болды. Екі жақ арасында 40-қа жуық келісімдерге қол қойылған, соның ішінде ең маңыздылары мұнай мен газды Иран арқылы шетке шығару, жаңа астанадағы құрылысқа Иран жағының қатысуы, Каспий тенізі мәртебесін шешу, т.б. мәселелер. 2002 ж. Алматы — Тегеран бағытында темір жол байланысы орнатылды.

Әдебиеті

Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі тобына жататын халықтар (парсы, тәжік, ауған, күрд, т.б.) мен түркі тілінде сөйлейтін (өзбек, түрікмен, әзербайжан, түрік) халықтардың әдебиеті арқылы қалыптасты. Иран әдебиетінің классикалық дәуірін (7 — 16 ғасырлар) парсы не парсы-тәжік әдебиеті деп атанды. Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты басып алған соң (7 ғасыр), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы тіліндегі құнды шығармалар араб тіліне аударылды (“Қалила мен Димна”, т.б.). Парсы тіліндегі әдебиет, әсіресе, Рудаки (860 — 941) тұсында толық қалыптасты, кейін Фирдауси (940 — 1020 ж.ш.) “Шаһнама” эпопеясын жазды. Көрнекті ақын әрі ғалым Омар Хайям (1048 ж. ш. т. — 1122 жылдан кейін) сол заманның әлеум. болмысын жырлады. Әзербайжан ақыны Низамидің (1141 —1209) “Бестік” (“Хамса”) атты шығармасы жазылған кезден бастап Иран әдебиетінде адамгершілік тақырыбы өріс алды. Иран әдебиетінің гүлденген кезі — 13 — 14 ғасырлар. Бұл кезде Закани, ибн-Ямин, Сағди, Хафиз сияқты атақты ақындар шықты. Иран революциясы (1905 — 11) және азаматтық қозғалыс (1918 — 21) кезінде А.Фарахани, М.Кермани, М.Т. Бехар, т.б. ақындар демокр. идеяның жыршысы болды. Бұл кезде С.Хедаяттың “Қаңғыбас төбет” (1943), “Азғындық” (1944) әңгімелер жинақтары мен “Хаджи аға” повесі (1945), Б.Алевидің “Елу үш” (1942), “Түрме жазбалары” (1941) сияқты түнек жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Ирандағы әлеуметтік проблемаларды көрсеткен Ускуидің “Періште жылағанда” (1963), Саркоштың “Көз жасының зары” (1965), А.М. Афганидің “Аху-ханумның күйеуі” (1962), т.б. роман-повестері жарияланды. Иран әдебиетінен “Парсы ертегілері” (1958), Омар Хайям рубаилары (1965), Сағдидың “Бустан” дастаны (1970), т.б. қазақ тіліне аударылды.

Өнері

Иран территориясында неолит дәуіріне жататын, қабырғалары өрнектелген егіншілік құрылыстары, адам және жануарлар бейнелері, әшекейлі қыш ыдыстар (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Хұзыстан, Курдстан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған, асыл металдан жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді. Иран жерінде сақтар тарихына қатысты мәдени ескерткіштер де мол сақталған (қ. Бехистун сына жазуы, т.б.). Сасани әулеті дәуірінде (3 — 7 ғасырлар) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды (мыс., Нишапур қаласы шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау, жартастарға рельеф қашау елеулі орын алды. Алтын, күміс, қола және әйнектен әр түрлі бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ғасырда арабтардың ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы мешіттер, медреселер, күмбездер пайда болды. 1305 — 13 ж. осы дәуірдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Ольджейту-Ходабенде кесенесі (сәулетші Әли шаї) тұрғызылды. 14 ғасырдан кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет салу дамыды. 15 ғасырда Иран миниатюрасының өркендеуіне Герат мектебі үлкен әсер етті. 16 — 17 ғасырларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан (Риза Аббаси, т.б.) мектептері миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді. 18 — 19 ғасырларда еур. өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған алғашқы туындылар өмірге келді. 20 ғасырда жаңа типті архитектуралық құрылыстар салына бастады. Иранның жаңа архитектуралық мұралары қазіргі стиль мен ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған. 20 ғасырдың басынан мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Сән және қосалқы өнердің дәстүрлі түрлері сақталған. Кәсіби және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар. Иран музыкасы, негізінен, монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі. Халық музыкасының теснифа (баллада), теране (жергілікті әуен), қасида (ода), ғазел (лирикалық ән) түрлері көп тараған. Музыкалық аспаптары: саз, тар (ішекті), кеманча (әшекті-ысқылы), керней, зурна (үрлемелі), зарб (соқпалы). Арабтар жаулап алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб мәдениетінің ықпалы тиді. 9 ғасырдан бастап сарай өнері дамып, халық арасында мутребтердің (әнші-бишілер) даңқы жойылды. 19 ғасырдың 2-жартысынан Иран музыкасына еур. муз мәдениеті әсер етті. 20 ғасырдың 20-жылдары композитор әрі шебер орындаушы, Тегеран университетінің профессоры Әли Наги Уәзири ұлттық музыканы оқып-үйренудің негізін салды, музыкалық теориясынан оқулық жазып, Тегеранда музыкалық мектебін ашты. Иранда Рудаки атынд. Опера және балет театры (1967, Тегеран), Телевизия балет труппасы, филармония (1953), 2 симф. оркестр жұмыс істейді.

Театр өнерінің негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр. Ежелгі базигер театры жайлы деректер сақталған. Пантомима, көлеңке және қуыршақ театрлары болған. 10 ғасырда пайда болған мистерия діни ғұрып шахсей-вахсейдің құрамына енді. 17 — 18 ғасырларда ол трагедиялық мистерия түрлерінің бірі — тазийенің негізін қалады. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін кезбе актерлер — масқарапаздар өнер көрсетіп келді. 1911 — 12 ж. еур. театрлар тәжірибелерін пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 ж. Иранның комедия театры ашылды. Бұл театрларды құруда актер Сейед Әли Нәсірдің еңбегі зор. 1929 жылдан бастап әйел актерлер көріне бастады. 1930 — 40 ж. театр репертуарларынан өңделген Батыс Еуропа драмалары мен мелодрамалар орын алды. 1940 жылдан Иран театры дағдарысқа ұшырады, 1960 жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті. 1963 ж. Тегеранда кәсіби актерлер дайындайтын драм. студия ашылды. Тегеранда “25-шахривар”, “Касра”, “Нәсір”, “Жамейе Барбод”, Мешхедте Ұлттық театр, Исфаһанда “Сепахан”, Хамаданда “Були” театрлары жұмыс істеді. 1968 жылдан бастап Ширазда театр фестивалы өткізіліп тұрды. 1973 ж. осы фестивальға Қазақ драма театрының труппасы қатысып, Ш.Айтматовтың “Ана — Жер-ана” спектаклін көрсетті. 1930 ж. тұңғыш “Әб аби” атты фарстық фильм (реж. Эханиян), 1934 ж. дыбысты “Лор қызы” фильмі (реж. А.Х. Сепента) түсірілді. 20 ғасырдың 40-жылдарына дейін, көбінесе, шетелдік фильмдер көрсетіліп келді. 1946 ж. Тегеранда “Митра-фильм” киностудиясы құрылды. 1960 — 1970 ж. музыкалық комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге құрылған фильмдер қойылды. Тегеранда 1955 жылдан халықар., 1970 жылдан ұлттық кинофестивальдер өткізіліп тұрады. Иран кинематографиясының дамуына реж. И.Кушан, М.Мисагие, Мохтасем, М.Мохсени, С.Ясеми, Ш.Рафия елеулі үлес қосты.

Иран 30 останға бөлінеді:

  1. Tегеран
  2. Құм
  3. Маркази
  4. Қазвин
  5. Гилан
  6. Ардабил
  7. Занчан
  8. Шығыс Әзірбайжан
  9. Батыс Әзірбайжан
  10. Күрдістан
  11. Һамадан
  12. Керманшаһ
  13. Илам
  14. Лұрстан
  15. Хузистан
  1. Чахормақал ва Бахтиёри
  2. Кугилуя у Буйир-аҳмад
  3. Бушеһр
  4. Парс
  5. Құрмұзған
  6. Сейістан у Белуджстан
  7. Керман
  8. Язд
  9. Исфаған
  10. Симнон
  11. Мазандаран
  12. Гүлстан
  13. Солтүстік Қорасан
  14. Ризауи Қорасан
  15. Оңтүстік Қорасан

Сiлтемелер

  1. h
    123
    скачать работу

    Иран Ислам Республикасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ