Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Исаак Ильич Левитан. Өмірі мен өнері



 Другие рефераты
Абай Құнанбаевтың құқықтық және саяси көзқарастары Абай Құнанбаев / 45 қара сөз Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. Мектепте дастан оқыту мәселесі. Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі

Левитан Исаак Ильич – Ресей империясының ұлы суретшісі, XIX ғасырдың символизм және модерн жанрындағы қылқалам шебері, дарынды кескіндемеші.  Ол 1860 жылы Литваның Кибарты деген шағын қалашығында дүниеге келген, қаншама атағы шыққан даңқты суреттердің авторы. Исаактың суретші болып қалыптасуына суретші туған ағасының ықпалы көп тиді. Ол Исаакты этюд салар кезде қасынан тастамай, көркем сурет көрмелеріне ертіп, өзімен бірге ала кететін. Исаак 13 жасқа толғанда Кескіндеме, мүсін және сәулет училищесіне қабылданады. Ол 18 жасынан бастап өз суреттерін көрмеге қоя бастады. Көп ұзамай елдің назарын өзіне аударды. Көбінесе Мәскеуде тұрды. Останкинода, Мәскеу және Тверь губернияларында, Қырымда, Еділ жағалауында жұмыс істеді.
Левитан 1900 жылдың 22 шілдесінде қайтыс болды. Ол бар-жоғы қырық жыл өмір сүрді. Шығармаларына үңілсеңіз, суретшінің туған өлкенің қарапайым сұлулығын ашып, көрсете білген шеберлігіне тәнті боласыз. Бізде Алматы қаласы атқару комитетінің 27.11.1957 жылғы №26 шешімінің негізінде әсем қала Алматыда бір көшеге Исаак Ильич Левитанның есімі берілген.
Табиғаттың шексіз ғажап әртүрлі күннің шуағы, қоршаған орта таусылмас түсінің адамға, оның шақыратын әсерін бейнелеу өнерінде пейзаж деп аталатын жанр түрін пайда болғызды. Оқушыны өмірге үйрету үшін тек қана бір жақты білім мен тәрбие беріп қоймай, сонымен қатар, оның жеке қабілетін дамытып, жаңа бір нәрсе ойлап табуға, әдемілік заңдарымен өмір сүруге үйрету керек. Бұл тақырыптағы кескіндемені түсі бір рең бере алатын нәрселердің

бәрімен жазуға болады. Суретшілер қауымы өз талғамын білдіріп, өнер қайраткерлері сол кездегі тіршілікпен демалып, өз жұмыстарын іздеген, ал суретші жыраулар сияқты болашаққа да жорық, жаңалыққа ұмтылуы, күресуі керек. «Суретші» — «суретші емес, ол әрдайым табиғат аясында палитрасымен шырқалса, тіршіліктің мұң – мұқтажын жырламаса, жақтамаса» …. алау, авангардизм, жұмбағымен тіршілікті аңсауы керек.

Пейзаждың тамаша шебері И.Левитанның атын естімеген адам кемде-кем шығар. Ол ұзақ уақыт бойы Мәскеу түбі, Еділ бойы, Тверб губерниясы ормандарын кезіп жүреді екен, кейін сонда көрген шоқ тоғайларды, көктемгі қара суға белшеден батып тұрған балапан қайыңдарды, өзеншенің үстінен ирелеңдеп өтіп жатқан тақтай өткелді, баурайынан қар кете қоймаған жайпауыт жыраларды дәл сол қалпында кенеп бетіне көшіреді екен.

Ол сұрғылт тұман бүріккен бұлыңғыр күндері, көк жүзін перделеген будақ-будақ бұлттарды да, күздің күнгі оттай жанған алау жапырақтарды сүйсіне бейнелейтін.

Бірде нұрлы, бірде мұңды Левитанның пейзаждары тек табиғат сұлулығын ғана емес, суретшінің жан-сырын да паш етіп тұрғандай.
Левитанның Орта орыс алқабының табиғатын мейлінше шынайы, мейлінше дәл жеткізгені сондай, қазір жұрт балауса орманға, не гүл жайнаған көк шалғынға көзі түссе: «Мынау тап Левитанның картинасынан аумайды», -екен дейді.

И.И.Левитан – В.Д.Поленовтың шәкірті – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс пейзажды кескіндемесінің ірі өкілі. Өзіндей суретші Саврасовтың лирикалық пейзажды линиясын жалғастыра отырып, Левитан табиғатты бейнелеу өнерінде жоғары жетістіктерге жетті. Оның еңбектері: «Мостик.Саввинская свобода» (1884ж), «Свежий ветер.Волга» (1895ж), «Золотая осень» атты көптеген атағы шыққан шығармалары.

Осындай атақты да ұлы суретшілер табиғаттың шексіз ғажап әртүрлі күннің шуағы, қоршаған орта таусылмас түсінігінің адамға, оның сыйлайтын әсерін бейнелеу өнерінде пейзаж деп аталатын жанр түрін пайда болғызды. Оқушыны өмірге үйрету үшін тек қана бір жақты білім мен тәрбие беріп қоймай, сонымен қатар, оның жеке қабілетін дамытып, жаңа бір нәрсе ойлап табуға, әдістемелік заңдарымен өмір сүруге үйретіп, талпынттыру керек. «Суретші» — «суретші емес, ол әрдайым табиғат аясында палитрасымен шырқалса, тіршіліктің мұң-мұқтажын жырламаса, жырламаса, жақтамаса»… алау, авангардизм, жұмбағымен тіршілікті аңсауы керек.
Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар, мәселен И.Левитанның шығармалары сияқты өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелейді, енді біреулері сурешілердің өздерінің қиялдарынан туындап отырады. Ондай шығармалардың қай-қайсысын да суретшілер табиғатының мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

скачать работу


 Другие рефераты
Экономикалық ғылым жүйесіндегі бухгалтерлік есептің орны
Понятие электронных денег, их использование и перспективы
Халықаралық несие
Политическая философия Макиавелли


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ